10 а – сынып оқушысы Тұрғанбек Айжарқын

«№15 Ж.Нұрлыбаев жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10 а – сынып оқушысы Тұрғанбек Айжарқын .

Ғылыми жұмыс жетекшісі : Тарих пәнінің мұғалімі : Исаева Мунира

Елін ойлаған елбасы –Нұрсұлтаным,

Жерін ойлаған ардақты – Абылайым.

Қазақ елі қазақ жері оңайшылықпен тәуелсіз ел бола қоймағаны бәрімізге айқын әрі анық .Бізге осындай ақ түйенің қарны жарылған заманда ,тәуелсіз елде , бейбітшілік пен келісім жарасқан Қазақстанда өмір сүру бақыты бұйырды.Қазақстан тәуелсіздігін алу жолында қаншама қиындықтарды бастан кешірді .Соғыстыда , аштықтыда ,құлдықтыда көрді .Елдің тыныштықта, еркін өмір сүруі басқарып отырған басшыға байланысты . Қазақ тарихында жақсы аты қалған елдің жағдайын ойлап халықты біріктіре білген ерекшесі Абылай хан және оның жолын жалғастырушы қазіргі таңдағы жаңа әлемдегі жас Қазақстанның білікті басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Екеуіде ел үшін туған дара әрі дана тұлғалар . Абылай хан мен елбасымыздың ұқсас жақтары өте көп . Тағдырлары мен өмірлері өте ұқсас . Абылай хан ХҮІІІ ғасырда өмір сүрді . Мемлекет қайраткеріне тән қасиеттері бар хан 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген .Азан айтып қойған есімі Әбілмансұр ,Сабалақ деген лақап есіммен жүрді .Төлебидің малын баққан малшы хан болады деп кім ойлаған .Он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы соғыста белсене қатысып көзге түсе бастайды. Абылай хан тапқыр әрі шешен ,алғыр ойлы болған , әрдайым әділдігімен ерекшеленген . Абылай хан қазақ даласының даналығын бойына жинаған ақылды және парасатты ,анталаған жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білген қоғам қайраткері Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып ,қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайланды . Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып димломатиялық саясаты оны ұлы қайраткерлер деңгейіне көтерді . Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. Абылай хан соғыс жағдайына сай қол астындағы елге , әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты . Абылай хан сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбады және көбіне үстем шығып отырды .Ол қазақ хандығының күшін біріктіріп ,әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

Абылай хан орта Азия елдері ,Ауған елімен ,Түркиямен келіссөздер жүргізді . Абылай хан аса дарынды хан ,қайраткер ,қолбасшы болды .Қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі .

Абылай хан мен Елбасының тарихта алар орны ерекше . Ұқсас тұстары домбыра шертіп , көп тілді меңгерген әділ басшылар . Қос кемеңгерге жақсы сөздердің барлығы лайықты .

Тәуелсіз мемлекет құруға және бір орталықтан басқарылатын ел құру Абылай ханның негізгі мақсаты еді . Билікке келгеннен бастап үш жүздің басын біріктіріп қазақтың кең даласында алауыздықтар мен барымта алуды тоқтатты .Қазақтардың егіншілікпен , мал шаруашылығымен айналасуына қолдау көрсетті.Дарынды адамдарға қамқорлық жасады . Абылай ханның елді билеудегі ішкі және сыртқы саясатында өзінің көрегендігімен, икемділігімен ерекшеленеді. Сыртқы саясатында көрші елдер мен тату –тәтті қарым -қатынас саясатын ұстанды .

Абылай ханның ізін жалғастырған қазіргі күннің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің гүлденуіне қосқан үлесі зор . Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысында дүниеге келген . Зерек ,тілалғыш болып өскен . Елбасымыз еңбеккор ең алғашқы жұмыс жолын қарапайым қара жұмысшы болып Теміртау қаласында бастады , кейіннен еңбекқорлығының арқасында дәрежесі өсе келе президенттік тағына отырды .

