Туған жер
Туған жер – әр адамның жүрегінің төрінен орын алатын қасиетті сөз. Туған жерді алтын,күміс ушін сата алмайсың.Өйткені ,осы киелі топырақта тәй басып,алғашқы қадам жасадым.Бүгінім мен болашағымды да кішкене ғана Орал шаһарымен байланыстырмай көз алдыма елестете алмаймын.Анамдай жылы жүзді жандар да осы жерде.Туған жерімнің ауасында алыстан сағынып жеткенде сағынышымды басатынерекше қасиет бар.
Ақындар,жыршылар туған жер туралы өлеңдер шығарып,өзсүйіспеншіліктерін өлеңмен өрнектейді.Өйткені олар туған жерін сүйіп,анасындай құрметтеген.Сондай ерекше сезім менің де бойымды өлең боп билейді.
Туған жер!
Мен үшін
Ғажайып жер.
Ауасы таза,
Табиғаты әсем,көркем.
Туған жерден
Артық жер болмайды екен!
Мен өскенде туған жер үшін жұмыс істеймін.Ал қазір менің жұмысым -тек сабақ оқу.
Алтын алма,алғыс ал,
Алтын деген-жер сыйы,
Алғыс деген –ел сыйы,-демекші,туған жерге деген махаббатымды осылай білдіргім келеді.
Кадержанова Назерке Нұржанқызы
4 «Б» сынып оқушысы
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№42 «Ақ ниет» гимназиясы
