Жаңа сабақтар

«Әліппе – білім бастауы»

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Көктас ауылының «Жалпы білім беретін №4 орта мектебінің

базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ

бастауыш сынып мұғалімі Хуатай Айшагүл

Тақырыбы: «Әліппе – білім бастауы».
Тыңда, халқым, ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Бүгінгі мынау заманда
Жер шары деген ғаламда
Балаларға білім беретін,
ХХІ ғасыр аттас
«Мектеп» патшалығы өмір сүріпті.
— Патшалықты өте ақылды, ойлы кеммеңгер Турсынбаев Даниял хан басқарыпты. Ол ханның үш уәзірі болыпты. Біріншісі – мектептің оқу ісін жүргізетін, келбеті әсем келіскен, білімін елмен бөліскен Аманжол Жақыпбекұлы , ал екіншісі – балалардың тәрбиесімен шыңдап айналысқан, халқының қамын ойлаған тәлім –тәрбиеге ерекше көңіл бөлген Қанатбек Амантайұлы мырза екен, ал үшіншісін. Ғылыми жұмысты басқаратын Мадина ханым басқарыпты.Ханның талабы таудай осы өркендеп жатқан елде бірде — бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтерібеймәлім 2050 жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымдымеңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті.
— Ханның кеңесшілер сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті.
«Мектеп» патшалығында іші балаларға толы шағын-шағын бірнеше сарай болыпты. Даниял хан сарай табалдырығын жүрексіне аттап, ішке енуге батылдары бармай тұрған 1-ші сарай балаларын Айша Хуатайқызына тапсырыпты. Айша Хуатайқызы 1-ші қыркүйектен бастап сол сарайдағы 12 баланы алаңсыз білім алсын деп өз бауырына басыпты.
— Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан Әліппе оқулығын тамамдап, Ана тілі оқулығына қол созады. Сөйтіп олар әйбат Әліппелеріне алғыстарын білдіру үшін ұстаздары мен ата-аналарын мерекелік кештеріне шақырыпты. Сіздерді бар ғылымның беташары — Әліппені табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Әліппені аяқтау – барлық әріптердің таңбасын толық тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз.
— Уақыт… Уақыт – жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын білмей қаласың.
— Уақыт – жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 4 ай немесе 2 тоқсан тез-ақ зымырап өте шығыпты. Олай болса осы сарайда не болып жатыр,сарайдағы Әліппемен қоштасу кешіне кезекті берейік!

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар! Ата-аналар! Ұстаздар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Армандасаң да, қиялдасаң дабалалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгінн біздің бүлдіршіндер де өміріне өшпес із қалдырға, әліппемен қоштасқалы отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса , жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 1-жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
2-жүргізуші Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің, Асқар тау, арқа тұтар алтын белім. Әліппемен қоштасу тойымызға, Қош келдің Айналайын халқым менің! 1 жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын, Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың, Халқыма ұрпақ берген, өмір берген, Қош келдің, әкелер мен аналарым!

2-жүргізуші: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып,жазатын халге жетті

Құтты болсын,білімі балалардың!

1-жүргізуші: Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты

Барлық маман мектептен аттанады. 2-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға..
(оқушылар кіреді)
Оқушылар:
Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз. Құрметпенен сіздерге, Бас иеміз біз. 1-жүргізуші:1 «Ә» сыныбы оқушыларының «Әліппе-білім бастауы!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
Міне, бүгін 1-сынып оқушылары барлық ғылымның атасы, болашақтың негізі-Әліппені бітіріп отыр.
3-жүргізуші:
Бүгін шексіз қуанышты өйткені алғаш хат танып, сауаттарын ашқан жақын досы Әліппемен қоштаспақ.
1-жүргізуші: Той –деп бүгін көңіл шіркін тасады, Ән менен күй көңіл сырын ашады. Той деп келген қонақтарға мың рахмет Ақ жаулықты әжелер той шашуын шашады. 2-жүргізуші: Шашу шашу шашайық Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке бұл тойдың Бастанғысын жасайық. 1-жүргізуші: Батаменен ел көгерер, Жаңбырменен жер көгерер-демекші атадан ақ бата сұралады. (Ата бата береді) Мұғалім: Қоңыраудың алғаш үнін естіртіп, Сан мың рет сабақтарға жинадым. Тал бойыңа білім нәрін бөктіріп, Өмірге ақ жол тіледік. Көз алдымда алғаш келген күндерің Көз алдымда сәби бала күндерің Көз алдымда еркелікпен өтпелің Тұмсырайа қарап маған күлгенің. Әр қайсыңның қалам беріп қолыңа Таяқшалар салдық дәптер жолына Әліппеден әріптерді үйреніп, Есептеуді үйрендік оңды солды да.

Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:

Мұғалім:Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы. Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан?
Хормен: ӘЛІППЕ Мұғалім: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Хормен: Болашаққа жол бастар, Ол, сүйікті Әліппе! Ол, сүйікті Әліппе !
Мұғалім :
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !
Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !. Ән «Менің атым, менің атым Әліппе» әнді айтады барлық оқушылар билейді..
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !
Мұғалім:
— Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз. Диас: Ең алғаш алғанымда әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін алып берді. Әсия: Анам менің әкем де Атам менен әжем де Шопан,ұшқыш,ғалым да Небір мықты дарын да Тіл сындырып әріпке, Ашқан алғаш Әліппе. Хор: Ән: «Әліппе» Сабина: Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Майра: .Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Айым: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе. Жанболат: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Алмас: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Айсу: «Әліппе» деген — алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа

Сабина: .Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен
Алмас::
Іші толы әріпке
Мынау әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе. Хорі: Ән «Әліппе» Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша алфавит бар? Оқушылар: 42 алфавит 40 әріп 2 таңба бар. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар? Мұғалім: Әліппе оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық.ендеше, ең алғаш әліппені жазған кім?Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы Мұғалім: Олай болса қазақ балалары үшін алғаш мектеп ашқан кім? Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
Айсу . Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,
Халықтың кітап берген қолына сен.
Қазақтың қара түнек аспанынан,
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.
Диас: . Айтпайсың ба дәл қазіргі еліңе өкпе,
Болашақ етеді аңыз сені көпке.
«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта,
Бар мектеп көтереді қолын көкке. Жанболат:Алтын ұя мектебім аялаған, Бар балаға білім беріп сая болған. Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін, Жаманға да жақсыға да пана болған. Диляра: Мектебің — мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.2-жүргізуші: Ән: Мектебім» орындайтындар Айсу мен Азиза Мұғалім: — Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің ғана мектепте ғана емес, біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде. Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ? Ортаға әріптерді шақырайық. Алмас «А»
Арым таза ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін
Абыройлы ақ ниет,
Адамдыққа сенемін.
Диляра: «Н»
Н дегенің- нағашым
Бұған болмас таласың.
Келгенде үйге нағашым,
Қуанады анашым.
Әзиза: «Ә» ә деп ұзақ айтамын ә деп үйге қайтамын әкем, әжем, тәтеме әдемі ән айтамын.

Диас: «Ү»
Үлкен — десе бірінші
Бүйрек- десе екінші
Бұл қайсы әріп екенің
Біреу айтып берсінші.
Жанболат: «О»
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары ?
Ескендір: «Ғ»
Ғарышкері ғаламның,
Намысты ері даламның
Із басары боламын,
Тоқтар сынды ағаның.
Айым: «Ы»
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма ?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
Айсу «З»
Зерделі де, керек те,
Зиялы да, керек те,
Шатастырып үштікпен
Тек сен жер етпе!
Жанерке: «И»
Инабат пен ибада,
Ол тұрады басында.
Күллі адамзат сыйлаған
Имандылық бар онда.
Сабина: «П»
Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің парктен.
Осы атауларға, зер салшы,
Басталады қай әріптен.
Майра: «Г»
Егіз десек- екінші
Сегіз десек- үшінші
Бұл қайсы әріп екенің
Өзің қарап түсінші.
Асия: «Қ»
Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі Мұғалім: -Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі кезекті санамақтарға берейік.
Диляра:.Қолға қалам алайық, Қанша сан бар, жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Әзиза: 0 – Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді ,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
Алмас: 1 – Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
Майра: 2 – Екі аяқпен жүремін ,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Сабина: 3 – Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
Диас: 4 – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Әсияа: 5 – «Бестік» деген бағаны.
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Ескендір: 6 – «Алақай!»-дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
Жанболат:7 – Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
Айым: 8 – Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз. Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Айсу9 – Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Жанерке: 10 – Он жыл,он жас-он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
Хор: Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
Санамақ айтылады. Балалар,біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.:
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім:
-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?.
-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
-Әрине 4 пен 5 жақсы бағалар екен. Ендеше сабақты нешеге оқимыз. Хор: Біз өнерлі талапты, Беске оқимыз сабақты. Ән хор : «Ұстазым, менің ұстазым»
Мұғалім:
-Балалар, . енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.
Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше қоштасатын сәтте келип жеткен сияқты.
Әзиза: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Жанерке:Әліппемен қошайтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз..
Диляра: Қош бол құтты әліппем, Көп нәрсені үйреттің, Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. Хор:
.Әліппем,менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам 1000 рет
Өзіңе көп-көп рахмет
Ән: «Рахмет саған Әліппем, хош сау бол» Әліппе: Жас достар,мен сендермен қимай-қимай қоштасқалы тұрмын.Амал қанша, қоштасуға тура келеді.Өйткені сендермен достасуға «Ана тілі»асығып келе жатыр
— Мен сендерге ризамын, Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын боласыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Мейірі мол балаға, бар әлемде анаға Басымызды иеміз. Бабамыздың тілі деп, Ана тілін Ана тілін Ана тілін сүйеміз. 2-жүргізуші : Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған Анаға бас иеміз. Туған елдің тілі деп деп, Туған жердің үні деп Ана тілін ,Ана тілін Ана тілін сүйеміз.

Ана тілі: Ән: «Ана тілі пәнімін»
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым. Әліппе: Ана тілі бауырым, мына балғындарды өзіңе аманат етемін. Бойымдағы 42 әріптерді, буындар мен сөздерді, тіпті әңгіме, ертегілерді оқи алатын дәрежеге жеткіздім. Ендігі кезек сенікі, бауырым. Балалардың сүйіп оқитын оқулығына айналатыныңа сенімдімін.Менің қолымдағы білімнің кілті.Бұл кілт мендегі білімнің бастауы болатын.Енді бұл кілт сенікі. Аманат! Аманат! Саған аманат!

Ана тілі: Құрметті Әліппе! Менде оз бойымдағы бар білімді аямаймын. Бізде саған ақ жол тілейміз! Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен.Ол –ел, жер және тілі. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы үйренеді. Ана тілі деп атаудың себебі-анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтұғын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді. Мен ана тілі оқулықтарын боламын.Менде көптеген қызықты әңгімелер мен ертегілер, өлеңдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар бар.Мен сендерді дұрыс оқуға, әдеби тілде сөйлеуге үйретемін. Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.

Хор: Хош сау бол Әліппе Ана тілі:1 «Ә» сынып оқушылары осы уақытқа дейін нені үйрендіңдер?
1. -Оқуды
2- Жазуды
3- есеп шығаруды
4- ән айтуды
5- би билеуді
6- үлкенді сыйлауды
7- кішіге қамқор болуды
8- жақсылық жасауды
9-: жақсылық пен жамандықты
10- ақ пен қараны
11- адалдықты
12- Отанды сүюді үйрендік..
Хор: .Отан жерім, Отан суым. Отан қуат нәр береді, . Отан ұран Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді. Мұғалім: Іші толы әріпке, Мынау айбат әліппе Барлық ілім, білімнің Әжесі осы әліппе Ән: «Әліппе» орындайтын Мұрат Айым 1-жүргізуші: Би: «Рэп» ұлдар тобы 2-жүргізуші: Ән: «Ұстазыма» орындайтын Диас және бишілер 1-жүргізуші: Ән: «Мен қазақтың қызымын» Орындайтын Әсия 2-жүргізуші: Би: «Қуыршақтар» 1-жүргізуші: Атамда сыйлайтын Атамның тұстасы, Әкем де сыйлайтын, Ауылдың ұстазы. Ән: «Ардақты ұстазым » Орындайтын Жанболат пен Жанерке Майраның анасының орындауында «Ұстазыма » әні ұстаздарға арналмақ. Би: «Қарындаштар» бишілер тобы Қорытынды:

Мұғалім:
-Міне біз. Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол. Балаларңыздың бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет айта отырып Ата-аналарға арналған «Ата-ананы тыңдаймыз» әні сіздерге арналады. Мұғалім:
Қымбатты балалар -.Біз сендерден үлкен үміт күтеміз! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп ертеңгілігімізді аяқтай отырып қонақтарымызға үлкен рақметімді айтамын. Оқушыларғаәліппені жақсы аяқтағаны үшін марапаттауға рұхсат етіңіздер!

1-сыныпта хат тану балаға үйде жауапкершілікпен қарау әжелер үшін өте ауыр. Осында біздің әжелеріміз отыр, немерелерін бір күнде сабақтан қалдырмай, тиянақты қарап,тынғылықты даярлап ата- анасының орнына немереге қарап отырған әжелерімізді де марапаттасам..

Сабақтың тақырыбы: 1 — мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз -Балалар 1 мамыр қандай мереке? Балалар, сендер қандай ұлттың өкілдерін білесіңдер? Ал біздің кең байтақ жерімізде, Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Тәуелсіз мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір — бірімізбен қоян — қолтық шанырақ астында, тату-тәтті аралас өмір сүрудеміз. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
1 — оқушы: Дүние жүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік.
мұғалім: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
2 — оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.
3 — оқушы: Бейбіт күн тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс құт тұтқасы,
Ынтымақ, туыстық
4 — оқушы: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән: «Ақ көгершін».
1 — оқушы:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
2 — оқушы:
Мамыр қандай, шіркін — ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.
3 — оқушы:
Мамыр қандай, шіркін — ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
4 — оқушы:
Мамыр келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!
5 — оқушы:
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
6 — оқушы: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
7 — оқушы:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
8 — оқушы:
Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
9 — оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Ән: «Дос болайық бәріміз».
10 — оқушы: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір — бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.

12 — оқушы: Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп — оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке — жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады. Балалар, достық, бірлік сақталу үшін не істеуіміз қажет? дұрыс бірігіп жүруіміз қажет, Мұғалім: Балалар, достыққа байланысты мақал-мәтелді кім біледі? Мақал-мәтел: Бірлік болмай-тірлік болмас. Ұрыс-ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар. Ырыс алды ынтымақ. Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың. Ынтымақ — достықтың бірлігі. Ырыс алды – ынтымақ Қорытындылау:

аа

Тақырыбы: Тілашар тойы Мақсаты: 1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.2. Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер Сабақтың барысы: Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Міне,бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар.Ендеше,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық. Ән: «Мектебім» орындалады (балалар вальс билеп шығады).

Хор Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз! Данияр Оқушының мойнына Ақ жағасы жарасар Кел келіңіз тойыма Тойымның аты тілашар! Хор. Ән «Тілашар» Мұғалім: Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайдан келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, сендер қайда келдіңдер?

Оқушылар: біз мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.

Мұғалім: Біз қазір қайда отырмыз?

Оқушылар: Біз сыныпта отырмыз

Мұғалім: Сендерді мектепте кім деп атайды?

