«Менің бақытты отбасым»

Менің төңірегім қуанышқа толы. Өйткені қасымда отбасым бар. Адамдар қиналса да, қуанса да отбасынан көмек алады. Отбасы дегеніміз үлкен шаҺар. Межелі кез болғанда, барлық жылылықты осы жерден аламыз.

Мен де № 46 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «Г» сыныбында оқимын. Отбасымда асқар тауым әкем, нұрлы күнім анам, құлыншақтай інім және жұлдыздай мен бармын. Біз отбасында әкеміз бен анамыздан тәрбие аламыз. Мектепте білім аламыз және қосымша үйірмелерге де барамыз, спортпен шұғылданамыз. Спортпен айналысып, би мен әнге деген талпынысымыз болса, оны да дамыту керек емес пе? Сол сияқты інім екеуміз би, домбыра, каратэ, тоғызқұмалақ үйірмелеріне барып жүрміз. Мен би өнері бойынша қаладан 1 орын және екі рет 2 орын, Самарадан 2 орын алды. Ал інім Шымкентке барып, 3 орын, Самарадан үш рет 2 орын, қаладан 2 орынды иелендім. Үйірмедегі дәрістерден қалмаймыз. Үйірмеге бару арқылы ойымыз да шарықтап, отбасылық өнерімізді де дамытамыз.

Отбасымда әкем спортпен шынығуға көмектессе, анам бос кезде өлең шығарып, ән айтқанымызды жақсы көреді. Мектепішілік, қалалық отбасы сайысына жиі қатысып тұрамыз. Биылғы жылы қала көлемінде өткізілген «Мөлдір бұлақтан» сайысына отбасымызбен қатысып, жүлделі 3 орынды иелендік. Бұл да отбасымның жетістігі.

Балалар үлкен, қызыл алма жегенді жақсы көрсе, мен де бақытты отбасымды жақсы көремін. Біз отбасымен бірге қуанамыз, үйде денемізді шынықтырамыз. Нағыз бақыт деген осы. Әкеміз, анамыз, ініміз жанымызда болса, біз де бақытты боламыз. Мен әрдайым отбасымды қастерлеп, мақтан етіп жүремін.

Отбасым менің бақытты

Спортпен әркез жаттықты.

Сыйластық пен жылылық

Отбасымда табысты.

Өтеулі Аяулым Берікқызы

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы

№ 46 ЖОББМ-нің 6 «Г» сынып оқушысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше