«Арманым қияларға жетелейді»
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің
3 «Д» сынып оқушысы Өтеулі Абылай Берікұлы
Сынып жетекшісі: Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы
Менің төңірегім қуанышқа толы. Өйткені қасымда отбасым бар. Адамдар қиналса да, қуанса да отбасынан көмек алады. Отбасы дегеніміз үлкен шаҺар. Межелі кез болғанда, барлық жылылықты осы жерден аламыз.
Мен де № 46 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 «Д» сыныбында оқимын. Отбасымда асқар тауым әкем, нұрлы күнім анам, әсем гүлдей әпкем және жұлдыздай мен бармын. Біз отбасында әкеміз бен анамыздан тәрбие аламыз.
Әр адам армандау қажет емес пе? Сол сияқты менің де арманым ата-анамның үмітін ақтап, каратэда жетістігімді көрсету және оны пайдаға асыру. Спортпен айналыссақ, мықты, тегеурінді боламыз. Каратэдан Шымкентте өткен жарыстан 3 орын, Самарадан үш рет 2 орын, қаладан 2 орынды иелендім. Үйірмедегі дәрістерден қалмаймын. Себебі спорт – денсаулық кепілі деген мақал бар.
Әкем шынығуға көмектессе, анам бос кезде өлең шығарып, ән айтқанымызды жақсы көреді. Біз отбасымызбен де қалалық, облыстық сайыстарға қатысып тұрамыз. Биылғы жылы «Мөлдір бұлақтан» сайысының «Спорт-біздің серігіміз» бөлімі бойынша қаладан жүлделі ІІІ орынды иелендік.
Балалар үлкен, қызыл алма жегенді жақсы көрсе, мен де бақытты отбасымды жақсы көремін. Біз отбасымен бірге қуанамыз, үйде денемізді шынықтырамыз. Нағыз бақыт деген осы. Әкеміз, анамыз, әпкеміз жанымызда болса, біз де бақытты боламыз. Мен әрдайым отбасымды қастерлеп, мақтан етіп жүремін.
Отбасым менің бақытты
Спортпен әркез жаттықты.
Сыйластық пен жылылық
Отбасымда табысты.


