Шығарма. Менің сүйікті ұстазым

Атырау қаласы №9 Ш.Уәлиханов атындағы

орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы Досқали Нұрасыл

Мұғалім –зор тұлға , ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. К. Д. Ушинский

Мен Атырау қаласындағы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 2 «А» сыныбында оқимын. Ұстазымыз «Халыққа білім беру ісінің үздігі» Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы.Апайымыздың 33 жылдық еңбек өтілі бар. Апайымыз бізге 2 жылдан бері білім-тәрбие беріп келе жатқан нағыз ұстаз. Ең алғаш қолымызға қалам ұстатқан ұстазымызды қатты құрметтейміз. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды ашық, еркін айтуды үйретті. Сабаққа дайындалмай келетін бала бізде болмайды.

Апайымыз біздің білімімізге, тәртібімізге , киім киісімізге, тазалығымызға қатты мән береді. Бізге апта сайын тренингтер, сынып сағаттарын, әр мереке сайын мерекелік тәрбие сағаттарын өткізеді. Жыл сайын республикалық «Айгөлек» бала-лар журналына жазылып жүрміз. «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдәқызы осыдан 7 жыл бұрын біздің мектепке кездесуге келіпті. Кездесуді ұйымдастырған біздің ұстазымыз –Қарлығаш Жолдасқызы екен. «Айгөлек» журналының біз үшін зор пайдасы бар екенін апайымыз арқылы білдік. Ұстазымыз бұл журналмен он бес жылдан бері дос екен. Сынып болып түскен фотомыз журналға шықты. Сынып оқушыларының салған суреттері де соның ішінде менің де салған суретім журналда жарық көрді. Ондағы шыққан материал-дарды сабағымызға үнемі пайдаланып жүрміз. Биыл екінші сыныпқа оқимыз. Апайымыз енді мақала, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел жазып, ребус, сөз-жұмбақ құрастырып жібересіңдер деп тапсырма берді.

Бізге тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстазымызды ата-аналарымыз да қатты құрметтейді. Жиналыс сайын тренинг болды, фотоға түстік, жиналыстан біраз нәрсе үйрендік деп ата-анам үйге мәз болып келеді. Бізге білім беріп және бар жақсылықты үйреткен , оқушылардың және ата-аналардың сүйікті ұстазы Қарлығаш апайым аман болса екен деп тілеймін.
Сүйікті апайымыз біздің мәңгі ұстазымыз болып қалса деймін.

Шыарма Досали .doc

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше