Түркістандағы семинарға қашықтан қатысушы ұстаздардың бірнеше пікірлерін жариялап отырмыз. Қазіргі уақытта қашықтан қатысушы ұстаздарға сертификаттары әзірленуде.
3 желтоқсанда өтетін Қостанай облысы, Таран ауданында өтетін Республикалық семинарға қатысуға шақырамыз.
Ал, 14 желтоқсанда Қостанай облысы, Рудный қаласында семинар өткізілу үшін әзірленуде.
Ұстаздар пікірлері:
Құрметті, Изгилик Байдрахманулы!!!
Сізге ризашылығымыз шексіз, осындай игі бастама көтеріп республика көлемінде өткізілген семинарға ұжымымыздағы елу ұстаз куә болдық.
Біз Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылындағы Оспан Алибаев орта мектебінде қызмет етудеміз. Осындай семинарлар жиі өтіп жатса өте жақсы болар еді, ұстаздар да бір бірімен тажірибе алмасып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы еңбек ете бермек.
Құрметпен: Мектеп директоры Алин Досбол Галымулы
Тәрбие жөніндеги орынбасары Амиралина Жулдыз Сапиевна
Технология пәні мұғалімі Абильдина Сауле Калиакпаркызы
——————————————————————————————————————-
Кайникешева Гульнар Базарбековна
Мектеп: Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Облыс: Қостанай Район: Аманкелді Село: Есір
Онлайн семинарға қатысу туралы пікір: Онлайн-семинарға сырттай қатысуға мүкіншілік жасаған осы 45 минут сайтына үлкен рахметімді айтамын.Семинардың осындай формада өтілуі біздерге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта да қатысамын,тәжірибе алмасамын деген ойдамын.
Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары почтаға келді. Материалдармен танысып, оқыдым.
Семинар материалдарын тарату бойынша атқарылған жұмыстарым:
Мектептегі бірге жұмыс атқаратын әріптестеріме әдістемелік кеңес отырысында семинар болып жатқандығы туралы ауызша хабарлама жасадым.Интернетке қосылуға мүмкіндігі бар әріптесітерім тіркеліп,қатысты. Почтама келіп түскен барлық материалдарды көшіріп алып қарап, танысып шықтым. Ал семинардың жинағына сілтемені «фейсбук», «майлру», «в контакте» әлеуметтік желілердегі өз парақшама жарияладым. Аталған желідегі менің барлық достарым ол материалдарды қарап,дауыс беруде.
——————————————————————————————————————-
Мукангалиева Альфия Жанатовна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 16 орта жалпы білім беретін мектебі.
Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаналық хабарлары почтаға келді. Материалдармен алдымен танысып, оқыдым.
Семинар материалдарын тарату бойынша атқарылған жұмыстарым: Алдымен интернет сайттармен facebook, whatsApp,mail.ru арқылы əріптестермен бөлістім. Семинарда өткізген сабақтармен, коучинг жұмыстарымен бірлестік отырысында да, шағын отырыстарда да бөлісіп, талдап, көптеген мəліметтерді, əдіс тəсілдерді өзімізге де алдық. Əр жарияланған материалдарды күтіп жариялап отырдым.
Семинарды ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Жұмыстарын жемісті болсын!
Осындай қашықтық семинарлар жие болып тұрғанын қалаймын!
Барша ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілеймін!
——————————————————————————————————————-
Басжурекова Бакыткуль Кабдуллаевна. бастауыш сынып мугалими бастауыш сынып адис бирлестик жетекшиси «Минажат Мынкаев атындагы 10 Борсенгир жалпы орта билим беретин мектеби КММ Караганды облысы Улытау ауданы Туркистанда кашыктыктан откен олимпиада материалдары менин почтама келип тусип турды..Барин окып таныстым..Олимпиада жайлы жазылган макаланы окыдым,суреттерин карап шыктым..Тиркелген куннен бастап келип тускен арбир олимпиада материалдарын ватсап аркылы оз ариптестериммен болисип отырдым.
