"Ekiбастұз қаласы. Семинар материалдары", Жаңа сабақтар

Сандық ресурсты (зертхананы) химия сабағында қолдану

Акишева Алия Хусайновна

жоғары санатты химия және биология пәні мұғалімі

№ 36 мектеп лицейі Екібастұз қаласы Павлодар облысы

«Күрделі эфирлер», «Майлар», «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» тақырыбын қорытындылау мақсатында «Синтетикалық жуғыш заттарды тұрмыста қолдану» атты зертханалық жұмыс жүргізу.

Зертханалық жұмысқа дайындық

Оқушыларға сабаққа бір күн қалғанда зертханалық жұмыстың тақырыбы және жоспары беріледі.

Зертханалық жұмыс

«Синтетикалық жуғыш заттарды тұрмыста қолдану»

Жоспары

  1. СЖЗ физикалық қасиетін анықтау (ерітінді дайындап, сол ерітіндідегі СЖЗ иісін және иіс ұзақтығын анықтау)
  2. Көпіру биіктігін өлшеу
  3. Ерітіндідегі жуғыш заттардың РН – ын анықтау
  4. Индикатормен қандай орта екендігін дәлелдеу

Синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ):

а) СЖЗ «Тайд»

б) СЖЗ «Ариэль»

в) СЖЗ «Миф

г) СЖЗ «Ушастый нянь»

5. Теориялық сұрақтарға жауап беру:

а) Кір жуғанда ерітіндіде қандай процесс жүреді?

б) Ерітіндіде қандай орта болады?

в) Беттік белсенді затты (ББЗ) қалай түсінесің?

г) Не себепті СЖЗ қоршаған ортаға зиянды?

д) Сендердің отбасыларыңда қандай СЖЗ пайдаланасыңдар?

Оқушылар отыратын әр столда зертханалық жұмыстың жүру барысы болады

«Күрделі эфирлер», «Майлар», «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар»

Мақсаты мен міндеттері:

  1. «Күрделі эфирлер», «Майлар», «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар»тақырыбынан алған білімдерін қорытындылау және бекіту.
  2. Химиялық заттармен жұмыс істеу біліктілігін одан әрі қалыптастыру.
  3. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Зертханалық жұмысқа керекті құрал-жабдықтар:

  1. Таза су құйылған ыдыс;
  2. 50 мл ерітінді «Тайд», «Ариэль», «Миф», «Ушастый нянь» СЖЗ
  3. Температуралық көрсеткіш;
  4. РН көрсеткіш;
  5. Көрсеткіші бар компьютерді сабаққа дейін дайындау.
  6. Химиялық стақан;
  7. Шыны таяқша;
  8. Индикатор;

Сабақ барысы:

Сабақтың І бөлімінде қорытынды сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтай отырып, оқушылардың «Күрделі эфирлер», «Майлар», «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» атты электрондық презентацияларын көріп, бағалау.

Сабақтың ІІ бөлімінде «Синтетикалық жуғыш заттарды қолдану» атты

зертханалық жұмыстың мақсат пен міндеттерін айқындай отырып,

оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

Зертханалық жұмыс барысы:

  1. Берілген СЖЗ ерітіндісін дайындау ( краннан алынған суға 1 г СЖЗ салып, әбден ерітеміз)
  2. Сол ерітінділердің иісін және иісінің қаншалықты сақталатындығын анықтаймыз
  3. Сол ерітінділердің РН – ын РН көрсеткіші арқылы анықтаймыз
  4. Ерітінділердің ортасын индикатор арқылы табамыз.
  5. Анықталған көрсеткіштерді таблицаға толтырамыз
СЖЗ аттары РН көрсеткіші Көпіршік биіктігі (см)
«Тайд»
«Ариэль»
«Миф»
«Ушастый нянь»
СЖЗ аттары Өзіне тән иісі 5 минуттан кейінгі иісі
«Тайд»
«Ариэль»
«Миф»
«Ушастый нянь»

РН — 8-10 – әлсіз сілтілі орта

РН – 11-14 – күшті сілтілі орта

РН – 7 – бейтарап орта

Қорытынды:

  1. СЖЗ ерітіндісінің қайсысында РН жоғары ( күшті сілтілі орта теріге зиян)
  2. СЖЗ ерітіндісінің қайсысында иісі тұрақсыз болды? (ароматтандырғыштың сапасының төмен болуы)
  3. Осы ерітінділерге металдарды салсақ,олар коррозияға ұшырайды
  4. Осы ерітінділер экожүйедегі су қоймаларына зиянды әсер етеді.
  5. Осы ерітінділермен бөлме өсімдіктерін суарып,тәжірибе жасауға болады
  6. Осы ерітінділерге пісірілген тауық жұмыртқасының белогын салып, І жұма бойы бақыласа, егер жұмыртқа еріп кетсе, онда қиын кетіретін дақтарды кетіреді, ал ерімесе онда дақтарды кетірмейді

.

«Синтетикалық жуғыш заттарды тұрмыста қолдану» атты

зертханалық жұмыстың жоспары

  1. СЖЗ физикалық қасиетін анықтау (химиялық қасықпен бір қасық СЖЗ алып, оны стақанға салып, үстіне су құйып, шыны таяқшамен әбден араластыра отырып, ерітінді дайындау, сол ерітіндідегі СЖЗ иісін және иіс ұзақтығын бес минуттан соң анықтау және көрсеткіштерді таблицаға жазып, толтыру)
  2. Көпіршік биіктігін линейкамен өлшеу
  3. Ерітіндідегі жуғыш заттардың РН – ын анықтау
  4. Индикатормен (фенолфталеин) қандай орта екендігін дәлелдеу

Синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ):

а) СЖЗ «Тайд»

б) СЖЗ «Ариэль»

в) СЖЗ «Миф

г) СЖЗ «Ушастый нянь

СЖЗ аттары Өзіне тән иісі 5 минуттан кейінгі иісі
«Тайд»
«Ариэль»
«Миф»
«Ушастый нянь»
СЖЗ аттары РН көрсеткіші Көпіршік биіктігі (см)
«Тайд»
«Ариэль»
«Миф»
«Ушастый нянь»

РН – 7 – бейтарап орта

РН — 8-10 – әлсіз сілтілі орта

РН – 11-14 – күшті сілтілі орта

ТЕСТ

  1. Сабын органикалық заттардың қай класына жатады?

А.Эфирлер

В. Майлар

С. Карбон қышқылдары

2. Сұйық сабынның қатты сабыннан айырмашылығы?

А. Сұйық сабынның құрамына калий катиондары кіреді

В. Сұйық сабынның құрамына натрий катиондары кіреді

С. Сұйық сабынның құрамына магний катиондары кіреді

3. Сабынның суда ерігіштігі неге байланысты?

А. Құрамындағы металл катиондарына байланысты

В. Құрамындағы жоғары карбон қышқылдарының аниондарына

байланысты

С. Құрамындағы металл атомдарына байланысты

4. Иіс сабынның кір сабыннан айырмашылығы?

А. Сілті қосады

В. Хош иісті заттар қоспайды

С. Хош иісті заттар қосады

5. Сабынды қандай заттардан алады?

А. Жоғары молекулалы карбон қышқылының натрий тұзы + су

В. Жоғары молекулалы карбон қышқылы + натрий гидроксиді

С. Спирт + натрий карбонаты

6. Не себепті СЖЗ кермек суда кірді жақсы ашады?

А. Кальций мен магний тұздары СЖЗ еріп кетеді

В. Кальций мен магний тұздары СЖЗ тұнбаға түседі

С. Кальций мен магний тұздары СЖЗ ештеңе болмайды

7. Кермек су дегеніміз не?

А. Кальций мен магний атомдары су

В. Натрий мен калий иондары бар су

С. Кальций мен магний иондары бар су

8. Табиғи жүннен жасалған киімдерді қандай кір жуғыш ұнтақтармен

жууға болады?

А.СЖЗ – сілтілік орта төмен

В. СЖЗ – сілтілік орта орташа

С. СЖЗ – сілтілік орта жоғары

9. Сабын құрамына кіретін карбон қышқылдары?

А. Құмырсқа және сірке қышқылы

В. Пальмитин және стеарин қышқылы

С. Пропен және акрил қышқылы

10. Қазіргі кезде сабынды неден алады?

А. Өсімдіктен

В. Мұнайдан

С. Көмірсулардан

Жауаптары: 1 – С; 2 – А; 3 – А; 4 – С, 5 – В; 6 – А; 7 – С; 8 – А; 9 – В; 10 – В;

Бағалау:

10-9 – «5»

8-6 – «4»

5-3 – «3»

2-1 – «2»

123.pptx

презентация.ppt

Майлар.pptx

Сабын және Синтетикалық заттар.ppt

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.