Аубакирова Маржан Калтаевна
Астана қаласы№48 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Маржан Калтаевна
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сыбызғышы
Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұны мен негізгі ойды болжай отырып меңгеруіне қолайлы орта құру
Сабақтың міндеттері :
· Ертегінің мазмұны мен идеясын өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау;
· Тайыр хан, Асан және биші киік туралы ой пікірлерін болжай отырып оқуға көмек беру;
· Жеке, жұпта, топта өз көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, бірлесе дамуға мүмкіндік беру;
Күтілетін нәтижелер:
· Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тыңдайды;
· Берілген мазмұн бойынша өз көзқарастарын білдіреді;
· Алға қойған мақсатқа жету үшін ойланады, жазады, салыстырады;
III. Сабақта қажетті материалдар: Мәтін, көрнектілер, кері байланыс парақтары.
Бағалау: «Суретпен болжау», «Болжау», «Эссе».
Сабақтың түрі: жан-жақты ізденіс сабағы..
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы
Суретпен болжау
Тірек сөздерге назарларын аудару
Кедей бала Сыбызғы Киік лағы
- Осы сөздерді естігенде көз алдарыңызға не елестеді?
-
жеке ойлану
-жұпта бөлісу
-ортаға салу
-Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?
ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы
« Болжау» арқылы оқыту.
- Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып,бала жетім қалыпты.
Арықарай не болуы мүмкін? (жеке,жұпта,топта талдап жаз)
Мәтін беріледі.
- Болжамдарыңа сәйкес келді ме?
Асан мен шешесі Тайыр ханның қоластында қалай өмір сүрді?
Сөздік жұмысы:
Кіріптар – бағынышты болу
Мәтін беріледі.
- Сен ойлағандай болды ма?
Асан мұң –шерін қалай шығаратын еді?
Сөздік жұмысы:
Нән – үлкен
Қиғылық салу – шатақ шығару
Мәтін беріледі.
- Қаншалықты сәйкес келді?
Киіктің лағы Тайыр ханның сыбызғышыларына неге билемеді?
Мәтін беріледі
- Ертегі сен ойлағандай аяқталды ма?
Қаншалықты сәйкес келді?
- Асан өз мақсатына қалай және не арқылы жетті?
Не болды? Жеке кестеде қысқаша жазып шық.
| Не болады деп ойлайсың? | Оған қандай дәлел бар? | Не болды? |
ІІІ. «Ой толғаныс сатысы»
- «Менің сабақтан алған әсерім»
IV. Үй тапсырмасы:
Егер Асанның орнында болсам не істер едім?
Документ Microsoft Office Word (4).docx
