6 «ә» – сынып оқушысы Қалыбай Севара
Оңтүстік Қазақстан обл Мақтарал ауданы «№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы
жалпы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6 «ә» – сынып оқушысы Қалыбай Севара.
Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Исаева Мунира Аллабергеновна
Карта
Карта арқылы білемін өзен барын, көл барын
Карта арқылы білемін жұмбақ әлем сырларын
Адасқанда сен жолдан карта арқылы табасың
Карта арқылы іздеп сен біліміңді ашасың
Картаменен жетесің армандаған жеріңе
Картаменен мен бүгін сауатымды ашамын
Картаменен танисың әлемдегі қаланы
Шоқан ата
География , тарихты зерттеген
Білім нәрін ашып талай терлеген
Ғалымдардың ғалымы Шоқан ата
Еске алар ұрпақтарың намысын бермеген
Ел намысын қорғап білімін ашқан
Балаларға ынтаменен нұр шашқан
Бүгін міне ескерткіштің алдында
Бас иеді балаларда қасыңда
Бәйтерек
Бәйтерегім жүрегімнің нышаны
Бәйтерегім ата-баба ізі еді
Бәйтерегім биіктерден көрінер
Баға жетпес Астананың үні еді
Тәуелсіз менің қазақ елім
Рухы биік азат елім
Бақыттығой бар адам
Гүлдер толы ғажап елім
Қазақ хандығы
Кең даланы үйріп алған Шыңғысханы
Төрелермен сұлтандардың арғы атасы
Абылай деп ұрандатқан халық жаны
Алаштың арыстаны Абылай ханы
Керейменен Жәнібек бірігіп ел билепті
Қасымхан жеті жылдай ерлік қылса
Хақназар ! қырық жыл хандық құрса
Шығай ханды екі жылда жерлепті
Тәуекел мен Есім хан елдің жайын ойлаған
Салқам Жәңгір хан қазақ халқын ,елін қолдаған
Әз Тәуке кеңес құрып жеті жарғы жасаған
Ұлтым менің бес жүз елу жылдық хандығын
Ел тарихы мерейтойын құтты болсын
Мәңгілік Қазақстан мықты болсын
Қазағымның тарихы
Кіші жүз бастап кірді Ресейдің аясына
Салық салғыш орыстың саясына
Бұл жайға не қыламыз өкініп
Қалмадықпа Ресейде бекініп
Жүрермедік бүкшиіп Маңғол болып
Немесе шаян бақа жеп Қытай болып
Көтерілдік еңсемізді түсірмей
Көкседік тәуелсіздік теңдігін
Пугачев бастап еді
Сырым оны қостап еді
Жанқожа саспай енді
Көтеріліс ашқан еді

