Қамбарұлы Әділет

Атырау облысы Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы Қамбарұлы Әділет

Сынып жетекшім Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы

Менің сүйікті ұстазым

Ұстаз жүгі ауыр,ұстаз аса қадірлі жан.Ұстаз бүкіл адам баласын оқытып,тәрбиелейтін адам.Әрбір ұстаз өз оқушысының білімін,ақыл-ойын,дамытып адамгершілікке,әдепті болуға үйретуге жанын салатын адам.Ұстаз менің екінші анам.Ұстазым,сынып жетекшім Гүлжамал Жәңгірқызы. Ұстазым өте білімді жан-жақты,өз ісінің шеберлігімен,әр сабақты терең,түсінікті етіп өткізеді.Сыныбымыз түрлі концерттерге,жиындарға қатысып жүлделі орындарға иеленіп отырамыз.

Ұстазым сабақ арасында көңілімізді көтеріп,түрлі қызықты әңгімелер,ертегілер айтып өте көңілді өткіземіз.Мен ұстазымызға денсаулық,отбасының амандығын,әрдайым ортамызды сүйікті ұстазым болып жүруге тілектеспін.

Менің сүйікті пәнім

Менің сүйікті пәнім әдебиет. Бұл пән маған өте қатты ұнайды. Әдебиетте ақын-жазушылардың шығармалары,әңгімелер, өлеңдер бар. Халық ертегілері, аңыз әңгімелері, жануарлар туралы ертегілер маған өте ұнайды. Әдебиет пәні жас ұрпақты адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, ата-баба салтын сақтауға, Отанды сүюге тәрбиелейді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше