Бейсенбек Аян Асхатұлы
Атырау облысы Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп
оқытататын техникалық гимназияның
4 «В» сынып оқушысы Бейсенбек Аян Асхатұлы
Сынып жетекшім: Калиева Айтолкын Кайсаевна
Шығарма
Біздің сынып
Мен Ағылшын тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқимын. Мектептің сынып бөлмелері көп. Сынып бөлмелері таза, әрі жарық, кең. Біз үшін барлық жағдайлары жасалған. Мен осы мектептің 4 “в” сыныбында оқимын. Міне, біз биыл бастауыш сыныппен қоштасып, жоғары сыныпқа аттанамыз. Осы төрт жыл бойы бізге білім нәрін беріп, адамгершілікке тәрбиелеп, оңды-солды үйреткен ұстаз- Калиева Айтолкын Кайсаевна. Біз ол кісіні құрметтейміз, айтқан тілін аламыз. Сыныпта барлық оқушы ол кісіні өте жақсы көреді. Сыныпта барлығы отыз төрт оқушы бар. Олар бір-бірімен тату, қамқор және дос. Сабақ үстінде әрдайым біріне-бірі көмектеседі. Сонымен қатар сыныпта үздік оқушыларымымызда бар. Олар әр түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алады. Сыныпта сынып сағаттары, мерекелік шаралар, түрлі сайыстар жиі-жиі өтеді. Мен өзім шахмат үйірмесіне қатысып, бірінші орыды иелендім. Бұл жетістіктердің бәрі бірінші гимназияның сыныптың абыройы деп ойлаймын. «Өмір үлкен мектеп», «білімнің басы-бейнет, соңы зейнет»-, демекші біз әрдайым ұйымшылдықпен, сыныппен бірге жақсы оқуды, еңбекшіл болуға тырысамыз.
