Бисембаева Айшабибі Ерболқызы
Атырау облысы Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп
оқытататын техникалық гимназияның
4 «В» сынып оқушысы
Бисембаева Айшабибі Ерболқызы
Сынып жетекшім: Калиева Айтолкын Кайсаевна
Шығарма
Менің сүйікті пәнім
Мен төртінші сыныпта оқимын. Маған барлық пәндер ұнайды. Менің сабақ үлгерімім өте жақсы. Пәндердің ішінде, әсіресе, математиканы қатты ұнатамын. Математика сабағында көп таңбалы сандарды ауызша шығаруға үйрендім. Сабақта үнемі логикалық тапсырмаларды орындаймыз. Топпен жарысып есеп шығарамыз. Мұғаліміміз Калиева Айтолкын апай құрастырған қызықты логикалық тапсырмалар мен журналында берілген математикалық тапсырмаларды қызыға орындаймын. Математика сабағында біз бір-бірімізге көмек береміз. Қоңырау кезінде көбейту кестесін сұрау арқылы «ыстық орындық» ойынын ойнаймыз. Математика пәні барлығына ұнайды деп ойлаймын. Менің сүйікті пәнім математика.
