Тақырыбы: Табиғаттағы уран. (Уранның пайдасы мен зияны)
Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылы №9 орта мектеп
Тақырыбы: Табиғаттағы уран. (Уранның пайдасы мен зияны)
Бағыты: Ғылыми техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны
Секция: Физика
Жоба авторы: Танхай Жансая, 10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Жалгасбаева Жанар Елубаевна, физика пәні мұғалімі
Бұл ғылыми жобада өндіріске қазіргі таңда қажет ауыр металдың бірі – уран жан – жақты қарастырылған. Оның пайда болған кезеңінен бастап, табиғаттағы таралуы және оның пайдасы туралы мәліметтер жинақтаған.
Ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын жинақтай келе, уранның адам ағзасына, табиғи процестердің өтуіне, жер бетіндегі құбылыстарға тигізетін әсерін көрсете білген.
Уран қалдықтарының жер асты сулары арқылы көп мөлшерде жетсе, қандай биологиялық өзгерістер жасайтындығы, біз табиғат компоненті болғандықтан, кері әсер ететін факторлардан өзімізді қорғау жолдарын, олардың алдын алу мақсатында көптеген ізденістер жасаған. Бұл жұмыстың маңыздылығы өте зор, табиғатты, жер ананы, қоршаған ортаны қорғау мақсатында алынған. Болашақта толықтырылулар енгізсе, өсіп келе жатқан ұрпаққа радиоактивті ауыр металл уран туралы көптеген мағлұматтар жинақталған, қосымша әдебиет болары хақ.