Мұғалім: Мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане айтып жіберейік. Дина: Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы. Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы. Гүлім. Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат Баян Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Қазыбек. Мектебіңді құрметте, Бесік болып тербеткен Өзің де жет құрметтке Азаматсың сен ертең. Абылайхан Тану үшін бабаңды, Тану үшін анаңды. Тану үшін ғаламды Мектеп керек адамға. Жібек. Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз. Ән: «Біз бақытты баламыз» орындайтын Жакупова Алина Мұғалім:— Өте жақсы оқушы мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқи алады. Алтын: Ақылындай даланың Асылындай сананың Ақ сүтіндей ананың Ана –тілі арымыз. Біздің оқулығымыз қалай аталады — Оқулығымыз, «Әліппені» қалай оқимыз?
Алина: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл – білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен. Көрініс: «Әке, шеше және мен» Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонсон анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс көремін» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласын ұрып жібереді, бала жылап кетеді.
Баян Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы. Нұрділдә :Бар байлықты басқарып, Оқу – білім тұрады. Кітапты көп оқыған Білімді боп шығады. Айтолқын Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын. АсылзадаАқылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың. Досжан: Мен тілеймін ұстазыма
Өмір — думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең. Данияр:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған. Айтолқын: Барлық бала таң қалып, Әліппені ашады. Сөз құраған әр әріп Білім нұрын шашады. Мұғалім: Балалар, оқу, білім туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер? 1) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 2) Оқу – инемен құдық қазғандай. 3) Оқу – білім бұлағы, Білім — өмір шырағы. 4) Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. 5) Оқу түбі – тоқу. 6) Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. 7) Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. Ән » Анашым » Қазір оқушыларымыздың арасында сайыс өткіземіз 1 сайыс Жұмбақ шешу:Дүниетану сабағында біз табиғат, табиғатты нелер құрайды, табиғат құбылыстарымен таныстық. Қазір табиғат тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешесіңдер 1..Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады (аяз).2.Ұрмай соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады (пияз).3.Түскенде алтын күз, Жинадық алтын тіс (бидай) 4..Тігіп алып көк шатыр, Қызылкүрең доп жатыр (қызылша) 5..Доптар жатыр желісі бар,Қабат-қабат терісі бар(капуста) 6..Жазда жайнайды, күзде жайрайды (жапырақ) 7..Қысы жазы шешпейтін,көйлегі бар жасылдан 8.Өзгертпейді еш кейпін, жаралғандай асылдан (шырша) 9..Күндіз атады,кешке батады (күн)10..Түнде көп,күндіз жоқ (жұлдыздар)11..Бейнесі суда дірілдейді, бірақ қармаққа ілінбейді (ай) Мұғалім: Біздің Қазақстан Республикамыздың елордасы қай қала? Оқушылар: Елордамыз-Астана қаласы. Астана2 сайыс Сауат ашу кезеңінде біз қандай білім алғанымызды көрсетейіка)Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?ә) «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасауб) Сөз құра: ла, да,ты, са, ма, то, ор, ал,ау (дала, саты,маса, тоты,алты, сала,алма,алда,орта,аула) 1-топ: — Қандай дыбыс? Сол дыбыстан басталатын сөз жазыңдар 2- топ: – Қолдарыңдағы әріптерден басталатын сөздер айтыңдар. Ол сөздерді буынға бөліңдер.

