Арайлы Алтын күз!
Тулегенова Р.К.
Амирғазы Н.Қ.
«Жұпар» балабақшасы
«Арайлы Алтын күз!»
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез .Табиғат-ана өзіндік бір әсем күйге енетін алтын күздің екінші айы да өз дәуірін орталап қалды. Айнала түгел алтын зерлі жіппен кестелегендей көркем әрі қайталанбас сұлу қалыпқа енді.Бұл мезгіл Аманкелдінің көркіне сабыр мен тыныштық ұялатқандай. Бұрынғыдай абыр-сабыр, қым-қуыт тіршілік байқалмайды.Бірақ бұл өмір атаулы күз келгенде тоқтап қалады деген сөз емес.
Тек тіршілік сахнасында сарылтып келетін сағыныш-күзде барлық үдеріс атаулы аз ғана тағат тауып, дамылдайтын сияқты. Жалпы күз мезгілі маған ұнайды.Табиғаттың ғажайып күйі ақын атаулының шабытына шырақ жағады. Дала суық. Сұрықсыз аспан да көз жасын жиі төгіп жүр. Тек табиғаттың кеудесіндегі салқындық адамдардың көңіліндегі жылылықты сөндірмесе екен.
Ал біздің «Жұпар» балабақшасының «Бүлдіршін» тобында «Арайлы Алтын күз!» атты тәрбие сағатымыз болып өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.балалардың күз туралы түсінігін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Балалар тәрбие сағаты барысында күздің сыйы жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар мен әндерін айтты. «Жемістерді жина», «Гүлді орналастыр», «Көкөністер мен жемістер» атты дидактикалық ойынды өз дәрежесінде ойнады. Балалар ата – аналармен бірігіп күз сыйы жемістер мен көкөністерден түрлі фигуралар, пішіндерді өз қолдарымен жасап таныстырды. Бұл іс – шара ата – аналарымызбен бірігіп өте жақсы деңгейде өтті.
Тулегенова Р.К.
Амирғазы Н.Қ.
«Жұпар» балабақшасы
