Рахмет Аружан Маратқызы
Атырау облысы Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы Рахмет Аружан Маратқызы
Сынып жетекшім Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы
Менің сүйікті ұстазым
Ең алғаш қолыма қалам ұстатып,әліппені жаттатқызған аяулы ұстазым Гүлжамал Жәңгірқызы.Менің ұстазым өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен оқушыларын өзіне баурап алады.Ол шәкірттерінің ең сенімді,сырлас досы.Ұстазым-біздің екінші анамыз,болашаққа айқын жол сілтер ақылшымыз.Ұстазым керемет ақыл иесі,өнер-білімге құштар,қанағатшыл,жақындарынада,жат адамдарына да әділ,жақсылық пен ізгіліктің үлгісін көрсете алатын алғыр жан.Мен ұстазымның еңбегін әрдайым бағалап отырамын.Еліміздің болашағы-біздер. Сол жолға жету үшін ұстазымыз аянбай еңбек етіп келеді. Бізге үлкен үміт артады. Оны ақтау-біздің басты парызымыз.Мен ұстазымды мақтанетемін.
Менің сүйікті пәнім
Менің сүйікті пәнім-әдебиеттік оқу. Әдебиет-сөз өнері, асыл сөз.Әдебиеттік оқу кейіпкер досыңызға айналады. Әдебиеттік оқудан көптеген ақын-жазушылардың өмірімен,шығармаларымен танысамыз.Ертегілер, жаңылтпаштар,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,аңыздар,әңгімелерді оқып үйренеміз.Әдебиетті оқып шыққан кезде мүлдем өзгеріп,өсіп шығамын.Әдебиет сабағы-рухани азық болатын пән.Ол бізге қазақ деген елдің өткені мен бүгінгі пішінін танытады. Мен әдебиет пәнін сүйіп оқимын.

