«Кемеңгер елдің – көреген басшысы»

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

№46 жалпы орта білім беретін мектебі

Шакибалов Бек Романович

2 а – сынып оқушысы

«Елім деп соққан жүрегі Ел басы елдің тірегі»

 

«Ежелден ер тілігі- ел тілегі» деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай біздің елімізді алға жетелеп, көптеген қиындықтарды жеңіп, биік шыңға шығарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің, мәңгі жүрегінде қалатын тұңғыш президенті. 2011 жылы Тұңғыш Президент күні болып тағайындалды. Бірінші желтоқсанда ел алдында шын жүректен ант беріп, туын сүйді.

Көптеген хатықтың қамын ойлап, көп ұлттылықты қолдайды. Президентіміз 2015 жылды үлкен мерейтой деп атады. Қазақстан Халқы Ассмаблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, Қазақстан халқының конституциясына 20 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл деп жариялады. Маған президенттің осындай мерекелерді атап өткені ұнады. Барлық мектептерде , мекемелерде бұл мерейтойлар үлкен дәрежеде тойланды. Әсіресе Қазақстан Ассамблеясы, президент бүкіл халықты бір шаңырақтың астында ұстап, бейбітшілік орнатты.

«Кемеңгер елдің – көреген басшысы» – тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың орны мен үшін бөлек. Нұр ата қазақ елінің мәңгі тұңғыш президент болуына тілектеспін. Нұр атада көптеген қасиет бар.Мысалы, ақылдылық, байсалдылық, қарапайымдылық, қамқорлық. Мен президент туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» деген киносын көрдім. Нұрата сыныбында емес мектепте де алдыңғы қатарда, үздік оқыған. Ол кішкентай кезден бастап, ұшқыш болуды армандаған. Көп кітаптар оқыған. Менде Нұрата сияқты озат оқушылардың қатарындамын. Нұр ата жайында көп білгім келеді. Көрегендігімен ешкімге ұқсамайтын, айрықша мінезі бар президент қазір бүкіл әлемге мәлім. Ол халықтың көзайымы. Мен Нұратаға сенемін! Президент мен үшін өте ыстық.

Қазақстанды биік-биік шыңдарға, асқар тауларға мінгізген қазақ елінің көшбасшысына бүкіл халық риза. Қазақстан Республикасының мәртебесі жылдан жылға көтерілуде. Осы кезге дейін қаншама жетістіктерге жетті. Алдағы жылда «Астана» елімізді әлемге танытады, ЭКСПО болады. Менің түсінгенім Астанада әсем ғимараттар салынып әр мемлекеттен келіп еліміздің әсем қаласын тамашалайды. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы.

Мен үшін Нұрсұлтан атаның орны бөлек, және де мәңгілік Елбасы. Мектеп табалдырығын аттағалы «Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» деген сөзді көп естимін. Ұстазымыз Жанар Хамитқызыда Президентіміз оның ел игілігі жолындағы еңбегі туралы көп айтады. Елбасымыздың ел басқарудағы игі істерін ата-анамнан да естіп жүрмін. Сол кезде мен де армандап «Мен де Президент боламын» деп ойладым. Бірақ ел басқару үшін көп білім алу керектігін түсіндім. Қазіргі таңда білімді ұрпақ тәрбиелеу – Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының бірі екенін ұстазымнан, ата-анамнан естіп келемін. Біздің қалада «Назарбаев зияткерлік» мектебі салынды. Ол мектепте тек озат оқушылар білім алады.Сол үшін мен көп оқып, жақсы білім аламын. Және Назарбаев мектебінен тәлім аламын. Елбасымыздың жас ұрпаққа артқан сенімін, ұстазыммен ата-анамның асқақ арманын орындау үшін озат оқимын.

Нұратаға денсаулығыңыз мықты болсын, ешқашанда ауырмаңыз, елімізді көркейте беріңіз деген тілектер тілеймін! Қазақ еліне мәңгі президент болуыңызға тілектеспін!

Мен Орал қаласы, №46 жалпы орта білім беретін мектептің 2 «а» сыныбында оқимын. Қазіргі таңда оқу озатымын. Елбасымыз сияқты кемеңгер, көрегенділікке қол жеткізу үшін, ұстазым , ата-анам артқан сенімді ақтауым үшін алда болуға тырысамын. Ұстазымыз Жанар Хамитқызының айтуымен «Арманы асқақ оқушы» атты шығармаға менде қатысып көрсем деген ойымды ата-анама жеткіздім. Қазіргі таңда мен барлығынан алда болу үшін тырысудамын. Жетістіктерімде бар. Спорттан қаламыздағы «Кукеншикай» каратэға қатысамын. Жүлделі орындарымда бар. Және де домбыра сыныбанда тәлім алып жатырмын. Мен үшін ер азамат жан-жақты «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу керек. Бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын. Ән салып, пианинада ойнаймын. Менің барлық іс-әрекетімді ата-анамда, ұстазымда қолдап отырады. Ғаламтор желісіндегі Республикалық шараларға, жобаларға қатыстым. Марапаттарымда бар. Үнемі ойымда жүрген мақалаларымды, сыныбымызда өткізілген шараларды ата-анамның қолдауымен ақпараттық жариялымдарға ұсынып, газеттерге шығып жүрмін.

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше