Жаңашыл оқытудағы 7 модуль ықпалдастырылған орта мерзімді жоспарлау

Атырау қаласы 4 облыстық мектеп интернатының

биология пәні мұғалімі

Бактыгереева Элеонора Исламқызы

Жаңашыл оқытудағы 7 модуль ықпалдастырылған

орта мерзімді жоспарлау

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптастыру мақсатында орта мерзімді сабақ жоспарын құрдым. Өзімнің сабақ беретін мектеп интернат оқушыларының мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі тәсілдерді қолдану арқылы 7 модульді ықпалдастыра орта мерзімді жоспарды 7в сыныбының биология пәні бойынша «Құстар тарауына» құрылымдадым. Тізбектелген сабақтардың мақсаты: құстар класының ерекшелігі мен топтарының түрлерін және шаруашылықта қолдана білу.

Менің орта мерзімді сабақ жоспарын құруда байқағаным дәстүрлі оқытудағы жоспарлаудан артықшылығы мұғалім өзінің құрылымдауына қарай барлық оқушының қабілетін ескере отырып, өзі жоспарлайды.Оқушының оқуына әсер ететін факторларды анықтау, яғни кедергілерді ескере отырып жоспар құру.Орта мерзімді жоспардағы тапсырмалар айқын көрініп тұрады және сол арқылы қысқа мерзімді жоспарды жазғанда көп көмегі болатынына көзім жетті. Оқыту мен оқудағыжаңа тәсілдер модулінде видеоролик көрсету арқылы құстардың құрылыс ерекшеліктеріне постер қорғағанда байқағаным жұптық және топтық тапсырмаларды ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренді.Бұл тапсырманы орындауда алғашқы сабақ болғандықтан дағдының жетіспеушілігін аңғардым. Жоспарланған сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінде «Құстар тіршілігі» тақырыбында логикалық тапсырмаларды «Оқыту мен оқудағыжаңа тәсілдер» және «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін ықпалдастыра тапсырма бердім. Сабағымда бұл тапсырманы бергендегі мақсатым оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру. Нәтижесінде логикалық тапсырмаларды онша шеше алмады,себебі оқушыларым сыни ойлауға әлі дағдыланбағанын түсіндім.менің бұл жердегі қателігім сыни ойлауға арналған тапсырманы екінші сабақтан бастап бергенде әлдеқайда тиімдірек болама деген ой келді. Ақпараттық – коммуникациялық оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады сондықтан да АКТ қолдану және Талантты дарынды балаларды оқыту модулін ықпалдастыру себебім «Құстар эволюциясы» тақырыбына презентация жасауға тапсырма бердім. Тәжірибе кезінде өткізген әр сабағымда оқушылардың іс –әрекеттерін назарымнан тыс қалдырмауға тырыстым. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау кезінде топтағы дарынды оқушылар өзінен – өзі анықталып шыға бастады. Үйге берілген тапсырма бойынша Қанатова Аружан деген оқушым қандай тапсырма болмасын өзінің дарындылығын көрсетіп барлық жағдайдан шығып шешім таба білді. Өздерінің өткен материал бойынша да, жаңа сабақ бойынша да , демонстрациялық тапсырмалар кезеңінде де өз білімдерін толық дәлелдеп шыға білді. Дегенмен де дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ бермеумен шектелмеуі керек екенін ескеріп,жеке тапсырмалар, дарынды оқушыларға арналған тапсырмаларды көптеп жоспарлауым керек екенін ескердім

Ал бағалау модуліне келетін болсам оқушылар үшін бұл жаңалық болды.бірден қалыптасып кетпесе де қалай бағалау керектігін үйренді. оқушылар өзінің жекежұмысына немесе бір бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың маңызы зор екенін түсінді. Өзара бағалау оқушыларға қажетті кері байланыс орнатуына көмектеседі және алға қарай ұмытылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектесетінің байқадым. Орта мерзімді жоспар жасаудағы мақсатымда оқушылар қалай оқу керектігін үйренді,сыни ойлауға дағдыландырдым.

Сөз соңында:

Орта мерзімдіжоспарлауға дейін:

  • Оқушы есепке алынбайды
  • Мұғалімдерге ортақ жоспар болады

  • Жоспар кестелері жүйесіз құрылған:

Орта мерзімдіжоспарлаукезінде:

Мұғалім оқушының қабілетін ескереді.

  • Мұғалімнің өзі құрылымдайды.
  • Құнды деген тапсырмаларды алады

  • Бактыгереева үздік баяндамаға.docx

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше