1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, себептері мен салд ары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«№2 Арнайы жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(түзету мектебі)
тарих пәні мұғалімі
Маширова Назым Есбергеновна
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, себептері мен салдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйінеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді әңгімелеуге; ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тәуелсіздікті қастерлеуге, өз елінің белсенді азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ – жауап, талдау,дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта,оқулық,суреттер,буклеттер.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру: Балаларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.
Психологиялық дайындық: Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Жақсы оқу керек,
Бір-бірімізбен дос болайық,
Денсаулығымыз жақсы болсын,
Әрқашан жақсылық болсы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-VІІ тарау бойынша қайталау сұрақтары.
1.Ақмола оқиғасы туралы ким айтады?
2.1960-1969 жылдары КСРО мен Қытай мемлекетінің қарым-қатынасы және осы жылдары Қазақстанға қатысты қандай оқиғалар болды?
3. Картаға қарап Қазақстан экологиясы туралы өз пікірін кім айтып береді?
4. «Невада-Семей» қозғалысының мақсаты қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1980 жылдардың басында КСРО-ның барлық республикаларында ауыр жағдай қалыптасты. Халықтың тұрмыс деңгейі нашарлап, ұлтаралық қатынастар шиеленісті. 1985 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1986жылы ақпан-наурыз айларында Қазақстан коммунистік партиясы ХVІ съезі болды. Съезде кемшіліктер айтылып Д.А.Қонаевқа сын айтылды. Қазақстан басшыларының көз алдында Арал суы құрғап,қазақ тілі тек тұрмыста қолданатын тілге айналды. Семей және басқа полигондарда үздіксіз жарылыстар жүогізілді. Парақорлық,маскүнемдік өріс алды. 1979жылы Ақмола оқиғасы елеусіз қалып, көпшіліктен жасырылды.
Ал, мына оқиға тіпті қазақ халқының намысына тиді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумы өтті, ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.
Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.Шын мәнінде бұл ешқандай сайлау емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді. 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.
Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа – өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.
Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.
Салдары:Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғады.
– 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;
– 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;
– 271 студент оқудан шығарылды;
– ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;
– 1720 адам жарақат алды;
2.Ой шақыру. «Желтоқсан құрбандары» Тірек-сызба арқылы жұмыс.
Желтоқсан құрбандары
Қайрат Лаззат Сабира Ербол
Рысқұлбеков Асанова Мұхамеджанова Сыпатаев
Қайрат Рысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.Ол желтоқсан оқиғасы кезінде 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курс студенті еді.
Лаззат Асанова – 1970жылы 27-ші шілде де Алматы облысы,Панфилов ауданы,Ақжазық ауылында дүниеге келді. 1985 жылы Алматы қаласындағы, Чайковский атындағы музыка училищесінің скрипкашы класының студенті болатын.
Сабира Мұхамеджанова – 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемендегі оқу орнының студенті болған.
Ербол Сыпатаев – 1964 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданының, Әулие ағаш ауылында дүниге келген.1986 жылы Алматы энергетикалық институтының студенті болған.
ІV.Оқулықпен жұмыс:
– мәтінді оқушыларға кезек-кезек оқытамын;
– мәтін бойынша сұрақ-жауап;
– түсінгендерін сұрау;
V.«Желтоқсан желі»әнін тыңдатып,вдеосын көрсету.
VІ. «Білгіштер» ойыны.Қоржында сұрақтар берілген. Сол сұрақтарды оқушыларға таратып беру.Жауаптарын күту.
1.1980 жылдарда қандай жағдай туындады?
2.1954-1986 жылдар аралығында қандай жағдайлар қалыптасты?
3.Желтоқсан оқиғасы нешінші жылы болды?
4. Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды?
5.Оқиғаға қатысқандарға қарсы қандай істер қозғалды?
6. Желтоқсан құрбандарын ата.
VII. Дәптермен жұмыс: (жұмыс дәптерімен) Кестені толтыру.
І.Тапсырма: 80 жылдардың басында КСРО-да, республикаларда қоғамның барлық саласында қандай жағдайлар қайшылықтарды шиеленістірді?
ІІ.Тапсырма: 1985 жылы наурызда К.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысына кім сайланды?
VIII. Қорытынды:
-Бүгін сабақта біз не білдік?
Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсіздік таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт шеруге шықты.
– Д.Қонаев Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.
– М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.
– 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.
– Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.
Желтоқсан оқиғасынан кейінгі жылдар біздерге көптеген өзгерістер әкелді.
Міне,оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадар кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.
1992 жылы 4 маусымда ТУ; ЕЛТАҢБА; ГИМН қабылданды.
1992 жылы 22 қырқүйекте – Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының астаснасы – Астана қаласы болды.
Сабақты «Тәуелсіздік» өлең жолдарымен аяқтаймыз.
Еңіреген талай бабам ел деген,
Тәуелсіздік бізге оңай келмеген.
Үлесі бар онда сансыз ерлердің,
Өр намысын жауға қолдан бермеген.
Орындалып ата-баба арианы,
Азат қыран көгімізде самғады.
Оған куә табыс толы әр жылы,
Әр сәтінің ғасырға тең салмағы.
Татулықты ұран қылып күнде біз.
Берекемен берік болды іргеміз.
Халқымызды күллі әлемге танытқан,
Елбасымен қашандағы біргеміз.
Ашық болсын қазағымның аспаны,
Биіктесін мәртебесі-асқары.
Көк байрағы мәңгі тулап көгінде,
Ел намысын қорғап жүрсін жастары.
ІХ.Үйге тапсырма: 70-71беттер.Оқып, мазмұнын айту.
Х.Мадақтау, бағалау.