——————————————————————————————————————-
Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы
Жұмыс орны: Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылықорталығы
Лауазымы: Жоғары санатты, қосымша білім беру педагогі
Онлайн семинар жұмысын жақсы әрі қызықты етіп ұйымдастырғандарыңызға сенімдімін. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған іс-тәжірибелерін таратудағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін.
Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары электронды почтаға келді. Материалдармен, өткізілген ашық сабақтармен танысып жатырмыз. Жалпы өзім қызмет атқаратын оқушылар шығармашылық орталығында 15 қосымша білім беру педагогі қызмет атқарады.45minut.kzгазетін өзім жаздыртып аламын және кезекті саны келгенде үнемі таныстырып отырамын. Орталық ұстаздарын семинар жұмысы басталғанда таныстырдым. Жас мамандар қызығушылық танытып отыр
Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін » деген екен шығыстың ғұлама ғалымыәл-Фараби.
Мемлекетіміздің болашағы алаңсыз болу үшін біз шыныққан, жаны, тәні таза, рухани дені сау, өз еліміздің, кіндік қанымыз тамған жеріміздің тарихын мақтан тұтатын, байлығына, әсем көркіне сүйсініп әрбір тасын, қасиетті жерлерін құрметтейтін, атадан балаға жалғасып жақсы үрдісін тапқан ұлттық салт-сананы , әдет-ғұрпымызды ұстайтын тұлға болып тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан еліміздің болашағының білім алуы жолында жұмыс жасайтын боламыз.
——————————————————————————————————————-
Аты — жөні: Икежанова Айжан Укибаевна
Мекен — жайы : Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы
Мектебі : Әйтеке би атындағы орта мектеп
Пәні : математика пәнінің мұғалімі
Редакция тапсырмалары бойынша есеп :
Редакция жіберген мәліметтермен , почтама келген жаңалықтармен таныстым. Мектебімізде 64 мұғалім дәріс береді. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Екі ауысымдағы қоңырау арасында мұғалімдерге түсінік жұмыстарын жүргіздім. Оның ішінде онлайн семинар туралы ақпаратты бердім. Онлайн семинарға тіркелу жайлы айтып түсіндірдім. Редакция жіберген жаңалық хабарларымен, топтамаға қалай кіруі жайлы сілтемелермен, топтама кітап төлемі туралы айтып, мектеп мұғалімдерін таныстырдым. Бірнеше мәліметтермен WhatsApp арқылы ауданымыздағы мұғалімдермен бөлістім.
Құрметті Ізгілік ағай! Сіздің басшылығыңызбен ұйымдастырылып жатқан республикалық семинарлардың алатын орны орасан зор. Түркістан қаласындағы өткен семинар жайлы мəліметтеріңіздің бəрімен таныстым. Семинардың өткізілу барысындағы суреттерді көріп отырып, қатты қызықтым. Өзімнің де сонда барып қатысып көргім келіп кетті. Почтама келіп түскен мəліметтердің бəрін оқып танысып шықтым. Ол жайында өз ұжымыммен бөлістім. Сіздің бастамаңызбен болып жатқан семинар арқылы мұғалімдер өзіне керекті қаншама мəліметтермен танысады. Осындай республикалық семинарларды ұйымдастырып жатқан сізге мың алғыс! Ұжымыңыз шаршамай , талмай жұмыс атқара берсін. Əлі алда біршама игі бастамалардың куəсі болатыныма сенімдімін. Көп рахмет сізге !
——————————————————————————————————————-
Жанар Мадумаровна Шералиева
Жамбыл облысы Қордай ауданы Беріктас ауылы
№28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің Әлеуметтік педагогымын.
Онлай семинарға тіркелу мақсатым, білгенім бір тоғыз , білмегенім тоқсан тоғыз дегендей көп нәрсені білгім келеді және тәжірбие алмасу…
Онлай семинар туралы ақпараттар почтаға келді. Фейзбук желісі арқылы Мұғалімдер мәртебесі парақшасынан Түркістан қаласында өткен семинар жайлы оқып,бәрінен хабардар болып отырдым. Семинар керемет ұйымдастырылған, жоғары дәрежеде өткендігі көрініп тұр. Осы семинарда өтілген сабақтар,мұғалімдерге керек кеңестер әліде болса парақшада бөліссеңіз. Осынша ұстаздардың қашықтықтан басын қосып отырған Ізгілік Нагиев ағаға айтар алғысым шексіз
Семинар материалдарын тарату бойынша атқарылған жұмыстарым саусақпен санарлықтай, онлайын семинар жайлы екі-үш мұғалімге айттым бірақ ешкім тіркеле қойған жоқ. Ауылды жер болған соң интернет байланысы нашар, сосын көп мұғалім өз бетінше желіге тіркеле алмайды, мәселе осында…
——————————————————————————————————————-
Муханова Ардак Куандыковна Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, №3 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары почтаға келді. Материалдармен танысып, оқыдым.
