Баяндама. Тақырыбы: «Смарт құрылғыларды белсенд і түрде қолдану бағытталған оқыту»
Атырау қаласы №4 облыстық арнаулы шипажай мектеп-интернатының математика және информатика пән мұғалімі
Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы
«Смарт құрылғыларды белсенді түрде қолдану бағытталған оқыту»
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі жаңаша қоғам ЭЕМ мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар оқу үрдістеріне де қатысты болып, білім берудің классикалық принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін сапалы өзгерту мүмкіндіктерін туғызады.
Smart технологияның мақсаты: Бұл технология әр түрлі ғылым саласында өз мақсаттары үшін қолданылып келеді.
Мұғалім тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, материалды әр түрде классификациялауына; обьектілерді жылжытуға, түстермен жұмыс жасауға – кейін кішігірім топтарда өздігінен жұмыс істей алатын оқушылар процесіне үйренуіне болады. Кейде өздерінің пікірлерін білдірулері және жұмысты ары қарай жалғастыруға бағыт беру үшін оқушылардың назарын тақтаға қайта аударуға болады.
Жалпы оқушылыр мен мұғалімдердің пікірінше, материалды қарапайым аудиторядан гөрі интеракивті тақтамен бірге жүргізілген сабақты ұғыну әлдеқайда қызықты, әрі ұтымды.
Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олардың назары тақтада болады.
SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады, тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады. Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады.
Интерактивті SMART-технологиялар тактильді басқару болып табылады, интерактивті тақтамен жұмысты жеңілдетеді және интуитивті қарапайым және тәжірибесі жоқ адамға дейін түсінікті болатындай етеді. Интерактивті SMART-тақтаның үсті бойынша арнайы қаламмен жазудың қажеті жоқ, керісінше кез келген затты пайдалануға болады – мысалы, указка, маркер, тіпті саусақпен де жазуға болады, бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың тақтада жұмыс істеуінің бірден бір жолы. Қазіргі оқу сыныптарында өзіндік медиатор пайда болды – мұғалім мен оқушының ынтымақтастығында бөлінбес орын алған байланыстырушы – интерактивті тақта. Интерактивті SMART технологияны қолдану арқылы (интерактивті тақталар SMART, интерактивті дисплей Sumpodium, AirLiner планшеттері) мұғалімде өз сабағын оқушымен бірге миға шабуыл арқылы модельдеу, оқу материалын көрсету, көрсетілген бейнеден тыс жазбаша комментарийлер келтіру, жаңа идеяларды хаттамалау мүмкіндігіне ие болды, осылайша оқушымен бірге білім беру контентін құрады.
Интерактивті SMART-технологиялар тек оқу аудиториясы мен акт залын ғана емес, басқа да рекреациялық бөлмелерді, мысалы, кіре берісті қызықты да маңызды жерге айналдыруға мүмкіндік береді. Оқу мекемесінің кіре беріс немесе басты холлы – алдымен, оқушылар, педагогтар мен сырттан кірген адамдар көзіне бірден түсетін жер, сондықтан әдемі, тартымды рәсімделгені дұрыс, ақпараттар да соған сәйкес болуы қажет. Басты холл интерактивті SMART-фойе болады, сонда тұрып сол мекеме туралы ақпараттарды қолдануға болады.
Мектептерде «SMART АRТ» интерактивті өнердегі студиялар ашылып жатыр, онда цифрлік картина жасау үшін SMART интерактивті құрылғысы қолданылады. Бұл студияда әлемдік көркем өнер мен көркем мәдениет негізіндегі сабақтар өтеді. Сурет салу бойынша арнайы жасалған бағдарлама көмегімен («SMART Notebook», “2 Paint a Pіkture”, ‘Touch Me Tender’, ‘Adobe PhotoShop’ және т.б.) оқушылар көркем шығарманың айырмашылықтарын көріп қана қоймай өздері де графикалық инсталляцияны жасай алады.
SMART –мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі:
- S (specific) — мақсаттың нақтылығы (ерекшелігі)
- М (measurable) — өлшемділік
- А (achievable) — қолжетімділік (келісімділік)
- R (relevant) — релеванттылық (сәйкестік)
- Т (time bound) — уақытшамерзімдер.
SMART құрылғыларыныңеңтанымалы 1991 жылықолданысқаенгенинтерактивтітақталардыерекшеатапөтугеболады. SMART құрылғыларыбілімберужүйесіндеде, жоғарыбілімберужүйесіндеде, бизнессаласындада, әкімшілікпенқарулыкүштерсаласындадасұранысқаие. SMART өнімдерінәлемнің 175 елікеңқолдануда. SMART құрылғыларыныңеңтанымалыинтерактивтітақталарданбасқа, қазіргікездеинтерактивтіпанельдер, интерактивтіорталықтар, үстелдер, интерактивтіэкрандар, оқушыларүшінжауаптаржүйесі, сымсыз “грифельді” тақталар, күшейткішаудиожүйелер, документ-камерасекілдіт.б. бағдарламалыққамтамасызетугеарналғанқұрылғылардыұсыныпкеледі.
Қашықтықтаноқыту – информациялықжәнекоммуникациялықтехнологиялардыпайдаланаотырып, ара-қашықтықтағынемесежартылайара-қашықтықтағыоқытушыменоқушыныңарасындағықарым-қатынасдептүсінугеболады. Қашықтықтаноқытудыңжаңатехнологиялықбірлестігідәстүрлікоқуменсалыстырғанда, артықшылығыөтекөп.
Солардың ішінде мыналарды атауға болады:
- Әрбір білім алушы (студент) өзінің білім алуына толық комплектілі оқулықтарынқаматылады;
-
Қашықтықтан оқыту сынақтары мен емтихандары компьютерлік тест-тендіру арқылы тапсырылады;
-
Қашықтықтан оқуда студент университетке келмей-ақ, өз жұмыс орнындаотырып оқуына болады;
-
Қашықтықтан оқыту өзінің сапалық жағынан, студентке тура жеткізу мақсатында, жақсы әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды кең пайдаланудың арқасындабасқа оқу орындарымен салыстырғанда алдыңғықатарда;
-Интернет – сайтын, басқа да Интернет-ресурстарын, электрондық поштаны, Интернет-сабақ пен дайындық сабақтарына арналған программалық қамтамасыздығын, электрондық мультимедия оқулықтарын, университет филиалының видеоконференция байланысын және де көптеген басқа да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану – оқушыны ақпараттық ортаға әкеледі.
Smart,технология ретінде танылып дамыды. Біз ең бірінші, мобильді құрылғы мен Smart технологияның ара жігін ашып алайық. Моbile –ағылшын сөзі, қозғалмалы, икемді деген мағынан береді. Мәселен, бұл сөз автомобиль, аэромобиль, мобильді телефон деген сөздерде жиі кездеседі. Сонымен мобиль – адам әрекетін жеделдететін, қандай да бір затқа шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы.
Қазір біз өмірімізді осы мобильдік құрылғыларсыз мүлдем елестете алмаймыз. Ақпараттың мобильдік құрылғылар арқылы дамуы ақпараттық ортаның қарқынды дамуына, сол арқылы мобильдік құрылғыны пайдаланушылар санының бірнеше есе артуына алып келді. Соған байланысты интернет дамыды, сымсыз интернет пайда болды, әрине, осыған орай мобильдік құрылғының қосымшаларын үлкен қарқынмен дамытып отырған әлемдік нарық қалыптасты.
Смартфонның артықшылығы неде? Ең алдымен, техникалық мүмкіндіктері зор: байланыс құралы,
Wi-Fi, мәліметтерді мобильді тасымалдау (GPRS, 3G, 4G) фото/бейне камера, ақпаратты енгізу
функциялары, т.т. Мұндай мүмкіндіктерді пайдалану үшін алдымен, бағдарламалық қаматамасыз
ету ортасын пайдалану қажет. Мәселен, күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген
Google – smartтехнологияларды әзірлеуші алпауыт компаниялардың бірі. Google сервисінің ауқымы өте кең, онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларының сапасы өте жоғары. Бұл жалпы жарнама емес, шын мәніндегісі осы. Білім саласында Google сервистері YouTube, Hangouts және Google Docs сервистерін
тиімді қолдануға болады. Түсініктірек болу үшін әрқайсысына қысқаша тоқтала кетейін.
YouTube – әлемдік танымал бейне сервир, онда миллиардтаған бейне жазбалар бар, солардың ішінде
көптеген бейне сабақтарды да қарап пайдалануға болады.
Hangouts- бір уақытта 10-ға дейінгі қолданушылардың тегін бейне кездесуіне арналған сервис.
Сонымен қатар чатқа хабарлама жіберу арқылы әркім өзінің экранын көрсетуіне мүмкіндік беретін
қызметі де бар.
GoogleDocs- түрлі нұсқадағы құжаттармен жұмыс істеуге арналған сервис. Мәселен, мәтін теру,
электронды кесте, тұсаукесермен жұмыс, т.т.
Google сервистері өзара тығыз байланыста сондықтан да сіз тек белсенділендірсеңіз болғаны.
Енді осы техникалық мүмкіндіктерді оқу үдерісінде, біліктілік арттыру жүйесінде ұтымды
қолдана білсе болғаны.
Интератактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:
Оқушыларға тиімді;
Оқытушыға веб-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалды оқушыыларға жеткізуді күшейтеді;
Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;
Көптеген түрлі және динамикалық материалдарды қолдану арқасында оқушы мен оқытушыға сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі;
Оқытушыға жаңа материалды сынып центрінен түсіндіруге мүмкіндік береді;
Мұғалімдерге тиімділігі:
Мұғалімге кез келген қосымшалардың және веб-ресурстардың үстінде сызбалар жасау мен жазу мүмкіндіктерін береді;
Сабақ материалын беру сапасын арттырып, тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
Мұғалімдердің бір-бірімен материалдарымен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Смарт құрылғылар не үшін қажет?
- Смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- Бұл сенсорлы экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауына көмектеседі;
- Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі;
- Сабақтың центрден есте сақтау қабілетіне үлкен экраннан көрсетілуіне, сол уақытта оқушылар өздері тапсырманы жасап, немесе сол бағытта басқа бір тапсырманы жасай алуларына болады;
- Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;
- 3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;
- Студенттердің сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;
- Студенттердің бір уақытта бірнеше оқушы жұмыс жасай алуына байланысты, топпен жұмыс жасауды да ыңғайлы;
- Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің де жақсы өтуіне септігі тиеді;
- Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді;
Смарт құрылғылардың қажеттілігі :
- Сабақты қызықты етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады;
Жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;
Сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады;
Материалды түсінікті, көрнекі әрі эффектілі етіп беру арқасында оқушылардың қиын материалдарды да түсінуін жеңілдетеді;
Оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, шығармашылық жұмыс жасаулары артады;
Оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі;
Мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін, тапсырмаларға үлкен интерактивті пен көрнекілік беретін, сондай-ақ, барлық мүмкіндіктегі тақырыптар мен пәндер бойынша анимациялық роликтер, үлкен коллекциялы суреттер ұсына отырып компания SMART Teshnologies арнайы бағдарлама жасады. Сабақ барысында сіз веб-сайттар мен кез-келген қосымшалардан да жазу жаза алсыз, оларды да әрдайым сақтай да аласыз, олар сізге қажет болуы мүмкін.
SMART қамтамасыз етілген арнайы бағдарлама қолдан жазылған жазбаны, терілген жазба тексіне айналдыруға немесе экран клавиатурасының көмегімен жазбаны қосуға, аудио-видео жазбалармен, текстер мен объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Көрнекілік материалдар оқушыларға алған білімдерін ұғынуға және қорытуға көмектеседі. Мұғалім SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаның көмегімен түсіндірмелі схемалар мен диаграммаларды оңай жасай алады, интерактивтік тақтада көрсетілген тартымды көріністерге зейіні ауған оқушылар да, сабақ барысындағы тапсырмаларға белсенді қатысады.
SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаны пайдалануда, балалар да өздерінің ойларын өте жақсы жеткізе алады, бақылау барысында оладың ойларының өскенін байқауға болады. Мұғалім оқушылардың айтқан ұсыныстарының барлығын жаза отырып, сабағын «мыйға шабуыл» жасаудан бастауға болады, содан кейін, әр түрлі фиргураларды қолдана және объектілердің арасында байланыс туғыза отырып, ақпараттарды құрылымға келтіреді, одан кейін қажетті көшірмелер жасап түсініктемелерді қосуға болады.Осы бағдарлама коллекциясының көмегімен 2000 суреттерден де көбірек материалдарды тез жүйеге келтіруге, әңгіме сюжеттерін құрастыруға, ғылыми әдіс қосуға, табиғаттағы су айналымын схема түрінде көрсетуге немесе өлең жазуға болады. Схемалар да орналасқан суреттерді, тақтаның үстіне оңай ауыстырып орналастыруға болады, оладың бейнелеріне саусақпен тигізгенде оқушылар сағат тілін айналдыруы мүмкін, бұрыштарды өлшей немесе мүмкіндікті санай алады.
SMART Ideas бағдарламасы көпдеңгейлі схемалар жасауға сондай-ақ, видео көріністер және сілтеме жасалған файлдарға қосуға мүмкіндік береді. Материалдар нақты құрылғанда ғана, үлкен көлемді ақпараттар түсіну үшін қолайлы келеді.Компьютерлік класстар үшін компания SMART Teshnologies арнайы SynshronEyes бағдарламасын ұсынады. Осы бағдарлама арқылы, мұғалім компьютердің алдында отырып, өз мониторінен барлық оқушылардың копьютерлерінің экрандарын көре отырып және олардың тапсырманы қалай орындағандарын бақылай алады.
Оқушылар енді мұғалімнің қастарына келуін күтпей-ақ, өз сұрақтарын орындарында отырып мұғалімнің компьютеріне жібере алады. Қажет болса мұғалім оқушылардың компьютерлерінің клавиатурасын және экранын, сонымен қатар, интернетке немесе белгілі қосымшаларға кіру қолайлылығын жеңіл бекітіп тастайды. Бұл бағдарлама сауалнамалар мен тестерді тез жасауды, жіберуді және тексеруді қамтамасыз етеді.Интерактивті тақта SMART board мүмкіндіктен шектелген балалар үшін арналған. Ыңғайлы тірек тақтаны керекті деңгейге көтеруге және түсіруге қойылған, яғни, файл ашу үшін немесе оған жазу үшін қолыңның ұшын тигізсе болғаны. Сонымен бірге, бұл құрылғы балалардың жалпы талқылау барысында өзара өздігінен әрекет етуіне және бірігіп жұмыс жасауына көмектеседі. Балалар қарым-қатынас жасаудан қорқуды қояды. Интерактивті тақта оқушыларға дәстүрлі шектеуліктен тысқа шығуына көмектеседі. Интерактивті тақта бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
Интерактивті тақта SMART екі типті болады: тікелей және кері проекциялы. Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасау үшін арнайы орындықта немесе арнайы қондырғыда орнатылған проекторлар қолданылады. Жақында SMART Techologies Inc компаниясы SMART Board 600 тікелей проекциялы интерактивті тақтаның түрін шығаруда. Жаңа сериялы тақталардың ерекшелігі экранның пішіні көлемді, қазір оның диагоналы 77 немесе (195,6 см.). Жүйені жақсартуға, модернизациялауға арналған қажетті аксессуарларды қосуға арналған қосымша разъемдар жалғанған. Осы аксессуарларға System On-lain құрылғысы жатуы мүмкін. Оны тек қана пернетақтаның бір батырмасын басу арқылы компьютерді, интерактивті тақтаны және проекторды (төбеге орналасқан болса да) іске қосуға болады.
Сонымен қатар SMART Board 600 сериялы проекциясы мультимедиялы ресурстарды кеңінен пайдалануға мол мүмкіндігі бар аудиожүйелермен қамтылған. 15 Ваттколонкаларынтақтағанемесеқабырғағаорнатуғаболады. Интерактивтітақтаныжәнеколонканыкомпьютергеқосуүшінбірғана USB – кабеліқажет. Интерактивтітақтаның 600 сериясыалдыңғыларындағыдайтоққақосужүйелерінсіздежұмысістейалады. Мұнда Bluetooth (USB – 2.0) стандарттытехнологиясықолданылады. SMART Board 600 проекциясыныңжетілдірілгенқондырғысыарнайыфиксаторларменқамтамасызетілген, яғниинтерактивтітақтанықозғалмаймықтыұстаптұруына, құлапқалмауынасептігінтигізеді. Доңғалақтарыныңүлкеюімықтыжәнесенімдіболуғаалыпкеледі. Олардыңкөмегіменинтерактивтітақтаныбірорыннанекіншібірорынғаоңайтасымалдауғаболады. Алтақтаныңбиіктігінөлшеумеханизміншкалалардыңкөмегіменіскеасыруғаболады.
Интерактивті тақтада сенсорлы технология екі түрлі тәсілмен іске асады. Резистивті сенсорлы интерактивті тақта экран бетіндегі арнай белгілерді басу арқылы оның қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да бір бөлшектері не жоғалып, не сынып қалмайды және төзімді келгендіктен, осындай тақталар мектептерде өте қолайлы.
DVIT (Digital Vision Touch) технологиялары кішкентай сандық видеокамералармен қолданылады, оларға қол тигізуді есептейтін және экранның бұрыш-бұрыштарында орналасқан камералары бар. Интерактивті тақтаның биіктігін оқушылардың бойына қарай реттеуге болатындықтан, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Бүгінгі таңда технологиялық және инновациялық оқыту әдіс-тәсілдері бәріне қолайлы. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады. Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде мұғалімдер үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап тақылай алады.
Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді. Материалдарды пайдалануда шығармашылық подходта интерактивтік тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды. Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт кетпейді. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.
Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады. Әрине интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға жағдай кеңінен жасай отырып және оқытушының сабаққа даярлануына, интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауға уақыт қажет.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге толық мүмкіндік бар. Әрине ең алдымен оқытушылар арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды.
Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады.
ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Интернет желілері адамның әр түрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Адам үйде отырып-ақ, кәсіпкерлікпен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туады.
Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту.
