Менің сүйікті ұстазым
Атырау облысы Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысыҚабижан Нұрдаулет Сайранұлы
Сынып жетекшісі: Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы
Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті ұстазы болады.Ұстаз әр оқушының екінші анасы.Менің сүйікті ұстазым бастауыш сынып мұғалімі,әрі сынып жетекшім-Гүлжамал Жәңгірқызы.Ұстазым өз мамандығын оқушыға жақсы жеткізеді,сабаққа жан-жақты дайындықпен келіп,әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп түсіндіреді,Қарапайымдылығымен,адамгершілігімен бізді баурап алады. Қазақ тілі,математика сабағын тартымды әрі қызықты етіп өткізеді. Әр түрлі іс-шараларды қолданады,сабақты қызықты өткізуін қадағалайды. Гүлжамал Жәңгірқызынан үйренер нәрселер өте көп. Ол бізге білім беруге,ой-пікірлерімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап ат салысады.Ұстазымның бір ерекшелігі оқушыларын көлеңкеге қалдырмай,әр түрлі іс-шараларға қатыстырады. Маған ұстазым анамдай болып кетті. Анамды қалай құрметтеп сыйласам, ұстазымды да солай құрметтеймін. Ұстазымды сыйлау менің парызым. Ұстаз деген ұлы есім.

