11а –сынып оқушысы Тәттібай Сымбат

«№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің 11а –сынып оқушысы Тәттібай Сымбат

Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Исаева Мунира

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Алтын –сәнге, күміс –емге ».

Күміс өте ерте заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланып келеді . Мысалы : Мысыр фараоны Менес заманында (біздің заманымыздан бұрынғы 3600 жылы ) күміс алтыннан 2,5 есе қымбат болған. Күміс ХҮІ –ғасырдан , ХІХ –ғасырдың аяғына дейін Еуропа елдерінің ақша айналымында ( күміс монометалл не биметал ) болған . Емшілер өте ерте заманда –ақ күмістің қасиетін ерекше бағаланған .Мысалы ,Үндістанда ,Египетте ,Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған . Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Билікке талас –тартыс кезінде ,ел басқаратын көсемдерінің тағамдарына қарсыластары қастандықпен у қосса оны ежелдегі емшілері күміс арқылы анықтап отырған . Осы әдіспен көптеген ежелгі тарихи тұлғалардың өмірін күміс сақтап қалған . Өткен тарихи оқиғаға сүйенсек бір кеме бір ай бойына мұхитта болады ,баратын жеріне жеткенше , кеме ішіндегі барлық адамзат баласы және қызметкерлері белгісіз аурудан көз жұмады да тек кеме офицерлері тірі қалады .Оның сыры кеме офицерлері өз жандарын күмістен жасалған ыдыс аяқты пайдалану арқылы сақтап қалған. Таза күміс : ХІХ –ғасырдың аяғында елдердің көпшілігі алтынға (алтын монометалы ) ауысты . Күміс валютасы Қытайда , Иранда ,Ауғанстанда ХХ-ғасырдың 30- жылдарына дейін сақталды . Негізгі минералдары : аргентит Аg2 S пираргирит Аg3 S d S3 прустит Аg3 ASC3 саф күміс т.б . Күміс жұмсақ, созылғыш (1г күмістен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады ) ақ түсті металл , тығыздығы 10,55г/см3 балқу t 961,9 0 С қайнау t 2170 0 С тотығу дәрежелері +1 ,+2,+3 сиректеу +4 . Электр тогын , жылуды жақсы өткізеді . Қазақстанда күміс Бозшакөл ,Қоңырат , Ақтоғай ,Айдарлы ,Бақыршық т.б кен орындарына кездеседі .Күміс бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие . Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады . Бір сөзбен айтсақ , табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық ете алады екен .Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп , күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып ,сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып , «Баланың күні күмістей жарық болсын » деген жоралғы жасаған . Ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған дәулет қазынасы халқымыздың өзіне тән сән-салтанатын паш ететін асыл мұрасының көрінісіне айналып отыр. Қазақ халқының күмістен жасалған зергерлік әшекей бұйымдарын былай қойғанда, көшіп-қонған дәулетті отбасыларының күміс қасық, күміс самаурын, күміс табақ қолданғанын, қазақтың «Күміс құман-ай, отта тұрған-ай» деп шырқаған әнінен-ақ байқауға болады. Бұрынғы әр қазақтың отбасында қазан көтеріп, ас дайындаған кез-келген әйелдің қолында күміс сақинасы немесе жүзігі болмаса, оның қолынан ас ішпейтін болған. Өйткені күмістің өте күшті табиғи антисептикалық қасиетін, жұқпалы аурулардың алдын алуда пайдасы зор екендігін қазақ халқы ертеден-ақ білген. Металдың өзінің әдемілігімен қатар , таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес .Қазақта итаяққа салу деген дәстүр бар . Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда ,не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына сал »,-деп сақина ,күміс ,жүзік сияқты заттар береді .Бұрынғы өткен заманда қолында ,киімінде күміс әшекейлері жоқ әйелдерді қазан –ошаққа жолатпаған деседі .Тарихи аңыздарға сүйенсек жаугершілік заманда қазақ қолы мен қалмақ қолы соғысып жатқан кезеңде , сол жерде бір жұқпалы ауру пайда болып,қалмақ қолы сол кеселден жаппай қырылыпты . Ал қазақ сарбаздарының еш қайсысына бұл кесел дарымаған .Кейін зертеушілер бұның басты себебі,қазақ әскерлерінің қару жарағы мен ат -әбзелдерінде күмістің мол болуынан деп тұжырым жасаған .

Күмістің 500-600 түрлі бактерияны жоятын қасиеті бар. Мысалы, жаугершілік заманда соғыстағы батырлар қандай да бір суды ішуге қауіптенетін болса, қолдарындағы күміс жүзікті немесе күміс саймандарын салып, тазартып, сосын барып уланамыз деп еш күдіктенбей іше бергендігі тарихтан белгілі.Дана халқымыз күмістің көптеген жұқпалы кеселдерге қарсы тұратын қасиеті барын ежелден –ақ бағамдаған .Күміс бактери –цидтік және антисептикалық қасиетке ие .Қазақта алтын мен күміс қатар жүреді . Себебі ,алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Ағзадағы иммунды қалыпты етеді . Күмістің емдік қасиеті аса жоғары. Ендеше ,бұл металды адам организміне қалай жеткізуге болады ? Мұның ең өнімді жолы –күміс қасықтарды пайдалану .Әсіресе қасық жұмсақ қақтаған ақ күмістен жасалса . Сонда ғана оның иондары сумен бірге организмге сіңеді . Мұны күміс қасықтың шетінің «мұжылуы» айқын аңғартады Жалпы ішетін суға түнге қарай күміс салып қойып , таңертең ішетін болса көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға болады . Ол тістің қызыл иегін бұзылудан сақтап ,бактерияларды жойып асқазан –ішек жолдарын тазалайды .Асқазаны ауыратын адамдарға осы емдік әдіс пайдалы .Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп ,қорғаныс қасиеті азайып,тез шаршау пайда болады Айталық тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады .Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай ,ағзадан зиянды токсиндер мен микроптарды шығарады Қазіргі таңда кыз –келіншектер қолына күмістен жасалған әшекей білезік бұйымдарды тағып жүрсе қан айналымын жақсартады . Сірә , алтын –күміс қасықпен ас ішу тек қана байлықтың көрінісі ғана емес, сауаттылықтың да белгісі болса керек. Қорыта келгенде қазақ халқы нағыз дамыған мәдениеттің үлгісін, әшекей бұйымдарын күмістен жасалғандығы халқымыздың бекзат болмысын көрсетсе керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше