"45minut.kz - Электронды нұсқа", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", Жаңа сабақтар, konkurs

Ұстаздар әні

Cөзін жазған: Темірхан Әбдіков
Әнін жазған: Жомарт Сейтбеков

Ұстаздармыз ұрпақ қамын ойлаған,
Ұлт мерейін артық көрген пайдадан.
Бар білгенін шәкірттерге үйретіп,
Баулап-баптап, намыстарын қайраған.

Қайырмасы:
Ұстаздармыз — жанын ұққан адамның,
Ұстаздар біз — айнасымыз заманның.
Кеуделерде арман отын маздатқан,
Ұстаздармыз — қамқоршысы қоғамның.

Ұстаздармыз ақ жүректі, ұлықпыз,
Ибалымыз, имандымыз, тұнықпыз.
Әр күніміз өткен емес қызықсыз,
Ел баласын қастерлеген халықпыз.

Ізденеміз, үйретеміз, сұраймыз,
Ән саламыз, ақын боп сөз құраймыз.
Ұстаздармыз шәкірттермен бақытты,
Мәңгілік ел тыныштығын қалаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.