Қазақстанның пайдалы қазбалары
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Марасилова Молдир Берикбаевна
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбаларымен таныстыру, олардың негізгі ерекшелігін көрсете отырып, қалай пайдалану керектігін түсіндіру
Сабақтың барысы:
Қазақстан өзенінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанған (түрі өзгеру), рудалар мен түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы – жақпарлы Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Алтай таулары, Сарыарқа, мұғалжар қатты бұзылып, күшті жемірленген сайын рудаға бай, тереңде жатқан тай жыныстары жер бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып қалған бөлігіде кездеседі. Әдетте, бұзылған ескі таулардан рудалы пайдалы қазбалар кені көптеп табылады. Платформалы аймақтарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де, қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі.
Шөгінді жыныстардың тауетегі иіндерінде көбінесе бейрудалы қазбалар қалыптасады. 1919 – 1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркісіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі, 70 элементтің мол қоры барланған және оның 60 – тан астамы өндіріледі.
6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Республика дүние жүзінде вольфрам қоры жөнінен 1 – орынға, хромит пен фосфор кенінен 2 – орынүға, қорғасын мен молибден қорынан 4-орынға, темір қоры жөнінен (Бразилия, Аустралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украина) 8 – орынға ие. Алтын қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде 6-орында, ал МД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мырыштың 70% -дан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір кен орындары жатады.
Мұнай мен газдыңмол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Ембі – Каспий серіктестігіндегі қарашүңгілдегі мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Бұл кен орындарында 60 жылдарда Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да қуатты Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 160 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына 100 жыл толғаны тойланды. Бүгінде республика жылына шамамен 30 млн тонна мұнай, 7,5 млрд м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады.
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 162 млрд тоннаға жетті. Республикада жылына 100 млн тонна көмір өндіріледі. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл – Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен, сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 қабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің жалпы қоры 45 млрд тонна.
Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150м. Ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн тонна көмір өндіріледі.
Соңғы кезде Майкүбе (Павлодар облысы) және торғай (Обаған) көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде қайта құру, қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Үй тапсырмасын сұрау:
Жер бедері дегеніміз не?
Аласа тауларға қандай таулары жатады?
Биік тауларға қандай таулары жатады?
Тектоника дегеніміз не?
Бекіту сұрақтары
Көмір алабы қайсы қалада шығарады?
Мұнай газ, қайсы ауданда шығарылады?
Қорытынды:
Пайдалы қазбалар немесе бөлінеді?
Үйге тапсырма:
§ 18
кескінкартағатүсіруҚазақстанныңпайдалықазбаларын
