«Серпін медиа» ақпарат орталығының төрағасы Ізгілік Нағиев мырза, Жамбыл облысы, Шу ауданының іскер ұстазы Джумабеков Данияр мырза, № 59 мектеп ұстазы Ажаркүл Шайымова және мен 13-17 ақпан аралығында Астана қаласында ақпараттық әдістемелік кездесулер, Екібастұзда «Жаңа ғасырға-жаңашыл ұстаз» тақырыбында республикалық семинар өткіздік.
Алғашқы күні Астанадағы Ербол Іргебай мырза жетекшілік ететін №40 Әлкей Марғұлан атындағы орта мектепте болдық. Мектепте Әлкей Марғұлан мұражайында болып, ол кісі туралы тың деректермен таныстық. Мұражай өте құнды материалдармен жабдықталған. Онда Ә.Марғұланның Қасиетті Құраны,жеке заттары, домбырасы, диваны бар. Ұлы археологтың көптеген құнды жазбаларыда сақталған. Ербол аға бастаған ұстаздар қауымымен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен бірге мектепте үлкен өсімдікжай бар екен. Ұлағатты ұстаз, іскер басшы Ербол мырзаның педұжымымен пікір,тәжірибе алмасу өте қызықты өтті. №40 Әлкей Марғұлан атындағы орта мектеп ұжымына, басшысы Ербол Іргебай мырзаға алғысымыз шексіз.
«45 минут,kz» порталының тілшісі Жумабаева Т.М.