Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сай ысқа
Қызылорда облысы Арал ауданы
№262 мектеп-гимназия 6 «а» сынып
оқушысы Нұртайұлы Нұрқұт
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған сайысқа
Есірткіге құмартпа
Көкірегіңе иман сеуіп Тәңір сені жаратты,
Адам ата Хауа анадан пенде қылып таратты.
Жер-мекенің, табиғатың -қорегің,
Хайуаннан артық етіп саналыға санапты.
Адамзат деп айдар тағып ат берген,
Ібілістен биігірек, төрден орын тақ берген.
Сен беріксің тамырыңда ақыл қаны қайнаған,
Сен биіксің, орының бар қақ төрде.
Тарих сені тектілерге санайды,
Ер Түріктей ер ұлына балайды.
Шат-шадыман тәуелсіз ұл-қызының
Ертеңіне үмітпенен қарайды.
Болмасын деп болшағы бұлыңғыр,
Тәрбиені тал бесіктен береді.
Өмір-мұзда тайып кетсе табаны,
Ата-анасы құсалыққа көнеді.
Ар азабын тарттырғанша атаңа,
Ана сүтін ақтарғанша далаға,
Бой алдырма жат қылыққа, бауырлар,
Тәубә қылып шүкірлік қыл Аллаға!
Есіңді алған есірткіге құмартпа,
Жас ғұмырды құздан төмен құлатпа.
Бір-ақ рет сыйға тартқан өмірді
Сала көрме сан сұраққа, сынаққа.
Адам боп қал АДАМ атын алған соң,
Қыран қонған тұғырыңда тұрақта!
Нұртайұлы Нұрқұт
Жалбарынып сұрайын…
Алла бізді жаратқан соң адам қып,
Саулығыңды сақтап жүрер аман қып.
Ар-иманнан алыс кетсе адамдар,
Жан-дүниеңді жаулап алар надандық.
Надандықтың жолы қисық жалғанда,
Бұрыс жолды көрсетеді адамға.
Сан ұрпаққа сан соқтырған есірткі,
Жаулап жатыр жас ұрпақты, заманды.
Құрығына іліккенде азарсың,
Тәңірге де жазықты боп жазарсың.
Бойды сақта жат әдеттен, бауырлар,
Жан мен тәнің жақсы әдеппен тазарсын.
Абайламай қолыңды оған созарсың,
Аздан соң-ақ азғындықпен тозарсың.
Ащы айтам ашынғаннан заманға
Ақ жүрегім хақ сөйлесе-жаман ба?!
Нашақор деп,парақор һәм жемқор деп,
Озған елдер айыптаса амал не?..
Ел байлығы-кен байлығың емес пе
Кетіп жатса шек қоятын шамам не?..
Азу-тозу ұлтты салар азапқа,
Ұлтың азса айналарсың мазаққа,
Қазақ деген – өр халықтың ұрпағы,
Өз күніңді өзің салма тозаққа.
Қанмен қорғап қастер тұтқан жерімді
Азғындықтың ауылынан аласта.
Тектілігін жоғалтпасын қазағым,
О,Тәңірім, жалбарынып сұрайын,
Есірткіні біздің елге жолатпа!!!
Нұртайұлы Нұрқұт
