«Армансыз адам болмайды»

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» армансыз адам болмайды. Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар. Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Мен отбасымның мәңгілік бақытты өмірі туралы армандаймын. Келешекте білікті маман болғым келеді, әнші де болғым келеді, дәрігер де болғым келеді, мұғалім де болғым келеді. Адамдарға жақсылық пен ізгілік сыйлағым келеді. Көптеген жетістіктерге жеткім келеді. Жер шарын аралап, саяхат жасауды да армандаймын. Менің арманым көп. Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Қыз бала үшін ананың орны өте зор. Сондықтан да анамды қуантқым келеді. Жаман оқимын дей алмаймын. Сабақты жақсы оқып жүрмін. Арманымыз биікте болсын! Әрқашанда арманымызға ұмтылып, талпынып, шарықтау шегіне жетейік достар!

Кажипова Асем Фархатовна

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы

М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ

2 «А» сынып оқушысы

Сынып жетекшісі: Каипова Алия Тулеугалиевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше