Шығарма. Менің сүйікті ұстазым
Атырау қаласындағы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 2 «а» сынып оқушысы Гайниева Мадина
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім , үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол- ұстаздар деп білемін.
Қымбат Әбілдәқызы
Мен ата-анамның жалғыз қызымын. Былтыр мектеп есігін алғаш ашарда ата-анам да, өзім де ұстазым қандай болады деп қатты уайымдадық. Көршілерімізден Қарлығаш апай туралы ата-анам естіп келді. Алайда апайдың сыныбына мен сабақ басталғаннан кейін екі аптадан кейін ғана бара алдым. Себебі, ата-аналар балаларын Қарлығаш апайға бергісі келеді. Ал, апайдың сыныбында бала көп болды.
Менің қазіргі тиянақты білімім, бойымдағы жақсы ісімнің барлығын ұстазым-нан дарыған деп айтамын . «Мектеп-аналарың, ал мен паналарыңмен» ,- дейді ұстазымыз. Біздің әр сабағымыз қызықты өтеді. Апай сабақ түсіндіргенде , ешбір оқушы алаңдай алмайды..Ұстазымыз теріс қарап тұрса да қай жерден қыбыр шыққанын біліп қалады. Үйден дайындалып келген сабағымызды сабақтан кейін қалып болса да сұрап жібереді. Еңбектерің бар ,бағалауым керек ,- дейді. Мен сыныпта белсендімін, сынып сағаттарында өлең айтамын , би билеймін.Апайымыз бізді өте жақсы көреді. Бәріңді де жақсы көрем, бәрің маған бірдейсіңдер дейді. Сонымен қатар, мені «сыныптағы тіл байлығы өте жақсы оқушысың» деп үнемі мақтайды.
Біз бірінші сыныптан бері республикалық «Айгөлек» журналымен достық қарым-қатынастамыз.Журналдың әр санын асыға күтеміз.Қымбат апайдың Қарлығаш апайға сыйлаған екі өлең кітабы бар .Ұстазымыз соның ішіндегі өлең-дерді «Мәнерлеп оқу» үйірмесінде жаттатып , мәнерлеп оқуға үйретіп жүр.
Мен шығармамды Қымбат апайымның өлеңімен аяқтаймын.
Жақсы менен жаманның ,
Айырмасын танытқан.
Пайдасы мен залалын,
Санамызға дарытқан.
Жан ұстазым-жақыным,
Аямаған ақылын.
Жақсы ұстазы болмаған-
Көп нәрседен мақұрым.
