Алтынбек Динара
Алтынбек Динара 3- сынып оқушысы
БҚО Шыңғырлау ауданы Қуағаш ОЖББМ
Менің мектебім.
Алтын ұям мектебім,
Төріңнің аттап мекенін
Жүрміз ғой біздер білім ап,
Мақтан тұтқан өз жерін.
Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Біз білім алу үшін мектеп деген киелі ордаға келеміз. Мен білім алып жатқан мектептің атауы Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебі ол 1932жылы құрылған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында 2010 жылдан бастап жаңа ғимаратқа көшірілді. Алғаш мектеп табалдырығын 5 жасымда 2012-2013оқу жылы аттадым. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді . Менің мектебім бір қабатты,барлық талапқа сай кең, жарық және таза мектеп ғимаратында алаңсыз білім алудамын. Мектептің сұлбасы алыстан көз тартады. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар. Мен мектебімді ұнатамын. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін. Болашақта өзімнің алтын ұя мектебімде ұстаз болуды армандаймын. Ол үшін сабақты жақсы оқып, ата-анамның үмітін ақтау мен үшін үлкен парыз білемін.


