Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы зама науи технологиялар

Атырау қаласы 4 облыстық мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сұлтанова Іңкәр Нариманқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы заманауи технологиялар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім саласында қызмет еткеннің бәрі-Қазақстанның болашағына қызмет етеді»-деп атап көрсеткендей, бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, рухани бай, саналы,салауатты, жан-жақты дамыған, бүгінгі қарыштап алға басып келе жатқан ғылыми-техникалық прогресте көштен қалмайтын, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Болашағымыздың, яғни кейінгі ұрпақтың саналы да парасатты, өнерлі де өрелі, білімді де білікті болып шығуының алтын кілті қадірменді әріптестер, сіздер мен біздер деп есептеймін.

«Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашылық тұлға» -деген Елбасы сөзі үнемі санада жүруі керек.

Әр мұғалім қазіргі заман талабына сай, өз білімін үнемі жетілдіріп, инновациялық технологияларды әрсабағында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды болары сөзсіз. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұраныстарын қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс – тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Аталмыш қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдануда – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.

Ж.Аймауытов «Сабақ беру –үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп атап көрсеткендей, үйренген жаңалықтарымызды қолдана білу-әр ұстаздың өз еншісінде. Мен өзімнің оқып-үйренген, әлі де үйреніп жүрген әдіс-тәсілдерімді сабақ барысында қолданып жүрмін. Өзім айтып түсіндіріп бергенінен гөрі, оқушылардың шағын топ болып талқылай отырып, өздерінің шығарған тұжырымдамалары оқушының жадысында ұзақ мерзімді сақталады және қажетіне қарай жасалған постерлардың оқушы білімін бекітуде тиімді және сыни ойлауларын дамытуға жол ашады деп ойлаймын. Оқушыны білім алуға қызықтыра отырып, тиімді ұйымдастырылған сұхбат пен бірлескен әрекет арқылы берілген білім ғана нәтижелі болады.

Компьютерлік ақпараттар заманында интернет арқылы әлемде болып жатқан қажетті-қажетсіз сан алуан жаңалықтар легін жан-жақты біліп отырған жасөспірімді бір нәрсемен таңқалдыру, оған әдебиеттен жаңа сабақ түсіндіріп, дәріс тыңдата білу оңай шаруа емес. Үнемі ізденісті қажет етеді.

Филология пәндерін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толықжағдай жасауы.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді:

  • Дамыта оқыту технологиясы ( Д. Б.Эльконин, Л.С.Выготский, В.В. Давыдов, Л.В.Занков)
  • Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)
  • Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф. Шаталов)
  • Түсіндіре басқара отырып, оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова)
  • Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б.Скиннер,Н.Краудер,В.П. Беспалько)
  • Жаңа ақпараттық технология
  • Проблемалы оқыту технологиясы
  • Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы (Ж. Қараев)
  • Модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова)
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
  • Ойын арқылы оқыту технологиясы
  • Тренинг технологиясы
  • «Ақыл-ой Одессиясы» технологиясы
  • Қайталай оқыту технологиясы
  • Үш өлшемді оқыту технологиясы
  • Сатылай кешенді талдау технологиясы
  • Интерактивті оқыту технологиясы
  • Қарқынды оқыту технологиясы
  • Блоктап оқыту технологиясы

Осы технологиялардың ішінде әр сабағыма пайдаланып, нәтижеге қол жеткізіп жүрген, яғни өзіме жақын технология түрлеріне тоқталып өтейін.

Қазақ тілі сабағында оқушылар, мақал — мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсендіі тақтаның көмегі зор. Оқушыларға интертақтадағы мақалдар ребус түрінде беріп, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Кей кезде мәтіні ұзақ әңгімелерді оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады.

Сөйлем құрату-оқушыларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Оқушылардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлдім. Ой дамыту — тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі-жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді. Оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі-ертегілер. Ертегілердің қай түрі болмасын баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады, сөз байлығын арттырып, сөздік қорын кеңейте түседі. Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.

Дәстүрлі сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытудың бірден-бір тиімдісі болып табылады. Жалпы дәстүрлі сабақ оқушылардың көзқарасын қалыптсатыруда өз шегінен шығармайды. Бұл жерде айта кеткен жөн сыныпта зерек балалар мен қатар шығармашылық және ойлау қабілеті төмен,өз бетінше жұмыс істеуге үйренбегендіктен уақытты бос өткізеді. Олардың жұмысы не мұғалімді не өздерін қанағаттындырмайды. Мұндай жағдайды өзгертуге маған және менің оқушыларыма топпен және жұппен жұмыс істеу тигізеді. Топқа әртүрлі деңгейдегі оқушыларды біріктіремін. Олардың ішінде біреуі жақсы ой айта алатын, біреуі топтағыларды ойға жетелейтін, ал біреуі тек тыңдап, көріп есіңе сақтайтыңдар. Топтағы оқушылар бірігіп оқу материалын қарайды, берілген тапсырманы, бір-біріне түсіндіреді. Тәжірбиеде кездесіп жүргендей осындай жұмыстардан кейін оқушы міндетті түрде оқығанын әңгімелей алады, не мазмұны шағын мазмұндама жаза алады. Әрине мұндай жұмыстарды жүргізу алдын ала оқушының тілін дамытатын таңдай білген жөн. Мысалы: 5сыныпта «Мұратқа жету» тақырыбын өткен кезде мәтінімен жұмыс істегенде «Дана үкілер» техникасын қолдандым.

І топтың жұмысы: (мәтінмен жұмыс істеудің негізі) Тапсырма: мәтіннен негізгі(жаңа)ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

ІІ топ: (Маңызды өмірлік даналық) Тапсырма: мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

ІІІ топ:(таныс және таныс емес) Тапсырма: мәтіннен сізге алдында таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

ІV топ: (иллюстрациялық бейнелеу) Тапсырма: мәтіннің негізгі ойын сурет арқылы бейнелеп көріңіз.

V топ: (Үлгілі боларлық қорытынды) Тапсырма: оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

Негізгі мақсат — ойды ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрінде бермей, оқушылардың өздері күш салып,қаншалықты меңгергендерін қадағалайды. Ол тек көмектеседі , қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді, демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді. Мұғалім өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастырады. Сондықтан да қазіргі таңда әрбір ұстаздыңда, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болу керек. Жаңаша оқытуда білім балаларға дайын күйінде берілмейді, керісінше, оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Сабақ оқушылардың өз беттерімен және өзара әрекеттесе отырып, оқып үйренулеріне, ортақ шешімге келулеріне бағытталады.

«Әлем өзгереді,әлеммен бірге бізде өзгереміз, сондықтан барша әріптестеріме білімді, тәрбиелі оқушыларды даярлап шығару жеткіліксіз, өзбетінше өмір сүре алатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген, бүгінгі күннің талабына сай азамат тәрбиелеу міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімнің мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол-көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе. Егер мұғалім білімді де білікті болса, ол мәртебелі де болады. Ұстаз сыншысы-алдындағы шәкірті. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарау керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз іс – тәжірибемде мынадай құрылым жүйесін түземін
(Сыни тұрғыдан ойлау) слайд материалдары арқылы таныстырылды.

Білікті ғалым-ұстаз Пажарес: «Мұғалімнің оқыту стилін таңдауы оның білімділігіне емес ұстанымына негізделген»-деген екен. Менің ұстанымым – «Қарқынды заман көшінен қалмайтын тұлға тәрбиелеу».

Өркениетті елдің ұрпағын оқытып-тәрбиелеуде әр пәннің өзіндік үлесі бар, әрине. Мысалы, география, физика, химия, биология, тарих т.б. пәндер экологиялық білім беру немесе өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың нағыз ортасы дер едім. Миды ретке келтіретін математика пәні бөлек әңгіме. Әр сабағынан адамгершілік, адалдық, жақсылық қасиеттерді бойға жинақтап беретін өзін-өзі тану пәнін – тәрбиенің мықты өзегі деп қалай айтпаймыз. Барлығынікі жөн. Дегенмен, «Ананың сүті мен күннің нұрынан жаратылған пән» деген бар. Ол тіл және әдебиет. Отан ел-жұрт, төлтума мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дін мен діл, ар-ұждан, т.с.с. ұлттық бітім-болмысымыз туралы білім мен біліктің қайнар көзі осы пәндерде екені ақиқат. Сондықтан тілші ұстаздар қауымы өз жауапкершілігімізді жақсы ұғынамыз.

Ал, шынтуайтқа келгенде, өз ұлтын, халқын, туған өлкесін шын сүймеген мұғалімнен шын мәніндегі нағыз ұстаз шықпайды. Әр ұстаздың жүрегінде «Мен елімнің ертеңін дайындап жатырмын» деген мықты ұстаным болуы керек.

Сұлтанова үздік баяндама.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше