«Менің арманым»
Нұрлан Әйгерім Ерболатқызы
4- сынып оқушысы
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 42 «Ақ ниет»гимназиясы
Перзентің бе базардың тұлына алаң?
Әлде ол сенің, Ұлы Отан, Ұлы балаң?!
Кім екенін айтпа оның,
Арманын айт,
Арманына қарап-ақ біліп алам! – деп жерлес ақын Қадыр Мырзалиев арман туралы жыр жазған. Арманына қарап адамды тани білуге болады деген ақын ойына мен де қосыламын. Расында да, адамның арманы оның өмір жолының айнасы секілді. Қасындағы дос, ата-ана, бауырлар бір-біріне, тіпті жұлдыздарға «Арманыңыз қандай» деген сауалдар қойып, адам арманы қызықтыратыны жай емес. Сонда арман деген не?
Арман – ғажайып нәрсе. Ол ғажайыпқа тырыссақ қана қол жеткіземіз. Менің арманым біреу ғана. Мыңдаған ауруына ем таба алмай жүрген жандарды көріп, әттең, мен дәрігер болсам, емдеп жазар едім деген ой туды. Сол ой арманға айналды. Мүмкін біреулерге ол арман емес, өмірлік мақсат шығар. Алайда сол мақсат менің асқақ арманым. Білікті дәрігер атану, түрлі ауруларға ем табу мені тура жолға жетелейді. «Армансыз адам алысқа бармас» деген де бар. Алысқа жетелейтін осы арман. Біреулер үшін орындалмас бір қиял. Біреулер үшін дара жол. Өмірге шабыт берер ізгі армандарымыз орындалса деген менің бала тілегім бар.
