Кәрімжан Шұғыла Алмазқызы

Атырау облысы Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп

оқытататын техникалық гимназияның

4 «В» сынып оқушысы Кәрімжан Шұғыла Алмазқызы

Сынып жетекшім: Калиева Айтолкын Кайсаевна

Шығарма

Менің мектебім

Менің атым Шұғыла. Мен Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда төртінші сыныпта оқимын. Мектебім маған өте ұнайды, ол менің жан-жақты дамуыма әсерін тигізіп жүр. Оқумен қатар би, домбыра, қобыз, каратэ үйірмелеріне қатысамын. Мектеп өмірінде өтетін іс-шараларға белсене араласамын. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым екінші қабатта, іші кең, жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді. Ұстазымыз үлкендерді сыйлауға, Отанды, туған жерді, туған туысқандарын сүюге, достықты бағалай білуге тәрбиелейді. Мектепте көп жаңа дос таптым. Осы мектеп шаңырағында өзімді керемет сезінемін. Осындай мектеп біздің қаламызда болғанына өте қуаныштамын. Мектепте өткен әр күнім шаттыққа толы. Мен өзімді ең бақытты баламын деп ойлаймын. Мен мектебіме өркендеуін тілеймін. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін.

Мұғалім берген білім, ой
Бойымдағы күш жалын.
Көңілімнің нұры ғой
Сүйікті менің ұстазым!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше