Kонкурс. Үлгілі оқушы – Альбина Мерекеқызы
Атырау қаласы Жұмыскер кенті
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің
11 сынып жетекшісі Қанатова Талшын Иватқызы
«Мұғалімнің мақтанышы – шәкіртінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде» Д.И. Менделиев.
Ұстаз үшін өз шәкіртінің биіктен көрінгенінен асқан абырой бар ма?! Дәл сондай алапат сезімді сезінуіме себепші болған, 5 сыныптан бері көз алдымда өсіп-өніп, жетіліп келген оқушым – Альбина Мерекеқызы. Кішкентай кезінен–ақ, берілген тапсырманы тиянақты, орындауымен, әдептілігімен ерекшеленген болатын. Қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көзге түсетін. Сол кезден-ақ қоғамда өз орнын таба алатынына сенімді едім.
Иә, сеніміме еш дақ түспеді. Арада алты жыл өтті. Мен сенген Альбина, қазір 11 сынып оқушысы. Алты жылда өзінің ерекше қасиеттерімен: табандылығы, сенімділігі, көшбасшылығымен алға қойған мақсаттарына жете білді. Альбинаның ірі жетістіктерін атап өтсем:
Республикалық «Айбын» әскери –патриоттық І жастар жиынына қатысып, ҚР Қорғаныс министрі И.Н.Тасмағанбетовпен кездесіп, республика жастары атынан сыйлық табыстады.
Астана қаласында өткен «Мамандықтар әлемінде» І республикалық форууға ІІІ орынды иеленді. «Жол қозғалысының жас инспектрі» атты республикалық ХІІІ слетіне қатысып, ерекше белсенділігімен Атырау облысының намысын қорғаған болатын.
Ақтау қаласында өткен «Батыс аймақтық пікір сайыс» турниріне қатысып, ерекше сөз саптау мәнерімен көзге түсе білді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған РБ «Жас ұлан» БЖҰ-на мүше болып, Атырау жас ұландарының ұлан басшысы атанды. Осы аралықта «Жас патриот», «Үздік ұланбасы» номинацияларын жеңіп алған болатын.
Атап айтқан жетістіктері Альбинаның тынымсыз еңбегінің жемісі деп білемін. Бұл орайда Альбинаның маған келіп: «Сіз нұсқаған тура жолмен жүре, бұл жетістіктерге жеттім. Рахмет сізге!» деп алғыс білдіруден еш жалыққан емес. Дәл сол сәтте, бұл өмірде «Ұстаз» болу бақыты маған бұйырғанына қатты қуанамын.
Қазіргі таңда оқушым қоғаммен тығыз байланыста. Елімізде болып жатқан оқиғаларға үнемі өз пікірін ашық айтып, тарихпен ұштастырып отырады. Бұл кезекте Альбинаның Атырау қалалық пікірсайыс турнирінде «Үздік Спикер» атағын жеңіп алғанын ерекше атап өте аламын. Себебі, пікірсайысқа қатыса отырып, оқушымның ойлау, сөйлеу қоры кеңейе түсті.
Міне, мен ерекше мақтанышпен атай алатын «Үлгілі оқушым» дәл осындай. Яғни, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан, қоғаммен тығыз байланыста бола алады. Ендігі тілегім біреу! Оқушыларыма Ұлттық бірыңғай тестілеуде жемісті қорытынды тілеймін!
Ұстаз еңбегі қашанда шәкіртінің алар асулары мен шыққан шыңдары арқылы өлшенбек.
Шәкіртім Альбинаның да алған асулары аз емес. Алға қарай да жоғары оқу орнына түсіп, белгілі бір мамандық иесі болып, еліміздің мақтанышы болатынына сенімім мол.