Семинар материалдарын тарату бойынша атқарылған жұмыстарым мектептегі әріптестеріме және ауданымыздағы әріптестеріме хабардар еттім.
——————————————————————————————————————-
Байқадиева Гулдаурен Берікқазықызы
Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары почтаға келді. Материалдармен танысып, оқыдым.
Семинар материалдарын тарату бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп :
1. Мектепте сабақ беретін 5 мұғалімді онлайн семинарға тіркедім.
2. Семинарға топ болып материал жариялауға дайындалудамыз.
3. Фейсбук, e- meil арқылы интернет желісінде материал таратуына ат салысудамын.
——————————————————————————————————————-
Кожабаева Гульжан Калуадиновна.
Павлодар облысы. Екібастұз қаласы . № 36 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. I- санатты.Бірінші (ілгерлі) деңгейлі. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша біліктілікті арыттыру б/ббағдарламасынан өткен. Облыстық «Шығармашыл ұстаздар»тобының мүшесі.
Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары почтаға келді. Материалдармен танысып, оқыдым.Материалдарды оқып қана қоймай өз мектебімдегі әріптестерімдісеминарда өткізілген іс – шаралар жайында хабардар етіп отырдым. Фокус топтаА.Ш. Оразалинаның бірінші сыныппен өткізген «Менің үйім» тақырыбындағы дайындалған қысқа мерзімді жоспары талқыланды. Мұғалімдер өз пікірін айтты.Ұсыныс та білдіргендері болды.
Джумабеков Даниярдың оқушыларға арналған мотивациялық іс-тәжірибесінің бірі «Құрт түскен алма» әдісін «Сабақтағы жаңа әдіс тәсілдерді тиімділігі» атты семинарда мұғалімдеріме қолдануға ұсыныс білдірдім.
Ұсыныс: Семинардағы өткізіліп жатқан іс –шаралардыңвидеоға түсіріліп сайтқа салынса екен.
——————————————————————————————————————-
Алматы қаласы Əуезов ауданына қарасты І. Жансүгіров атындағы 130 гимназияның қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімі Койгельдинова Жазира Нурбековна
Мен осы семинарға қашықтықтан қатысу арқылы ең алдымен 45 минут.кз порталының жетекшісі Ізгілік Байдрахманұлына айтар алғысым шексіз. Республика ұстаздарын ТƏУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ қарсаңында тың идеялармен қарсы алып, білімі мен біліктілігін ұштастырып ұстаздарды тағы бір белестен көріне білуге талпындырып отыр. Сайтқа сабағын салған ұстаздардың ішінде əсіресе ҰСТАЗДАР ОРТАСЫ парақшасының админі ДАНКОның сабағына ерекше тоқталып өткенді жөн санадым. Себебі, Данко өз парақшалары арқылы қаншама жанға əдістемелік көмек көрсетіп отырғанымен қоймай өзі де үнемі ізденіс үстінде отырады. Осы сабағы арқылы қазіргі оқу үдерісіне жаңаша серпін тың идея қосып қана қоймай, ұстаздар қауымына мотивация жасап отыр. Осы портал арқылы енген жаңашылдық пен өзгеше бір лепті ерекше сезініп қана қоймадым, сондай—ақ өзімнің ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ ҰСТАЗДАРЫ парақшам арқылы бөлісіп ƏРІПТЕСТЕРІМДІ атсалысуға шақырып үн қостым. Түркістанда өткен семинар өткізетін əріптестеріме тілеулес болып, сырттай бақылап отырдым. Мектеп ұжымының берекесі мен ұйымшылдығының арқасында ӨТЕ ЖОҒАРЫ деңгейде өткенін ПОРТАЛ ЖЕТЕКШІСІНІҢ қорытынды есебі мен сол қатысушы ұстаздардың пікірі арқылы танысып отырдым.
Енді алдағы аптада өтетін ТАРАН мектебіндегі Таня апайдың ұжымына да да сəттілік тілеймін. Мүмкіндігінше осы бастаманың жалғасы Алматы қаласындағы таңдаулы мектептердің бірінде жалғасын табар болса, барып қатысуға əзірмін.
——————————————————————————————————————-
Дүйсенова Пернеш Иманбекқызы. Қызылорда облысы Жаңақорған кенті 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Семинар жайлы материалдармен таныстым. Мектеп көлемінде мұғалімдерге ақпарат тараттым,алдағы семинарға қашықтан қатысуға ниет білдіріп отыр. Аудан көлемінде де семинар материалдарын таратуға атсалысып жатырмын.
——————————————————————————————————————-
Бериккалиева Лидия Куанышбековна
БҚО, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша кешенінің І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бұл ғасыр- білім ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан тамырын тереңнен алып, жапырағын жасыл желекке айналдыруы үшін ұрпағымыз көп оқып, адам баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, адамгершіліктің асыл қасиеттерін бойына сіңіріп, ертеңгі күніміздің бұгінгіден де нұрлы болуы үшін еңбек етуі қажет. Бұл жолдағы әрине, ұстаз еңбегі- пілтелі шам! Сол себепті қазіргі таңда жаңа технологиямен қаруланған ұстаздар мектепке ауада қажет. Мен де ауылдық жерде тұрсақ та біраздан бері 45 минут сайтымен бірлесіп жұмыс жасап келемін. Әріптестерімнің біразы сайтта сабақтарын жариялап, сертификат алды. 4 мұғалім «тәжірибелі, шығармашыл үстаз» төсбелгісімен марапатталды. Күні кеше Түркістан қаласында өткен онлайн семинар туралы ақпарат мен материалдар электронды почтама уақытында келіп тұрды. Семинар кезінде өткізілген әріптестерімнің сабақтарымен танысып отырдым. Өз білім ордамызда онлайн семинар туралы әріптестеріме хабарлама жасадым. Біраз әріптестерім қызығушылық танытты. Ватсап арқылы аудандағы әріптестеріме де таратып отырдым. 3 желтоқсанда өтетін семинарға көптеген әріптестерім қатысуға ните білдірді.
Болашақта осындай ұстаздардың өз тәжірибелерін бөлісетін онлайн семинардың бастамасы жалғасын таба берсін! Игі істер жалғасын тапсын! Іске сәт!
——————————————————————————————————————-Түгелтаев Айболат Бердіғалиұлы жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі, №47 жалпы орта білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Космуханбетова Жайна Иманбаевна кінші санатты информатика пәнінің мұғалімі, №47 жалпы орта білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Түркістан қаласында өтетін онлайн семинар туралы ақпаратты facbook желісі арқылы танысып, көргеннен тіркелу жұмысын жүргізіп, топтағы басқа да достарға бөлісу жасалды.
Барлық мүмкіндіктерді талапқа сай орындап тіркелген соң төмендегідей мәліметтер поштаға күнделікті келіп отырды.
«Отбасы тәрбиенің ұясы» атты тақырыбындағы ата – аналар жиналысы сынып жеткшілер бірлестігіне электронды нұсқада табысталды.
Оразалина Ақтоты Шопшибаевнаның «Менің үйім» тақырыбындағы ашық сабағы бастауыш сыныптар бойынша құрылған жаңартылған білім мазмұны шығармашылық тобына жеткізілді.
Повжик Н.И. «Свойства равнобедренного треугольника» атты сабағы математика пәнінің мұғалімдеріне таратылды.
Семинарға арналған газет және топтама, семинар бағдарламалары, «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170) газеттің электрондық нұсқасы мен барлық келген материалдар мектептің kgu_sosh_47@bk.ru электрондық поштасына орналастырылды.