Аз уақыттың ішінде еліміздің дамып , көркейуі президентіміздің арқасы . Тәуелсіздік алар жылдары қазақ елі қиын қыстау кезеңде еді , осы қиындықтан елбасымыздың басқаруының арқасында шықтық .Қазақ халқына тиімсіз саясатты жүргізбей елді жаңа саясатпен іс жүргізді .Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдап , басқа елдерге үлгі бола білді. Ата заңымызды қабылдап , ұлттық валютаны енгізіп , Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды .Дағдарыста тұрған елді дамуына бар күшін салып қазіргі таңдағы Қазақстанға жеткізді . Ерекше біліктілігінің арқасында жаңа жас Қазақстанды бүкіл ел мойындады .Барынша елді ойлап халыққа жағдай жасады . Дамыған елдердің қатарына қосылу мақсатында «Қазақстан -2030» бағдарламасын 1997 жылы «Қазақстан – 2050» бағдарламасын 2012 жылы қабылдап осы жобалар арқылы басқа елдерге өзіндік ерекшелігі бар данышпандылығын көрсетті . «Болашақ жастардың қолында»- деп «Болашақ» жобасын жасап ,жастарға сенім артты .Жастардың білім алуына , спортпен айналысуына өзінің бойындағы дарындылығын көрсетуіне қамқорлық көрсетіп жағдай жасады .

Ең алғаш «еңбек жолын қарапайым металург болып бастаған жігіт қалай Елбасы болды ?»- десе , өзінің табандылығы ,шыншылдығы , еңбекқорлығының арқасы дер едім .Теміртауда кадрлер дайындау мақсатында , Украйнаға ,Днепрродзержинскіге барып , ВТУЗ –да оқып келеді.Қарағанды металургия зауытында жұмыс істеді .Еңбек қорлығының арқасында көптеген жұмыс істеп жүріп қызметі жоғарылай түсті Қазақ КСР министілер Кеңесінің төрағасы , Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы , қызметтерін атқарады .Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауында , сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті .

Әрбір елдің ,халықтың бір дәуірлерде қайта түлеуіне ,жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болады .Біздің елбасы сондай тұлға . Осындай ұлт бақыты үшін туған азаматтың қайраткерлігі , сезімталдығы көрегендігі , нені қолға алса да жүз айналып, мың толғанып шешім жасайтын қасиеті маған ұнайды .Сайланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму өркениеттің жолына түскен халқымыз ел өміріндегі бар жаксылықты әр саладағы сәтті қадамдарда , Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеміз. Қазақ елін халықаралық аренада елу елдің қатарына енгізіп, дамыған елдермен иық текетіресе алатындай дәрежеге жетті . Елбасымыздың аз уақыт ішінде еңбектерін ауыз толтыра мақтана аламыз .Президентіміз көрегенді тұлға, ол еліміздің өркендеуіне әсер етуші факторларды жасады .Қазақстанның астанасын Алматыдан Астанаға көшіруінде саясаткерлік шеберін көрсетті .Қазақстанда экономикада өзгеріс енгізіп демократиялы ел болдық .Қазақстан даму стратегиясы «Қазақстан -2050» жарық көрді . Ең маңыздысы , елді ойлаған ел басы Семей полигонын жабу , және жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың бір аспан астында өмір сүруін жөн санады , сындарлы саясаты Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуға және «ЭХРО -2017» көрмесінің біздің елде өтуіне ықпалы зор . Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын , халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы . Салиқалы саясатынның арқасында мемлекетіміз орнап , экономиканы реформалау арқылы өзінде , еліміздіде әлемге мойындатқан заманымыздың аса дарынды тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап «Маңгілік ел» болатындығымызға сенім білдіреді . «Жастар болашағымыздың тірегі» – деп мемлекеттік жастар саясатына бірінші кезекте жағдай жасап қолдау көрсетуде .

Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылатын басшылар Абылай хан мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп білемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше