7 сынып оқушысы Жұмахан Ерлан

Қызылорда облысы. Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7 сынып оқушысы Жұмахан Ерлан

Мұғалімі: Ерниязова Орынбике қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырыбы: «Есірткіні қолданбасаң керемет болады, Мына сенің басыңа бақыт қонады.»

Біз ешқашан есірткіні қолданбайық,

Өмірдің жақсы жолын ұстанайық.

Біз есірткінің жайын білеміз,

Біле тұра, сол затты біз шегеміз.

Аталарың қолына найза мен қылыш алған,

Біз солардың ұрпағымыз артында қалған.

Біз есірткіні қолданамыз, қолдансақ бір сорланамыз,

Есірткіні пайдаланған әр бір адам,

Жасамаған өмірде жақсы қадам.

Есірткісіз өмір керемет,

Оны қолданбасаң болар еді.

Есірткі бұл не? Керемет пе?

Сау болғың келсе оны керек етпе!

Өзіңді оған тәуелді қылма,

Оны шексең ауру болады қыз да, ұлда

Есірткіні қолданбасаң керемет болады,

Мына сенің басыңа бақыт қонады.

Нашақор деген атың жарасама?

Есірткіні қолдансаң, біреу саған қараса ма?

Мен мына өлеңімді тәмәмдайын,

Өлең шығар десеңдер қалам дайын.

Есірткіні қолданбасаң керемет болады?

Мына сенің басыңа бақыт қонады.

Өмірге қызығайық.

Өмір ол бір керемет нәрсе. Ал, сол кереметті түсінбейтін адамдар бар. Олар өмірді есірткімен, темекі, арақпенен қызығырақ деп ойлайды. Бірақ өмірдің қызығы, бұл емес. Өмірдің қызығы- ата-анаң бауырларың денсаулық және білім. Ал, ақша, байлық бәрі жат қылықтардан аулақ болып, еңбектенсең өзінен өзі келе береді. Жастар есірткіге, темекіге және ақшаға қызықпаңдар! Өмірдің қызығы сол деп ойлайсыңдар. Адам өмірдің бір бөлшегі. Сол адамды құртатын жағымсыз әрекеттері. Жоғарыдағы жағымсыз әрекеттерге әуес адамдар азады, өледі. Мен ауру болмаймын деп ойлама. Сенің ішкі организміңде не болып жатқанын білесің бе? Ата –анаң уайымдап шырылдайды. Сол жақсы ма? Ал сен болсаң бос әурешілікпен жүрсің. Есірткінің зияннан басқа пайдасы жоқ. Пайдасы болса көрсетші. Сол затты сатып алғаннан, үйіңе нан апар немесе жұмыс тап, ата-анаңа көмектес. Жұмыс тапсаң үйленесің, балаларың болады. Міне, сол өмірдің қуанышы. Қиналғанда сүйеу болатын жолдасың болады. Есірткі қолданбасаң достарың да көп болып, айналаңа жақсы адамдар жақындайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше