Менің сүйікті ұстазым

Астана қаласы №48 мектеп-лицейдің3 «В» сынып оқушысы Әмірхан Аяулым

Менің сүйікті ұстазым

Ең алғаш мектеп табалдырығынан кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріптерді үйреткен – менің сүйікті ұстазым –Аубакирова Маржан Қалтайқызы. Маржан апайдың маған әліппе мен қаламды алғаш ұстатып, күлімсіреп оқушы атанғанымызбен құттықтағаны әлі есімде.Ол кісінің айтқанын тыңдаймыз, орындаймыз. Өйткені апай соған лайықты жан.Ол бізге дауыс көтеріп сөйлемейді.Тек білім ғана беріп қоймайды бізді тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекке, елімізді сүюге, ана тілімізді құрметтеуге баулиды. Апай бізге сынып сағаттарында достық, жолдас, ата-ана туралы әңгімелер айтып береді. Біз апайымыздың осы үмітін ақтаймыз. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі адам ол – алғашқы ұстаз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше