Әдістемелік қызметтегі жаңаша әдіс-тәсілдер
Темиргалиева Шынар Бактыгереевна
бастауыш сынып әдіскері
Казталов аудандық білім беру бөлімі
Қазталов ауылы Қазталов ауданы
Батыс Қазақстан облысы
“Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек , бағына.” Ж.Баласағұн
Елімізде ұрпаққа білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасалып жатқаны баршамызға аян.Жаһандану дәуіріндегі жаңашылдықтан қалыс қалмау мақсатында білі беру жүйесіне жаңашылдықтар енгізілуде.Ең бастысы- әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалды.Әлемдік білім кеңістігіне енуге жасалған алғашқы қадамдардың бірі Кэмбридж Білім беру орталығымен бірлесе отырып жасалған деңгейлі курс бағдарламалары.Ол ХХІ ғасыр талаптарына сай бәсекеге қабілетті сыни тұрғыдан ойлайтын, топпен жұмыс істей алатын, достарымен ой бөлісетін, өмір дағдылары қалыптасқан бала тәрбиелеуді көздейді.
“Хадис” кітабында “Білімнің апаты – есте сақтамау, немесе оны қызығушылығы жоқ біреуге үйретіп алтынға тең уақытыңды босқа өткізу” делінген. Бұл бағдарлама білімді өмірмен байланысты алуға бағыттап, оқушының ішкі уәжін тудыруға тырысады.Өз ойын еркін жеткізіп, өзіне баға беруге, өзгені сыйлауға үйретеді.
2015 жылдың 12 қазан мен 6 қараша аралығында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагоикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен білім бөлімдері мен әдістемелік кабинет мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 1 айлық курсында білім алу мүмкіндігі туғанына ризамын.Тренерім Абакеева Лилия Елемесовна жылы жүзбен қарсылап, бар білімін кәсіби шеберлікпен, бір-бірімен байланыстыра, қызықты, мазмұнды үйрете білді.Әр тақырыпты топпен жұмыс түрін қолдана отырып, жете түсіндірді.
Бұл курста жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын, Lesson study тәсілі, тәлімгерлікті жоспарлау, коучинг өткізу, іс-әрекеттегі зерттеу, мектепті дамытуды жоспарлаудағы басымдықтарды анықтау, басқару мен мұғалім көшбасшылығы, кәсіби қоғамдастық, критерий бағалау туралы түсінік берілді. Жалпы,І, ІІ, ІІІ деңгейлі курс бағдарламасының түйінді идеяларын ұғынып, жаңа білім беру бағдарламаларының оқу бағдарламалары жан-жақты түсіндірілді.Назарбаев зияткерлік мектебінің мүғалімдерінің іс-тәжірибесі көрсетілді.
Еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алынып отырған осындай үлкен бастаманы қолдай отырып, курстан алған білімімді әдіскер ретінде іс-тәжірибемде қолдана бастадым.
2015 жылдың 18-20 қараша күндері Казталов аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай Казталовка ОЖББМ -не әдістемелік көмек барысында мектеп құжаттарымен танысу, сабақтарға қатысумен қатар жаңаша “Сабақты бағалау дөңгелегі” әдісі арқылы 8 бастауыш сынып мұғалімдерінің сабағы талданып, сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану талқыланды.
Ал, 2015 жылдың 25-26 қараша аралығында А.Оразбаева атындағы ОЖББМ-не әдістемелік көмек беру барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне “Сократтық семинар” әдісі бойынша “Таңдау курсының рәсімделуі” өздерінің белсенді қатысуымен жете түсіндіріліп, бірлестік жұмысы бірлесе отырып, терең талданды.Семинарға қатысушылар бірі баяндамашылар, бірі сұрақ қоюшылар, бірі бақылаушылар болып, ешкім тысқары қалмады. Жасыл және сары карточкалар арқылы қатысушылардың әрекеті өзара бағаланды.Семинар соңында “Инь-Янь” әдісі арқылы мұғалімдерден кері байланыс алынды.
Осылайша, тексеріс барысында тек анықталған жайттарды ескертіп қана қоймай,оның шешу жолдарын жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы жете түсіндіру, әдістемелік көмек беру мұғалімдердің білімін шыңдап, сапалы білімге әкелуіне себепші болады деп сенемін.































Тамаша !Ш.Бахтыгерейқызы деніңіз сау болып, жанұяңызбен бақытты болып,биіктерден көріне беріңіз!