Ең үздік сабақ Қасым Аманжолов “Өзім туралы”

Гүлдана Сейтова Әлібекқызы
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы
С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі қоғамдық және шығармашылық қызметі жөнінде мәлімет беру, ақынның өзіндік мұратын таныту, өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу; Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа және Елбасы жолдауында көрсетілгендей рухы өшпейтін ер – азаматтарымыздың ерлік істері мен рухани құндылықтарын қастерлей отырып, «Мәңгілік ел» болу үшін тарихымыз бен әдебиетімізді мәңгі жадымызда сақтай біле білуімізге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ақын шығармашылығы туралы тың деректер алады;
  2. Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілеті,

ой-өрістері дамиды;

  1. Шығармашылық қабілеті шыңдалады;

Не арқылы бағаланады?

  1. «Миға шабуыл»
  • Шығармашылық және топтық жұмыстар арқылы

  • «РАФТ», «Автор орындығы»
    Сабақтың түрі: аралас сабақ

  • Сабақтың типі:Интегралданған сабақ
    Сабақтың әдісі: СТО технологиялары
    Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, жыр жинақтары, баспасөз басылымдары, тірек –сызбалар, видео-ролик
    Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, өзін-өзі тану пәні
    І. Қызығушылықты ояту
    Ұйымдастыру кезеңі:

    а) амандасу ә) оқушыларды түгендеу б) құрал-жабдықтарын қадағалау в) зейіндерін сабаққа аударту

    Психологиялық дайындық

    Көңіл күйлеріңізді байқау үшін алдарыңыздағы парақшадағы (әр түрлі бейнедегі смайликтер) арқылы өз көңіл-күйлеріңізді көрсете қойыңыздар.
    Үй тапсырмасын сұрау:
    – Біз бұдан бұрынғы сабақта кімнің, қандай шығармаларымен таныстық. Әңгіме мазмұнын сұрай отырып, үйге берілген тапсырмаларын тексеру. Өткен тақырыптарды сұрақ тапсырмалар арқылы қорытындылай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

    Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің басты тақырыбы не жайында? Ана

    Ғабит Мүсіреповтің әкесі кім? Махмұт

    Жамбылдың соғыста қаза болған баласы? Алғадай

    І.Жансүгіровтің «Әнші» өлеңінде кім туралы айтылған? Найманбаев

    – Жігіттер, төс айылды бос, артқы айылды аямай тартыңдар…. күн найза бойы көтерілген кезде не қалың жауға, не қалың жылқыға кездесерміз….. деген кімнің сөзі?

    Жалпақ батыр

    1953 жылы Ғабит Мүсіреповтің қай романы жарыққа щықты? «Оянған өлке»

    Адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетуді не деп атайды?

    Лирика

    С.Мұқановтың әңгімесіндегі саятшы жігіттің есімі кім? Ораз

    Ергенекті еліне Жалпақ батырды жіберген кім? В) Бала би – Сұрақтардың басқы әріптерінен қай ақынның аты-жөні шықты?

    • Аманжолов
  • Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбымен танысайық

  • Қасым Аманжолов «Өзім туралы»

    ІІ. Мағынаны тану
    «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»
    Т.Ахтанов

    Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс туралы және оның жеңіспен аяқталуы, бүгінгі ұрпаққа батырлық, ерліктің тәлім-тәрбиесі, үлгісі жайында ақындарымыз жыр шумақтарын арнаса, сол зұлматта от пен оқ ортасында жүріп, қолына қаламы мен қаруын қатар ұстаған жауынгер батырламыз да аз болмады. Олар: Ә.Сәрсенбаев, С.Мәуленов, Ж.Саин, Ғ.Орманов, Ж.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев. Сондай батыр ақындарымыздың бірі Қасым Аманжолов та еді.

    Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
    Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
    Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, –
    өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың өр талантты ақыны, қиын да күрделі заманда туып, адалдық пен ақындықты тұмар етіп, батыл ойлы, шыншыл да сырлы, дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжолов.

    Ол 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданында Қызыл ауылында туған. Әкесі сол жерде қайтыс болады. Әке-шешеден ерте айырылған Қасым жоқшылық,жетімдікті сәби кезінен басынан өткеріп,қой-қозы бағады,тезек тереді,кісі есігінде телміреді. Болашақ ақынның қажырлы, қайратты, тік мінезді, найзағайдай өткір тілді болып өсуіне әсер етті. Алғашында ауыл молдасынан білім алады, кейін ағасының көмегімен Семейдегі интернатта ауысып, онда үш жыл тәрбиеленеді. Одан кейін Семейдегі мал дәрігерлік техникумын оқып бітіреді. Оралдағы пединститутты, Ленинградтағы орман шаруашылығы институтарына түскенмен, денсаулығының сыр беруіне байланысты оқуын жалғастыра алмай, газеттерде редакторлық, кейін театрда қызмет жасаған. Ақын 1941-46 жылдар арасында майданға ілігіп, «қанды қырған, қып-қызыл өрттің ішінде» болды. Әртістік, әншілік өнерге бейім ақын домбыра, күйсандық, мандолина сияқты аспаптарды жақсы ойнап, өзінің бірқатар өлеңдеріне ән де шығарған сазгер болған. Ол бар болғаны 44 жасында үзілді. Соғыс кезінде көп өлеңдері жоғалған, әндері де нотаға түспей қалған. Кейін бар мұрасын жинақтап бастырғанда, 3 том ғана кітап болды.

    «Миға шабуыл» әдісі

    Қасым кім?

    аудармашы сыншы драмматург

    Лирик жауынгер

    дауылпаз ақын қазақтың қайсар ұлы

    әртіс сазгер

    домбырашы майдангер

    «Қасым туралы лебіздер»
    Енді Қасым туралы естеліктер не дейді? Соны тыңдап көрсек…

    «Қасым поэзиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күйге ұқсайды. Бұл күйден көңілінің санасы барлар әрқашан да мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй, бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейіріміңді молайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттыратын Қасым поэзиясы өмірге әржақты жараса бермек. Сондықтан да өлімнің құшағына сыймайтын ақындардың бірі өзіміздің Қасым деп білеміз.
    Тәкен Әлімқұлов

    «Қасым – өзіндік үлкен мектебі бар ақын. Қазіргі Ғафу Қайырбеков, Сағи Жиенбаев, Мақсұт Байсеітов секілді бірқатар ақындарымыздың өлең екпіндерінде, жырдың музыкалық сазында, сөз өрнектерінде, әсерлі бейнелерінде Қасым поэзиясының үлкен ықпалы, игі шапағаты барлығы даусыз».

    Сырбай Мәуленов

    Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі
    1. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)
    2. Әнін тыңдату

    3.Толықтыру

    Ақын бұл өлеңді «сыр» деп те атаған себебі, шыншыл бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, қуаныш-сүйенішін, мақсаты мен сенімін жайып салған. Кейін өзі қайтыс болған соң «Өзім туралы» деген атпен жарияланды.

    1. Ассоциация әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып, мазмұнын ашу

    «Өзім туралы» әні электронды оқулықтан тыңдалады.

    «Өзім туралы» өлеңінің өзін-өзі тану пәнінің «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбымен үндестігі туралы айтып кету.

    Топтық жұмыс
    1-топқа тапсырма.

    А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі, үндестігін табу, пікір айту
    Қ.Аманжолов «Өзім туралы»

    А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінен үзінді
    Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
    Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.
    Бар болса жалғыз ақын ай астында,
    Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.
    (аудар. Ғ.Орманов)
    2-топтың жұмысы
    Абай мен Қасым ойындағы ұқсастық туралы пікір айту. Қандай адам өлмейді ?

    Қасым «Өзім туралы»
    Барым да, бақытым да осы өлеңім,
    Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
    Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
    Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін.

    Абай «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес » (өлеңінен үзінді)
    Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
    Ол бірақ қайтып келіп ойнап- күлмес…
    Көп адам дүниеге бой алдырған,
    Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
    Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

    3-топ Өлең құрылысына талдау
    Тақырыбы: өзөмірінөлеңменөрнектейді; өмір мен өлімтуралы, өлеңніңқұдіреті, ақындықтыдәріптейді. Өзі туралы сыр толғайды
    Авторы: Қ.Аманжолов

    Идеясы: ақын келер ұрпаққа өмірді, туған жерді, Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап» ,- деп өзі жырлағандай ,өлеңді, ақындықты құрметтеуге үндейді.
    Шумағы: 25
    Тармағы: 100
    Буыны: 11-12 буынды

    Бунағы: 3
    Ұйқасы: а а б а түріндегі қара өлең

    Әдеби-теориялық ұғымдар

    Эпитет: кең мекен, ала құйын, қысқа өмір, алтын сарай, мол мұра т.б.

    Теңеу: серінің семсеріндей, өлеңнің бөбегіндей, жоғалар ма нажағайдай, өртке тиген дауылдай

    Метафора: жүзім – жаз, көңілім-көктем, кең пейілді

    Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім.

    Лирикалық қаһарманы: ақынның өзі
    Сөздікпен жұмыс
    Жасық – жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз
    Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші
    Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін
    Торқа – ең қымбат жібек мата

    Пәнаралық байланыс: синоним: сүрлеу-соқпақ, ел-туған жер, ән-өлең

    Түйін сөз:

    Дүниеге келер әлі талай Қасым,

    Олар да бұл Қасымды бір байқасын.

    Өртке тиген дауылдай өлеңімді,

    Қасымның өзі емес деп кім айтасың!

    4-топтың жұмысы

    Ақын бейнесін талдау

    Өлең авторы мен өлеңнің лирикалық кейіпкеріне баға
    (ақ көңіл, досқа адал,ақын, жауынгер, сазгер, кеңпейіл,мырза,көпшіл)

    Ақын өлеңдеріндегі көңіл-күй

    1) қайғы, мұң; 2) шаттық, қуану; 3) берік сенім, үміт; 4) асқақ арман, өршіл мақсат; 5) өсиет, өнеге,өлең Өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі (кей жерлерде аяқталмай қалған делінеді) ақынның өзі туралы толғанысы, сезімі, ақындық мақсаты айтылады.

    Шығармашылық деңгей

    Өзім туралы өлең не РАФТ әдісімен хат жазу

    Роль ақын

    Аудитория – ХХІ ғасыр ұрпақтарына
    Форма – монолог, хат т.б.

    Тақырып – «Өзіммен бірге өлмесін деп өлеңім деп», не «Оқырсың сонда мүмкін өлеңімді»
    Автор орындығына отырып хатты оқу

    ІІІ. Толғаныс
    Бекіту.

    «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
    Әр топтан бір оқушы шығып, сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін бір ауыз сөзбен білдіреді.

    Қорытынды:

    Ақынның есімімен аталатын мекен-жайлар:

    Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған.

    Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді

    2011 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

    Қасым өмірді сүйген ақын. Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді. Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді….

    Бағалау
    Үйге тапсырма:

    Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау
    «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ ?» эссе

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше