Сабақтың тақырыбы: Қан топтары және қан құю
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Бес- кепе ауылы
№69 «Бес- кепе » негізгі мектебінің биология пәнінің мұғалімі Шырынбекова Орынкүл
Сабақтың тақырыбы: Қан топтары және қан құю.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қан топтарын сауатты ажырата білу, қан құю жолдарына түсінік беру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Донор мәртебесін насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау, қалыптастыру.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық,облыстық қан орталығынан алынған видио материал, кеспе қағаздар, тест, кесте, сәйкестендіру тесті.
