Сүйікті Балқашым
Мектепке дейінгі мекеме «Күншуақ» КМҚК-ның
әдіскер- тәрбиеші Абенова Аселя Ормановна
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
(Ересектер тобы)
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»
Бөлімі:«Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Сүйікті Балқашым»
Мақсаты: Балалардың рухани – моральдық құндылық қасиеттерін қалыптастыру. Туған жеріне, туған қаласына деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: Балқаш қаласының көрікті жерлері туралы, көше атауы, ғимараттар мен ескерткіштері, Балқаш көлі жайлы мәліметтерін толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың топпен жұмыс жасау дағдыларын,сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