3-сайыс.Математикадан алған білімдерімізді тексереміз. Қандай сызықтар? . (түзу және қисық сызықтар) — Ал мыналар ше? 0 1 2 3 4 – бұлар сандар. + – қосу азайту амалдары = < > тең артық кем 2 + 1 2 – 1 өрнектер 2 + 1 қосынды 2 – 1 айырма 2 + 1 =3 теңдік 2 – қосылғыш 1 – қосылғыш 3- қосындының мәні 2 – 1 =1 теңдік 2 – азайғыш 1 – азайтқыш 1 – айырманың мәні Ал кім есепке жүйрік? Келе ғой. Аулада үш тал гүл өсіп тұр еді. Алмат оның біреуін алып анасына сыйлады. Аулада неше тал гүл қалды? Осыны кім тақтаға өрнек құрып шығарып береді? . 3 – 1 =2 Мадинаның қолында 4 гүл, ал Аяулымның қолында 3 гүл. Кімнің гүлі артық? Нешеуі артық? Кімнің гүлі кем? Нешеуі кем 4 >3 Балалар сыныпқа 4 мұғалім кірді қанша орындық керек? 4 Мәні 0-ге тең болатын қандай өрнектер құрастырып шығара аласыңдар? 1-1=0 Мұғалім: Қазір ата-аналарымыздың арасында мақал мәтел сайысын өткіземіз. Ережесі : мен мақалды бастаймын, ал ата -ана жалғасын білсе қостайды 1.Ел көркі-мал, өзен көркі –тал, 4. Ата –бәйтерек,бала-жапырақ 2.Ырыс алды-ынтымақ 5.Отан –қуат,отбасы-шуақ Ынтымақ-ырыс қазығы 6.Еңбегін қатты болса Әдепсіз бала-сорлы бала 8Өнерлінің өрісі кең 7. Еңбектің наны тәтті, 9.Жақсыдан үйрен, Жалқаудың жаны тәтті жаманнан жирен 10.Байлықтың атасы-еңбек, Анасы-жер 11.Білім –теңіз, мектеп –кеме 12.Кітап-білім бұлағы13. Сөз сөзден туады, Сөйлемесе неден туады 14.Күш-білімде 15.Досы көпті-жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды Мұғалім:Қазір қазақ тілінде мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы достық қарым- қатынастағы елдерде желбіреп тұр. Би: « Шығыс биі» Орындайтын Жібек Ән: «Ертегілер» Орындайтын Баян Би: «Нази гули» Орындайтын Ақнұр Би: «Лезгинка». Мұғалім :Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сендердей өренді Білімнің нәрлі сырына. Болдыңдар енді оқушы. Міне оның дәлелі. Тағайын бүгін сендерге Оқушы деген белгіні. Оқитын әрі жазатын, Білімге қол созатын. Құтты болсын қарағым, Оқушы деген жаңа атың.Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Ата-аналар жиналысы «Баланың басты ұстазы-ата-ана» (оқушылармен бірлесе отырып өткізу)

Мұғалім:

Құрметті ата-аналар 4-тоқсан ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жазғы демалыста жақсы көңіл күймен жақсы демалыңыздар демекпін. Олай болса жиналысымызды ашық деп жарияламас бұрын ата-аналар және балаларды баршаңызды ортаға шаттық шеңберіне шақырамын. Бір –біріне қарсы тұру, тілек айту. Гүлдер арқылы екі топқа бөліну қызыл гүлдер қызыл шары бар столге сары гүл алғандар сары шар бар столге жайғасыңыздар. Енді жиналысымыз ашық деп жариялаймыз.

Асия -оқушы:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар. Бүгінгі 4-оқу тоқсандық ата-аналар жиналысын бастауға рұхсат етіңіздер.

Диас-оқушы:

Құрметті ата-аналар оқушылар баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз.

Асия-оқушы:

Кеше ғана кішкентай болып 1-сынып табалдырығын имене аттаған едік. Міне 1-сыныпты аяқтап отырмыз.

Диас-оқушы:

Бүгінгі ата-аналар жиналысының күн тәртібінде:

1. Баяндама: Баяндамашы Көкібай Айсу(оқушы)

2. 4-оқу тоқсанының қорытындысы

3. Логопедтің оқушымен жеке дара жұмысы. Турарова Н.Р

4. Психологиялық зерттеу қорытындысы.Исагулова А

5. Әдеби-музыкалық монтаж

Асия-оқушы:

Олай болса 1мәселе бойынша Көкібай Айсудың баяндамасын тыңдаңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.