Қазақ батыры:-«Қабанбай батыр»
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«№2 Арнайы жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(түзету мектебі)
тарих пәні мұғалімі
Маширова Назым Есбергеновна
Сабақтың тақырыбы: Қазақ батыры:-«Қабанбай батыр»
«Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса, ақыны шығарар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «Қазақ батыры»-Қабанбай батыр туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйінеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді әңгімелеуге; ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, сөйлесу іздендіру, дәлелдеу.
Көрнекілік материал: Батырлардың портреттері, қима қағаздар, сөз жұмбақ,
тірек –сызба, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.
Психологиялық дайындық: Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Жақсы оқу керек,
Бір-бірімізбен дос болайық,
Денсаулығымыз жақсы болсын,
Әрқашан жақсылық болсы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Қазақ билері» туралы оқу, түсінігін айту.
-Оқулықтан барлық оқушыларға екі-үш жолдан оқытып шығу. Билердің өмірбаянын 3-4 оқушыдан сұрау.
-Үй тапсырмасын бекіту. Сұрақ-жауап.
1. Төле би қай жерде дүниеге келген?
2. Ол қандай жүздің биі болған?
3. Қазбек би қай жерде дүниеге келген?
4. Қазбек би елге неше жасынан танылды?
5. Әйтеке би қай жүзден шыққан би?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Мұғалім сөзі
-Балалар, бүгінгі сабақ «Қазақ батыры»-Қабанбай батыр.
-Қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды?
-Қандай Отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Ой шақыру. «Қазақ батырлары» тірек-сызба арқылы жұмыс.
Қазақ батырлары
Қабанбай Бөгенбай Райымбек Наурызбай
батыр батыр батыр батыр
-Батырлардың өмірінен қысқаша түсінік беру.
Қазақ халқы өз басынан талай тартыс, ауыр күндерді кешті. VІІ-Х ғасырларда араб, парсылпрмен, ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шыңғысханмен, ХVІ-ХVІІІ ғасырларда жоңғарлар шабуылы-осының дәлелі. Жоңғарлармен соғы-қазақ тарихындағы өте қиянкести соғыстардың бірі болды. Соғыстарда ерлігімен көзге түскен батырларын халық ешқашан ұмытпаған.
Қабанбай батыр
XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Қабанбайдың шын аты Ерасыл екен. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Сөйтіп, он бес жасында соғысқа араласқан бала батыр Қабанбай, отыз жасқа келгенде бүкіл үш жүздің ұранына айналды. Осыдан кейін ол 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанады. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.
1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады.
Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.
Қабанбай батыр есімі ел есінде сақталған. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында, Жарбұлақ ауданында, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына Қабанбай есімі берілген. Алматы облысының Алакөл ауданының орталығындағы Үшарал қаласында батырға ескерткіш орнатылған.
ІV. Оқулықпен жұмыс:
– мәтінді оқушыларға кезек-кезек оқытамын
-мәтін бойынша сұрақ-жауап
-түсінгендерін сұрау
V. «Ой қозғау». «Қабанбай батыр туралы не білдіңдер?»
Қабанбай батыр
(1691-1767)
Шын аты Ерасыл
15 жасында соғысқа араласты,
30 жасында үш жүздің ұранына айналды,
103 рет жоңғарларға қарсы соғысқа қатысты.
VІ. «Білгіштер» ойыны. Сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды оқушыларға таратып беру. Жауаптарын күту.
1. Қазақ батырлары немен шұғылданған?
2. Қазақ батырларының қандай міндеттері болған?
3. Қабанбайды ел қалай атаған?
4.Қабанбайға қандай батыр атағын берген?
VII. Дәптермен жұмыс:
І. Тапсырма. Шешуін тап.
Қазақ жеріне
1. Араб парсылар-VІІ-Х ғасырларда.
2. Шыңғыс хан-ХІІ-ХІІІ ғасырларда.
3. Жоңғарлар-ХVІ-ХVІІІ ғасырларда.
Қай ғасырда шабуыл жасаған?
ІІ. Тапсырма. Кестені толтыр.
| Аты-жөні | Олардың ерлігі туралы не білесің |
| Қабанбай |
VIII. Қорытынды:
-Бүгін сабақта біз не білдік?
-Сөз жұмбақ шешу. «Қабанбай»
-Сабақты батыр туралы өлең жолымен аяқтау.
Күресінде азаттық.
Туы астында АбылБатырлары қазақтың:
Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай,
Шақшақұлы Жәнібек
Айқасқаны аянбай!
ІХ. Үйге тапсырма: Қабанбай туралы өлеңді жаттап келу, мазмұндау.
Х. Бағалау.
| Қ | О | Ж | А | Ғ | Ұ | Л |
| Е | Р | А | С | Ы | Л |
| Х | А | Н | Б | А | Т | Ы | Р |
| Д | А | Р | А | Б | О | З | |
| Е | С | Е | Н | Б | А | Й | |
| Қ | А | Р | А | Б | Е | К | |
| А | Я | Г | О | З |
| Н | А | Й | М | А | Н |
1. Қабанбайдың әкесінің аты?
2. Қабанбайдың шын аты кім?
3. Қабанбайға халық қандай атақ берді?
4. Ақбоз атпен жауға топ жарып, жауға шапқаны үшін кім атанды?
5. Қабанбайдың ағасы кім еді?
6. Қабанбай жекпе-жекте кімді өлтірді?
7. 1717 жылы қандай шайқаста көзге түсті?
8. Қабанбай қай тайпадан шыққан батыр?
