Тақырыбы: Ұлттық натюрморт

ШҚО, Семей қаласы Новобаженово ауылы

А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Балтабаева А.В.

Тақырыбы: Ұлттық натюрморт Бейнелеу өнері 3 сынып

Сабақтың мақсаты: Заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма натюрморт туралы мағлұмат беру

Білімділігі: оқушыларға натюрморт туралы түсінік беру, натюрморт салдыру арқылы жарық пен көленкені, заттың пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету, сурет салуды ары қарай терең менгерту.

Дамытушылық: оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру, акварель бояумен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: қазақ халқының салт-дәстүрлері тарихын біліп,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі, құрал-жабдығы: суретшилердің шығармалары, ұлттық ыдыс суреттері, сурет салу құралдары, бояу заттары.

Түрі: дәстүрлі сабақ (мультимедиялық кабинеттегі құралдармен откізілетін сабақ)

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру
  2. Ой сергіту сәті. (жұмбақ шешу)

    Дастарқанға шуылдап, күніне үш жиылар,

    Жарты сағат қимылдап, жарты сағат жуынар. (Ыдыс-аяқ)

    Бие сүті құюлу, тері қабым сыйымды.

    Оқтауым тұр пісетін, көмейіне сұғулы (Саба)

  3. Жаңа сабақ.

    Қазақ халқының ұлттық дастарқаны өзінің әр түрлі дәмді тағамдарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар сәнділігімен де көзге әсем көрінеді. Ұлттық тағамдар шеберлер жасаған әсем өрнекті ыдыс-аяқтарға салынып, дастарқанға қойылады.

    Дастарқанға әр түрлі тағамдармен бірге арнаулы ыдыстарға құйылған қымыз, шұбат сияқты сусындар да қойылады. Ертеде қымыз бен шұбатты теріден әшекейлеп жасаған торсықта сақтаған. Оны дастарқанға сырлы ағаш тегештерге құйып барып қойған, әсем ожаумен сапырып, әдемі саптыаяқ, тостағандарға құйып берген. Соларға қарасаныз, дастарқан үстіне арнайы қойған натюрморт сияқты.Әрбір ыдыс тағамдарменүйдесіп, әдемі көрік береді. Ыдыс-аяқтар алуан түрлі әшекейлі өрнектермен безендірілген.

    Суретшілердің шығармаларын қабылдау. М.Нұрлыбаев «Дастарқан», Е.Жижерина «Шығыс натюрморты» (ұлттық ыдыс суреттерін көрсету)

    Мына суреттерге назар аударыныздар. Күнделікті тұрмыста қолданып жұрген ыдыс аяқтар тарихы сонау ғұн, сақ, үйсіндер тайпасынаң бастау алды.

    Ежелгі адамдар топырақты, құмды пайдаланып қыштан құмыра, кесе жасаған, сосын ағашты өндеп, әрлеп, өрнектеп, тостаған, ағаш қасық, ожау, тегенелер жасап, тұрмыста қолданған. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы тері өндеп, оны илеп, торсық, саба жасаған.

    Торсық – теріден жасалған сұйық сусундар (коже, қымыз, шұбат, айран, сүт) құюға арналған, ол алып жүруге ынғайлы ыдыс.

    Тостаған – ағаштан жасалып, бедерлеп, өрнектелген сүт, қымыз, айран, көже, шұбат құюға арналған ұлттық ыдыс.

  4. Практикалық кезең. Экранда сурет салу кезендерін көрсету.

    1 – кезең.

    Жиек сызығын сызу. Торсық, тостағанның вертикаль (тік) сызықтарын сызып, биіктігін және енін белгілеу.

    2 – кезең.

    Торсық пен тостағанның суретін салу. Торсықтың схемасы, негізгі – көлденең тік төртбұрыш, Бұл жерде ескертетін жәйт симметриялық өлшем, ол тепе-тендік, дәлдік дегенді білдіреді.

    3 – кезең.

    Артық сызықтарды өшіріп, торсық пен тостағанда өрнек элементтерін салу. Суретті бояу.

  5. Сабақты пысықтау.

    Балалар жұмысын тексеріп шығу.

  • Қандай ұлттық ыдыстарды білесіндер?
  • Торсық неден жасалады? Қолданылуы туралы айт.
  • Торсық пен тостағанды салуда нені ескеру керек?
  1. Сабақты қортындылау.
  • Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
  • Сөзжұмбақ шешу. «Торсық»
Т
2.

3.

О
Р
С
5.

6.

Ы
Қ

1.

4.

Сұрақтары:

  1. Бейнелеу өнерінің жанры /натюрморт/
  2. Адамды бейнелеу /портрет/
  3. Қарындашпен салу. Бейнелеу өнерінің түрі /графика/
  4. Кеністікте сомдалған көркем шығарма /мүсін/
  5. Ұлттық…….. /ыдыс/
  6. Сурет салуға арналған аспап /қылқалам/
  7. Үйге тапсырма. Басқа ұлттық ыдыстар туралы мәлімет іздестіру.

    Қортынды. Натюрморт жазу немесе оны суретте бейнелеу ғасырлар бойы суретшілер мен әуесқойлардың, жас ьалаптарың үйрену мектебіне айналған басты тақырыбының бірі болып қалып отыр.

    Натюрморттың композициясын табу, яғни оны өзара үйлесетін заттардын жинақтап құрастыру, формалар сәйкестігін тандай білудің өзі бейнелеушінің талғам қабілетін шындай түседі.

    Әрқашан натюрмортты орындауда жекеге көшу принципін ұстау керек. Нәрсеге қарап салу мен қатар, есте сақтау жатқа салу мәселелеріне ерекше назар айдарған жөн.

    Оқушылар натюрморт орындауда күнделікті үйреншікті жұмыс істеумен шектемей, тақырып бойынша шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшу керек. Натюрмортты бейнелеу оқушылардын шығармашылыған арттырады, байқағышты және ойшылдыған дамытады, яғни жалпы оқушылардың білімділігін арттырады.

    Оқушылардың жалпы дамуына және тәрбиелеуіне ол негізгі мақсаттың бірі болып табылады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше