Баяндама тақырыбы: М. Әуезовтың «Көксерек» повес інің жазылу тарихы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Асилбекова Салима

Баяндама тақырыбы: М. Әуезовтың «Көксерек» повесінің жазылу тарихы

Мұхтар Омарханұлы Әуезов жасаған құнды шығармалар қазақ әдебиетін озық әдебиеттердің қатарына қосып , қазақ халқының тарихын, өмірін, әдебиет, мәдениетін, ұлттық мінезін бүкіл әлем оқушыларына танытты.

М.О. Әуезов ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының дәстүрін озық меңгеріп, қазіргі дәуіргі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы М. Әуезовтың көркемдік, шығармашылық мұрасы қазақ әдебиеті көлемінде ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінде және әлемдік әдебиеттің даму арасындағы сирек, дара құбылыс ретінде бағаланып келе жатқаны белгілі. Сондай- ақ М. Әуезовтың шығармашылық мұрасы поэтикалық әлемі, көркемдік дәстүрлері қазіргі қазақ әдебиетінің даму, ілгерілеу жолын, оны қайталап белгілеудің, сонымен қатар қазақ әдебиетінің бүгінгі күні жеткен биігі, асқан асуының да дәл және айырықша өлшемі бола алады.

Жазушының жиырмасыншы жылдардағы прозалық шығармалары «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Барымта», «Жуандық» әңгімелерінде асыраушысы, сақтаушысы,қорғаушысынан айырылған бейнелердің тағдырын көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым- қиғаш, қиын өмірі бір- біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан дегенді айтады.

Жазушының бірнеше әңгімелері бір- екі эпизодты, шағын оқиғаға құрылғанымен де табиғатты суреттеуі, кейіпкер психологиясын беруі терең әрі нәзік. Жазушы табиғат суретін көркем бейнелердің ішкі жан дүниесімен, психологиясымен үйлесімді суреттеп береді. Осыған қарап, М. Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің, сондай- ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.

Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күрес,айқасы «Көксерек» повесінің тақырыбын таңдап алуының себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады: «Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929ж)сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын- қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр. Міне сол сурет Мұхтар Әуезовтың сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін есіне түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан осы суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болтын» десе,Ахмет Әуезов «Көксерек» осылай туған деген естелігінде : «Ауылдың мал- жанына тал түсте қырғидай тиіп, бір тыныштық бермейтін талай қорқау қасқырлар Көксерек- Аққасқаның алғырлығынан қолға түсті. Бұл оқиғалар Мұхтарға көп-көп сырлы ой салды. Содан барып сегіз бөлімді Мұхтардың «Көксерек» әңгімесі туғанды. Ұмытпасам күздігүні болатын. Ертіс бойындағы Керекуде Аққасқа деген сырттан ит бар екен деген қауесет сөз ауылға кең тарады. Бұл сөз Ағзамның да құлағына шалынған-ды.

Аққасқаның тұқымын алдырайық,- деп, Ағзам Мұхтарға қолқа салумен болды. Бүркітпен аң аулап, азулы тазы жүгіртіп, жарыса қасқыр қууды Мұхтар о бастан жақсы көріп, жаны сүйетін еді. Оны үлкен серуен деп білетін Мұхтар. Палуан денелі, кесек тұлға аңшы Ағзамды Мұхтардың үнемі сыйлап, жақсы көретіні де сондықтан болса керек. Мұхтар Ағзам ойын бірден қоштай кетті. Арадан көп уақыт өткен жоқ. Мұхтар қаражат жинап, Керекуге адам жіберіпті. Сөйтіп, Аққасқаның хабарын алдырды. Мұнан соң Мұхтар ит иесіне арнайы хат жазып, кемемен Аққасқа, Сарықасқа екі тазы алдырды. Аққасқа болсаАғзамға тиді.Сарықасқаны Мұхтар Жағыпар Мағауияұлына берді.

Аққасқаны Мұхтар жетегіне алып , Мұхтар екеуімізде жараулы атқа мініп,талай аңға шыққанымыз, бірнеше көкжал қасқырды қуғанымыз, қызығына әбден батып соққанымыз бар. Аққасқаның иісшілі- ай! Иісті сезді дегенше, екі көзі оттай жанып, жер- көкке тұра алмайтын жануар. Ағзам тұмылдырықты сыпырса болды. Аққасқа алды- артына қарамайкеп зымырайды. Бізде ұмтыламыз.Екі- үш қырдан асып кеткен Аққасқаның артынан шапқылай қуа жүріп, зорға жеткенімізде көкжалды алқымынан шайнай, айқасып тұрғанын талай көргенбіз. Сол көріністі Мұхтар «Көксерек» әңгімесінде дәлме- дәл көрсеткен, -дейді. Әңгімедегі негізгі шындық осындай. Ал әңгіменің көп жерлері алынып қосылған. Мәселен, Қара адырдың қарағанды сайындағы ескі ін- апаннан ауыл адамдарының қасқыр бөлтірігін алып, кішкене Құрмаштың әлгі бөлтірікке «Көксерек» деп ат қойып, оны асырағаны біздің ауылда елде болған оқиға емес. Сондай- ақ «Көксеректің» адам қолында тәрбиелене тұрып, қой баққан жас бала- өз иесі Құрмашты жеуі де ойдан алынған. Бұл жәйттер жазушы ойынан құралса да, өмірден өз орнын тауып тұр. Мұхтар Әуезовтың қасқыр бөлтірігін адамның асырап, Көксерекке Құрмашты жегуінде қыруар сыр бар, көп нәрсені, жауды аяған жаралы болатынын аңғартады.

Көпшілік айтса қалып айтпайды. Көпшілікпен біріксең жалғыз басыңа елден ерекше төнер қауіп жоқ. Ал төне қалған жағдайда, көп болып,көмектесіп құтқарады. «Құрмаш Көксерек күшікті қанша күтімге сап, оны күніге екі мезгіл тамақтандырса да ұрлықты қойған жоқ.Адал асты білмеді. Кішкене қасқырдың қылығын, жаулығын аңғарған ауыл адамдары:

  • Ұры асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!- десті. Татулық жоқ, суық. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді, сол мінезін байқаған үлкендер:
  • Енді мұны өлтіріп терісін алу керек. Осы кәпір түбінде ел болмайды,- дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.

Осылай көпшілікке қарсы тұру, ажалға қарсы тұрумен бірдей еді. Өмірдің ащысы мен тұщысын бірдей татқан үлкен адам- әке қауіп пен қатерді тез аңғарып, қиядан шалады. Әке ойы мен сөзі шынайы өмірге жанасымды болса, оның айтқанын істеп, тілін алу балаға бірінші парыз екенін Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесінде толық көрсете білген. Былай деп жазды әке сөзін: «Көксерек жалғыз өзі баяулап ауылға келді.

Түу, мына кәпірдің екі көзі жап- жасыл болып кетіпті-ау тұқымын сезген екен мына жүзі қара, қой балам ,енді мұны өлтіріп терісін алайық…» .Бірақ Құрмаш тағы көнбеді, әке сөзін құлаққа аспады… Айдала. Құрмаш қозы бағып жүр. Көксерек Құрмашқа тап берді. «..Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместенбұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап ұрып тісінің ұшымен қағып, жұлып алып, басын шайқай өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып,қылғып салды». Хасен Аққасқаны жетектеп, Құрмашты жеген Көксеректің ізіне түсті. «Өр жақта Аққасқа: шайнасып тұрған ауыздардан сілекей мен қан аралас ағып сырылдап тұр. Бұл кезде Бейсембай да қара пышақты Көксеректің өкпесіне салып- салып жіберіп еді.»Міне ,Көксерек Аққасқаның алғырлығынан қолға түсті.

«Бұл әңгіменің ортасындағы Хасен еді. Ол- белгілі аңшы. Баяғыда құс салып, ит жүгірткен, өзі осы маңайдың ауқатты, әлді жігіті. Қара адырдың мырзасымағы. Қалада қызметте тұратын інісі бар. Сол арқылы биыл күзді күні бұның ауылына шетелден қасқыр алатын бір ит келген. Қазір барлық Қара адырдағыда , маңайдағы өзге елге де даңқы шыққан Аққасқа осы Хасеннің иті».

Бұл әңгіменің негізгі кейіпкеріХасен М. Әуезовтың ағасы Ағзам болса, қалада қызмет істейтін інісі бар деп өзін айтып отыр. Жер аты Қара адыр-бөрілі болатын.

«Көксерек »әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез- құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны қоршаған табиғаттыңөз заңы мен өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың, түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді. Сөйтіп, бұл шығармада М. Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты, түсінікті негізгі идея етіп көтереді. Айталық, көзін де ашып үлгермеген шақта қолға түскен Көксеректің түбінде өз ортасына қосылуына оқушының көзін жеткізе суреттейді. Әңгіме өте көркем жазылған. Ондағы әрбір сурет, әрбір көрініс естен шықпастай. Қақаған қыстың қараңғы түнін жамылып, жасырынып жүрген кәнігі қасқырларға қарсы тұру үшін адамға қаншама ерлік, айла, қулық, ақыл керек. Шығармада адамның ерлігі мен қайсарлығы терең сезіммен, шебер суреттелген. Шығарманың негізгі мақсаты- табиғаттың жойқын күшін адамның ақыл –ойының жеңуін паш ету.

М. Әуезовтың «Көксерек» шығармасы- балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше