Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқа сы
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Шметова Қарлығаш Бейсенбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тірек-қимыл аппараты, және қаңқа бөлімдері туралы,адам қаңқасы
және оның бөлімдерінің маңызын, міндетін түсіндіру..
Дамытушылық:
Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар
бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,
жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Оқушыны өздігінен оқып, ой өрісін тереңдетуге баулу,
ізденіске жетелеу
Тәрбиелік:
Денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурулардын алдын алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, және де алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде ақпараттық-коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа қатысымдары, дайындықтары тексеріледі
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Пән аралық байланыс: химия, экология, биология,география,физика,қазақ тілі
салауатты өмір салты.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта,актив студио,
тақырыпқа байланысты слайдтар,
бейнематериалдар.
| Сабақтың құрылымы | ||
| III Сен бізді білесің бе ? | Үй тапсырмасы. Сезім мүшелері. | |
| IV Жан қиналмай жұмыс бітпес,
талап қылмай мұратқа жетпес |
Биологиялық терминдермен жұмыс, толықтыру тест жұмыстары) | |
| V Тұлғаны танып біл | Жаңа сабақ. Оқушылардың жаңа сабақты өздігінен меңгеруі. Адам қаңқасының құрылысы. Бейне материал. | |
| VI Білім кілті танымдылықта | Сүйектің химиялық құрамы. Рентген сәулелері.
Практикалық жұмыс. Бейне материалдар бойынша. |
|
| VII Еңбегіне қарай өнбегі | Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Салауатты өмір салты. Адам қаңқасының бұзылуынан болатын аурулар. Бейне материалдар бойынша оқушылардың жұмыстары. | |
| VIII Оқу түбі тоқу | Актив студио мен жұмыс. Кесте толтыру.
Рефлекция. Сабақта болған 3 нәрсені талқылау. Мен үшін әсер қалдырған жайлар… Мені толғандырған сұрақтар… |
|
III. Үй тапсырмасы
Сезім мүшелері.
- Иіс сезу.
- Дәм сезу.
- Есту мүшесі.
- Сипап сезу.
IV. Жан – жақты білімдерін тексеру.
Толықтыру тест тапсырмалары.
………………. жануар крахмалы
Тимусты …………….. деп те атайды
Ең қарапайым рефлекс ……………….. рефлексі.
Рибосомалар жасушада …………………. синтездейді.
Мишықтың жұқа үстіңгі қабаты …………………. деп аталады.
Жұлын ………………. және ………………….. қызмет атқарады.
Құлақ қалқаны ортаңғы құлақпен …………….. арқылы байланысыды.
Биологиялық белсенді заттар ……………………… және ………………. түседі.
Сондықтан оларды өндіретін мүшелер ………………………. деп аталады.
Жүйке жүйесі ………………… құралады, ал ол …………………….
тұрады.
Терминдермен жұмыс.
1.Аксон.
2. Дендрит.
3. Анализатор.
4. Жасуша.
5.Рефлекс.
6.Гипофиз.
7. Эпифиз
8.Цитоплазма
V. Жаңа сабақ. Тұлғаны танып біл.
(интерактивтік тақтамен жұмыс) Бейне материалдар.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) қаңқадан және бұлшықеттерден тұрады. Қаңқаның атқаратын қызметтері: қан жасау, қорғаныш ету, тірек болу. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары – 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке – серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да облады.
Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ (қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі – май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз – бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.
Сүйектердің типтері
Қысқа Жалпақ Ұзын
| Жауырын, бас сүйектің ми
және бет сүйектері, қабыр- ғалар,жамбас сүйектері |
|
|
||||||
Сүйектердің байланысуы
|
|||||
|
|||||
|
|||||
VI. «Білім кілті танымдылықта»
Сүйектің химиялық құрамы.( Практикалық жұмыс. Тәжірибе жасау. ) Рентген сәулелері.
Рентген сәулелердің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорционал. Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Бұл фотографияларда қанқа сүйектерін және жұмсақ тканьдердің әр түрлі өзгерістерін оңай ажыратуға болады.
Қазір біздің еліміздегі барлық азаматтар жылына бір рет флюорография өтуге тиіс. Рентген сәулелерінің жәрдемімен адам ауырғанын сезе бастаудан бұрын, ауруды алдын ала анықтап білу үшін, кеуде клеткаларынын суреті түсіріледі.
Рентген сәулелерінің ашылуы. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын байқай қойды. Осы ерекше қабілеті оның тамаша жаңалық ашуына жәрдемдесті.
бейнематериалдар бойынша.
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәурыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінд органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сыңғыш келеді.
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар(борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.
VII. «Еңбегіне қарай өнбегі»
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Салауатты өмір салты. Адам қаңқасының бұзылуынан болатын аурулар. Бейне материалдар бойынша оқушылардың жұмыстары.(Слайд.)
Буын аурулары. Хабар телеарнасының бейне материалы.
Омыртқа жотасының аурулары. (Остеохондроз) Бейнематериал.
Экологиялық жағдайдың әсерлері.
Омыртқаның обалына қалмаңыз.
Қазіргі таңда көп жандар компьютерден бас алмай, бір қалыпта отырып жұмыс істеуге дағдыланған. Есесіне физикалық жаттығуларды жасау мен уақытылы үзіліске шығуды ұмытқан. Мұның салдарынан адам баласының физиологиялық құрылысы зардап шегеді. Әсіресе, бар салмақ омыртқаға түседі.
Омыртқа үнемі қозғалыс пен жаттығуларды қажет етеді. Еш қозғалыссыз бір қалыпта отырудың салдарынан омыртқа сүйектеріне зақым келіп, ол өзге де мүшелердің зардап шегуіне жол ашады. Сондықтан да омыртқаның обалына қалмай, ара-тұра үзілістер жасаған жөн.
Алдымен омыртқаңыздың түзу я қисық екенін анықтап алыңыз. Ол үшін тұла бойыңызды түгел көрсететін үлкен айнаға қараңыз. Қолыңызды түсіріп, басыңызды көтеріп, денеңізді тік ұстап, түзу тұрыңыз. Иықтарыңыз бір қалыпта болса, омыртқаңыздың түзу болғаны. Егер де бір иығыңыз екіншісінен жоғары/төмен болса, ол омыртқа сүйектерінің қисайғанын білдіреді. Сондай-ақ, омыртқаның қисық я түзу екенін айнаға қырынан тұрып қарау арқылы анықтауға болады.
Дұрыс отырмағанда омыртқа жотасының қисаюы
| Қаңқа бөлімдері | Оны құрайтын сүйектер |
| Бас сүйек | |
| Омыртқа жотасы | |
| Кеуде қуысы | |
| Иық белдеуі | |
| Қол сүйектері | |
| Жамбас белдеуі | |
| Аяқ сүйектері |
Бас сүйектің бет бөлігіндегі қозғалмалы бөлімі ………………………………………
Қаңқаның бірден бір жалаң бөлімі ………………………………………
Омыртқа жотасындағы омыртқа сандары ………………………………………..
Адам қабырғаларының саны
………………………………………….
1 –ші мойын омыртқасының атауы ……………………………………………
Адам қаңқасындағы ең ұзын сүйек
……………………………………………..
Омыртқа жотасының ең үлкен омыртқалары
………………………………………………
VIII. Оқу түбі – тоқу.
Рефлексия
Сабақта болған үш нәрсені талқылау
Біз бүгін оқыдық:
1
2
3
Бізде жақсы іске асты:
1
2
| ? |
3
| Егерде мен…. |
Біз білмеген нәрселерден ақпарат алдық
1
2
3
| Әсер қалдырған жайлар |
Мені толғандырған сұрақ …….
Үйге тапсырма:
Бағалау.
