Мамандығым-мақтанышым. Еркін сөз байқауына

Досжан Тоқтарұлы
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Н.Әлімқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп» дефектолог маманы

Алматыға бару үшін таксиге отырдым. Қасымда отырған кісі аман сұрасқаннан кейін мамандығымды сұрады. Менің мамандығым дефектолог екенін, ол мамандардың жұмысы жайында түсіндіріп бердім. Қасымдағы жолаушы сенің мамандығың бір түрлі мамандық екен иә? -деп сұрақ қойды. Мен қасымдағы жолаушыдан мұндай таңырқау күтпеген едім. Тек ішімнен мырс етіп, күлдім де қойдым. Себебі әлгі кісінің біздің мамандық туралы білімі таяз еді. Жалпы дефектолог маманы болу – дүние қуып, байлық жинайтындардың араласатын жұмысы емес. Асқан адамгершілікпен, ыстық жүрекпен, мейірімділікпен атқарылатын сауапты да жауапты іс.
Тастанда берік төзім, асқан жауапкершілікті, үнемі ізденісті, шымдамдылықты ,қайсарлықты талап ететін мамандық. Жалпы қазіргі қоғамда адамдар осы дефектология мамандығы туралы жақсы біле бермейді.Біздің елімізде ерекше қажеттілігі бар, яғни тіл кемістігі бар, көз жанарынан айырылған, аутизмге шалдыққан, зияты зақымдалған балаларға деген қоғамда өрескел көзқарас қалыптасқан. Міне осындай балаларды қоғамға бейімдеп, оларға үміт сыйлап, оларды оқытып, тәрбиелеумен айналысатын осы дефектолог мамандар. Бұл мамандықтың жақсы білу үшін Абайша айтсақ, ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұстап, көңілді кірлетпей, пайда ойламай ар ойлап, үнемі білуге, балаға қуаныш сыйлауға талап қылған жөн. Дефектолог болып қызмет атқару қоғамның жүктеген міндеті ғана емес, Алланың сыйлаған үлкен нығметі . Себебі ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау ол Алланы ешқашан ұмыттырмайды. Күнделікті осындай балалармен жұмыс жасау үстінде Алланың он екі мүшеңді сау қылып өмірге әкелгеніне сансыз шүкіршілік айтып, тәубәға келесің. Сондықтан да мен өз басым дефектология мамандығын бір түрлі емес мың сырлы мамандық деп айта аламын. Бір сөзбен айтқанда дефектологтар жасаған жақсылықтарына алғыс айтуды күтпейтін, алдымен жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленетін маман иелері. Бұл Алланың сыйлаған кәсібі.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше