Алжапқышты алғашқы өңдеу, өлшем алу

Атырау қаласы №4 обл мектеп интернаты

Технология пәнінің мұғалімі Рысқалиева А.Б

Алжапқышты алғашқы өңдеу, өлшем алу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыылырға киімнің, оның ішінде алжапқыштың түрлері,өлшем алу ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өлшем алу кезіндегі заңдылықтрын ескерту.

Тәрбиелілігі:Өнерді сүйе білуге,әсемділікке, шеберлікке, тазалыққа баулу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:түсіндіру, іздестіру-зерттеу,СТО технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,алжапқыштың макеттері,плакаттар, таблицалар.

Сабақтың жүру барысы:

  1. Қызығушылықты ояту этапында ассоциатция стратегиясын қолдану.

Мақсаты:Өткенді еске алу.Ойлауды белсендіру,жаңа мәліметті игеруге дайындық.

Киім

Сырт киім

Арнайы киім

Баскиім

Жеңіл киім

Көйлек

Пальто

Аяқкиім

Алжапқыш

Алжапқыш

Санитарлық киім

Костюм

Блузка

  1. Мағынаны тану этапында ЖиГСО стратегиясын қолдану.

Сынып бес орталық бойынша жұмыс жасау

1 Еңбек орталығы

2 Пысықтау орталығы

3 Жұмбақ орталығы

4 Ғылым орталығы

5 Өнер орталығы

1Еңбек орталығы.

Сабаққа қажетті құралдарын тексеру, еңбекке дайындау

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

2 Пысықтау орталығы. Екі топ бір-бірімен өткен тақырыптар бойынша пікір алысу

3.Жұмбақ орталығы

Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні

(киім)

Мені іздесең әркезде

Табасың ұлттық киімнен

Зер төгілген ізіммен

Қас шебердің үнінен

(ою-өрнек)

Киім деуге жатпайды.

Киімді кірден сақтайды

(алжапқыш)

4.Ғылым орталығы

Белдікті алжапқышты дайындау технологиясының сипаттамасы.

1.Алжапқыш үлгілерін таңдап оған сипаттама беру

2.Өлшемдер алу

3.сызбасын тұрғызу

4.Пішу бөліктерін дайындау

5.Матаны пішуге әзірлеу

Адам тұтынған киімдердің барлығы жүздеген ғасырлар бұрын пайда болған. Әдепкіде киім адамды тек суықтан қорғау қызметін атқарған. Соның ішінде алжапқышты ертеректе адамдар жұмыс киімдерінен басқа киім түрлері болмағанда үстерінен ластанудан қорғану үшін киген.Барлық халықтардың киімдерінің ішінде алжапқыш маңызды орын алады.Қазіргі заманда адам дене бітіміне жас ерекшелігіне ортақ өлшемдер бар. Ортақ өлшемдер 30,32,34,40,42.Сызбаны даярлау үшін адам денесін өлшемін алу қажет.Өлшемді дұарыс алу үшін адам денесіндегі негізгі өлшем сызықтардың орналасуын жақсы білу қажет және мына ережелерді сақтау керек.

1.Өлшемді дене бітімнің оң жағынан алған дұрыс.

2.Белді жіппен алдын ала өлшеп алады.

3.Өлшем алу кезінде дене бітімді түзу және тік ұстау керек.

4.Өлшемді сантиметрлік таспамен өлшеп алады .Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны созуға немесе бос ұстауға болмайды.

5.Ұзындық өлшемі түгел,ал ен өлшемі мен дене айналымның жарты өлшемі жазылады. Себебі,сызба құрастырғанда дененің жарты өлшемі алынады

Алжапқыш құрлымы сызбасының өлшемі

Өлшем атауы Әріптік белгілеу Өлшем алу ережесі Қолданылуы
Көкірекше ұзындығы КҰ Бел сызығынан жоғары қарай қажетті ұзындыққа дейін Алжапқыш көкірекшесінің ұзындығын анықтау
Төменгі бөлшек ұзындығы ТБҰ Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін Алжапқыштың төменгі бөлшегінің ұзындығын анықтау
Белдің жарты айналымы Бжа Тұлғаның ең жіңішке бөлігі Белбеудің ұзындығын анықтау
Мықынның жарты айналым Мжа Көлденеңнен алғанда мықын айналымы Алжапқыштың төменгі бөлшегінің енін анықтау

Өлшем алу үшін адам денесі симметриялы.Симметрия осы адам денесін тең екі бөлікке бөліп тұрады. Масштаб бойынша нақты өлшемді дәптерге сызамыз.

Белдік

Төменгі бөлік Қалта

5.Өнер орталығы (сараманды жұмыс)

3.Ой толғаныс этапында «Алжапқыштың қызметі» тақырыбына эссе жазу.

Үйге тапсырма: алжапқыштың суретін салып келу

Рыскалиева Үздік сабаққа.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше