Ғылыми жоба. “Дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу биологиясы, тұқымның өнімділігі”
Авторы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
Қарағайлы кентінің ЖББ №17 орта
мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 6-сынып оқушысы Жолтай Мөлдір
Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі
Карибаева Перизат Сериковна
Пікір
Оқушы өзінің «Дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу биологиясы, тұқымның өнімділігі» атты зерттеу жұмысында көп ізденген, өзіндік зерттеулерін сапалы жүргізген. Ол 1 апта ішінде дәрілік қырмызыгүл тұқымына тәжірибе жасап үйренді, Петри табақшасына тұқымды салып өсіріп, нәтижесін күн сайын бақылап, арнайы күнделік басталып, оқушы оған тұқымның пішінін, көлемін, түсін, салмағын өлшеп, тұқымның энергия алмасуын, тұқымның морфологиясын, өсу динамикасын және өсу биологиясын 6 фаза бойынша бақылап, алынған нәтижелерге сараптама жүргізді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде түрлі сандық, сапалық көрсеткіштер алынғандықтан кестелер мен графиктер құрылып сараланды. Дәрілік қырмызыгүл өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы жасалынып, химиялық құрамы мен интрадукциясы, халықтық терапияда қолданылуы зерттеліп оқушының табиғатқа оның ішінде өсімдіктер әлеміне қызығушылығын арттырды. Бұл жұмыстың нәтижесі арқылы оқушылар өз бетімен үй жағдайында дәрілік қырмызыгүл өсімдігін өсіріп көбейту арқылы әрі сәндік мақсатта бау-бақшада өсіруге, әрі дәрі-дәрмек алуда мол тәжірибе жинақтайды. Өсімдік шикізатын тиімді әрі сапалы пайдаланып үйренуде осы ғылыми жұмыстың маңызы өте зор.
Мектеп директоры: Кенжегалиев С.Р.
Пікір жазған:
Биология пәні мұғалімі: Карибаева П.С.
Пікір
Оқушы өзінің «Дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу биологиясы, тұқымның өнімділігі» атты зерттеу жұмысында көп ізденген, өзіндік зерттеулерін сапалы жүргізген. Ол 1 апта ішінде дәрілік қырмызыгүл тұқымына тәжірибе жасап үйренді, Петри табақшасына тұқымды салып өсіріп, нәтижесін күн сайын бақылап, арнайы күнделік басталып, оқушы оған тұқымның пішінін, көлемін, түсін, салмағын өлшеп, тұқымның энергия алмасуын, тұқымның морфологиясын, өсу динамикасын және өсу биологиясын 6 фаза бойынша бақылап, алынған нәтижелерге сараптама жүргізді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде түрлі сандық, сапалық көрсеткіштер алынғандықтан кестелер мен графиктер құрылып сараланды. Дәрілік қырмызыгүл өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы жасалынып, химиялық құрамы мен интрадукциясы, халықтық терапияда қолданылуы зерттеліп оқушының табиғатқа оның ішінде өсімдіктер әлеміне қызығушылығын арттырды. Бұл жұмыстың нәтижесі арқылы оқушылар өз бетімен үй жағдайында дәрілік қырмызыгүл өсімдігін өсіріп көбейту арқылы әрі сәндік мақсатта бау-бақшада өсіруге, әрі дәрі-дәрмек алуда мол тәжірибе жинақтайды. Өсімдік шикізатын тиімді әрі сапалы пайдаланып үйренуде осы ғылыми жұмыстың маңызы өте зор
Пікір жазған:
Биология пәні мұғалімі: Карибаева П.С.
Аннотация
Қазіргі кезде республикамызда халық шаруашылығының дамуына байланысты шикізат көзі ретінде көпшілік дәрі-дәрмектік т.б. әр түрлі өңдіріс саласында қолданылатын пайдалы өсімдіктерге сұраныс күннен күнге арта түсуде. Осыған байланысты ботаниктердің, фитохимиктердің, фармакологтардың алдына қойған ең өзекті мәселелерінің бірі – табиғатта кездесетін пайдалы өсімдіктердің таралуын, кездесу жолдарын, құрамын, қорын, қолданылуын т.б. жан-жақты зерттеп, медицинада, тамақ шаруашылығында, басқа да өндіріс саласында тиімді пайдалану.
Халық санының өсуіне байланысты жабайы өсетін кейбір пайдалы өсімдіктерді ысырапсыз қолданудан олардың қоры күннен-күнге азаюда, нәтижесінде жекелеген түрлер ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер бірлестігінің өзі мүлдем жойылып кету қаупінде тұр.
Өсімдіктер әлемінің әртүрлілігін сақтауда, Қазақстанның әртүрлі географиялық аймақтарында кездесетін жекелеген аудандардың өсімдіктер бірлестігіндегі пайдалы өсімдіктерді зерттеудің практикалық маңызы ерекше. Осындай жұмыстардың қатарына әрі пайдалы, әрі дәрілік қырмызыгүл (колендула) өсімдігі зерттеу жұмысы жатады.
Бұл зерттеу жұмысында Дәрілік қырмызыгүл тұқымына тәжірибе жасалып, тұқымның өсу биологиясы мен тұқымның өнімділігі жан-жақты зерттелген. Дәрілік қырмызыгүл өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы жасалынып, химиялық құрамы мен интрадукциясы, халықтық терапияда қолданылуы зерттеліп оқушының табиғатқа оның ішінде өсімдіктер әлеміне қызығушылығын арттырды.
Зерттеудің өзектілігі:
Өсімдіктер әлемінің әртүрлілігін сақтауда, Қазақстанның әртүрлі географиялық аймақтарында кездесетін жекелеген аудандардың өсімдіктер бірлестігіндегі пайдалы өсімдіктерді зерттеудің практикалық маңызы ерекше. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, медицинаның қарқынды дамуына байланысты, еліміздің табиғи фитоценоздарындағы өсімдіктерді жан-жақты зерттеу, яғни жабайы пайдалы өсімдіктерді іздестіру, олардың жаңа түрлерін табу, тұқымын өсіру арқылы өсу биологиясын анықтау ботаникалық ғылыми зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу биологиясын және тұқымның өнімділігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Дәрілік қырмызыгүл өсімдігінің әртүрлі пішіндегі тұқымдары болып табылады.
Зерттеу әдістері: Дәрілік қырмызыгүл тұқымының морфологиялық көрсеткіштерін алу үшін біз лабораториялық жағдайда бинокулярлы микроскоп МБС-1, Овчарованың нұсқауымен 80 реттік үлкейткішпен және абсолютті салмағын А.А.Лишук әдісімен зерттедік.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды бөлім
I. Кіріспе
Дәрілік қырмызыгүлдің ботаникалық сипаттамасы.
1.1. Дәрілік қырмызыгүлдің систематикасы.
Бөлім: Magnoliophyta – Жабықтұқымды
Класс: Magnoliopsida – Қосжарнақты
Қатар: Asterales – Астрагүлді
Тұқымдасы: Asteraceae – Астра тұқымдасы
Туысы: Caléndula – Қырмызыгүл
Түрі: Caléndula officinális – Дәрілік қырмызыгүл.
Сурет № 1 Гүлдеу кезіндегі қырмызыгүл
Дәрілік қырмызыгүл (лат. Calеndulaofficinаlis) — бір жылдық сарғыш түсті гүлдері бар шөптектес өсімдік, Астра (Asteraceae) тұқымдасына жатады. Гүлшоғыры – ірілеу келген көпгүлді диаметрі 5 см дейін жететін себет, жиектерінде 1-2 қатар болып орналасқан ұзарған жапырақшалары бар. Сыртқы гүлдері (тіл тәрізді), ал ішкі гүлдері түтік тәрізді. Тіл тәрізді гүлдері – сарғыш, сарғыш-қызыл түсті беткі жағы жылтыр. Түтік тәрізді гүлдері – ұсақ, сары, қою-қоңыр түсті. Гүлдеу мерзімі – шілде-қараша айлары. Біржылдық тік сабақты биіктігі 20-75 см дейін жететін дәрілік өсімдік. Сабағы жуандау, ақшыл-жасыл түсті, жабысқақ төмен түсіп тұратын түктері бар. Жапырағы- ұзарған сопақша келген жартылай отырыңқы, кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті жай жапырақ. Жиектері бір қатарлы. Жемісі – әртүрлі пішінді және түрлі үлкендіктегі тұқымдар. Қырмывзыгүлдің сабағы, жапырағы, гүлдері де жағымды хош иіс бөледі.
Көбеюі – тек ең төменгі температура – 4-60С ал қалыпты температура 20-250С тұқымдары арқылы. Дәрілік өсімдік болғандықтан арнайы өндірістік орындарда өсіріледі. Жарықсүйгіш, суыққа төзімді (-50С аязға шыдамды келетін) өсімдік. Қырмызыгүлді ерте көктемде отырғызады. Өскіндері тек 10-15 күннен кейін шыға бастайды. Бутон беру дәуірі 35-40 күнде, жаппай гүлдеуі тек 65-75 күн өткен соң. Тұқымның техникалық пісіп жетілуі егілгеннен соң 100-200 күндей уақыт өткенде. 1000 тұқымның салмағы – 7-15 г.
Сурет № 2. Дәрілік қырмызыгүл.
Сурет № 3.Дәрілік қырмызыгүлдің жалпы көрінісі.
1.2. Химиялық құрамы.
Дәрілік қырмызыгүлдің жерасты мүшесінде иілік заттар, фитонцидтер, тұқымында – майлар және алколойдтар, гүлінде – эфир майлары, каротинойдтар (α мен β каротинойдтары, ликопин, лютеин, виолаксантин және т.б.), флаванойдтар, сапониндер, сависиль қышқылы, шайыр, органикалық қышқылдар, алколойдтар. Гүлшоғырында – 3%-ға жуық каротинойдтар, цитраксантин, ликопин, киалоксантин, рубиксантин, флавохром т.б., эфир майлары – 0,01%, қышқылдар: алма қышқылы, пентадецил және салицил –
6-8%, сөлдер – 4% -ға дейін, шайыр – 3,4%, иілік заттар – 6,1%.
1.3. Қолданылуы.
Дәрілік қырмызыгүл 12-20 түрге жіктеледі.
Дәрілік қырмызыгүлден дайындалған препараттарды орталық жүйке жүйесіне, түрлі жарақаттарды емдеу үшін, бактерияларды, салқын тиген жағдайда, ангина, ішек-қарын жолдарын емдеуде, бауыр қызметін жақсартуда, ал маздары – жарақаттарды дезинфекция жасауда, түрлі дәрежедегі күйіктерді емдеуде қолданады. Мысалы, «Калефлон» препараты язваға қарсы препарат болып табылады. Сонымен қоса қырмызыгүлді ароматизатор, яғни түрлі тағамдарға, салаттарға, кептірілген тағамдарға дәмдеуіш ретінде майлардың және түрлі сұйықтықтардың бояуы есебінде де қолданылады. Халықтық фитотерапияда тамыр тұнбасын тіс ауруларында, іш өтуге, асқазан ауруларына, зәр шығару органдарының ауруларына.
1.4. Интрадукциясы.
Жабай түрде қырмызыгүл Оңтүстік Америкада, Жерорта теңізінде, Қиыр Шығыста таралған. Ал Украйнада арнайы маманданған савхоздарда, зерттеу станцияларында және сәндік мақсатта дәрілік түрлері өседі. Селекционерлер қырмызыгүлдің көптеген түрлерін анықтаған. Қырмызыгүлдің сорттары көп және өте адемі гүлшоғыры болуына байланысты гүлзарларда көптеп өсіріледі. Сарғыш алтын түсті және ақ гүлдері бар түрлері де кездеседі. Қырмызыгүлдің отаны – Оңтүстік Европа. Ал Рессей, Қазақстан және басқа да мамлекеттерде бұл өсімдік сәндік мақсатта өсіріліп келеді. 20-дан аса түрі бар. Жерорта теңізінде, Иранның шығысында, Орталық Европада, Рессейде – 4 түрі белгілі. Осы аталған аймақтарда қырмызыгүл теңіз жағалауларында, бұталардың, шатқалдардың арасында, кейбір түрлері мысалы, дала қырмызыгүлі далалық жағдайда яғни жабайы түрде өседі. Ал бертін келе қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ашыла бастаған соң оны арнайы өндірістік орындарда,белгіленген жеке жерлерде дәрілік мақсатта өсіріле бастады.
II Негізгі бөлім
Біз 1 апта ішінде дәрілік қырмызыгүл тұқымына тәжірибе жасап үйрендік. Ол үшін тұқымның пішінін, көлемін, түсін, салмағын өлшедік. Тұқымның энергия алмасуын, тұқымның морфологиясын, өсу динамикасын және өсу биологиясын
6 фаза бойынша бақылап, алынған нәтижелерге сараптама жүргіздік.
2.1. Зерттеу нысаны және әдістері.
Біз практиканың алғашқы күні зерттеу нысаны мен әдістерімен таныстық. Зерттеу объектісі – дәрілік қырмызыгүл. Объектті зерттеу үшін біз тұқымның энергия алмасуын, тұқымның морфологиясын, өсу динамикасын, тұқымның өнімділігі және өсу биологиясын қарастырдық. Тұқымның өнімділігі – егілген тұқымдардың өнімділігін, оның биологиялық және шаруашылық құндылығын білдіретін ең негізгі көрсеткіш. Тұқымның өнімділігіне тұқымның өсу динамикасы яғни белгілі бір уақыт ішінде қарқынды шыққан сандық көрсеткіштері жатады. Тұқымның өнімділігінің пайыздық көрсеткіштері шыққан тұқымдардың жалпы санына байланысты белгіленеді. Зерттеуге алынған тұқымның өсу динамикасы мен өну қарқындылығы мынадай әдістерді қолдану арқылы жүзеге асты. Олар: Зорина, Кабанов, Фирсова, Оваров әдістері.
Дәрілік қырмызыгүл тұқымының морфологиялық көрсеткіштерін алу үшін біз лабораториялық жағдайда бинокулярлы микроскоп МБС-1, Овчарованың нұсқауымен 80 реттік үлкейткішпен және (1000 тұқымның) абсолютті салмағын А.А.Лишук әдісімен зерттедік.
Зерттеу объектісі тұқымды Петри табақшасында өсіру үшін сұрыпталған және саналған қырмызыгүл өсімдігінің 4 реттік қайталама бойынша 15 тұқымнан алынды. Тұқымды Петри табақшасына отырғызбастан бұрын табақшаны спиртпен өңдеп алдық. Тұқымдарды 2 қабатталған сорғыш қағаздың үстіне ретпен жайлап орналастырамыз да, тамшылатып дистильденген сумен суарамыз. Лабораториялық жағдайда тұқымдарды бөлме температурасы 18-250С өсіреміз.
Қырмызыгүл тұқымының өсу динамикасын анықтауда тұқымдарды арнайы жарық жақсы түсетін және мүлдем түспейтін орында өсіріп бақыладық. Өскен өскіндерді тұқымның алғашқы күндерінен бастап бақылап, тұқымның өсу фазаларын және өсу қарқындылығын белгілеп, тірі объектілердің суретін салдық.
Алынған статистикалық мәліметтер мен эксперименттерді Зайцева мен Удольская әдістерімен мынадай формула бойынша есептедік:
2.2 Дәрілік қырмызыгүл тұқымының морфологиялық көрсеткіштері.
Қырмызыгүл тұқымын зерттеу кезінде мынадай морфологиялық көрсеткіштерді байқадық. Олар: тұқымның түсі, пішіні, ұзындығы , абсолюттік салмағы.
Кесте № 1
| Белгілері | Дәрілік қырмызыгүл |
| 1. Тұқымның түсі | Сарғылт-қоңыр түсті. |
| 2. Тұқымның пішіні | Жарты ай тәрізді. Кейбір түрлері сақина тәрізді болып келген. Сыртқы бетінде арқа жағында айдар тәрізді өсінділері бар. |
| 3. Тұқымның ұзындығы | 5-8 мм |
| 4. Тұқымның ені | 3мм |
| 5. Абсолюттік салмағы | 1000 тұқымға 10-14 грамм. |
2.3. Дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу биолдогиясы.
Қырмызыгүл тұқымының өсу биологиясын анықтауда негізгі 6 фазаны бөліп қарастырдық. Оларға төмендегі фазаларды жатқызамыз:
- тұқымның сіңірілуі;
- алғашқы өскіннің пайда болуы;
- гипокотилдің пайда болуы;
-
жалған жапырақтың пайда болуы;
-
жалған жапырақтың пайда болуы, гипокотильдің ұзаруы;
-
алғашқы нағыз жапырақтың пайда болуы.
Сурет № 4. Дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу биологиясы.
1- тұқымның сыртқы құрылысы;
2- тұқым жарнағының пайда болуы;
3- жалған жапырақтың пайда болуы;
4 – жалған жапырақтың ашыла бастауы;
5 – жалған жапырақтың толығымен ашылуы;
6 – нағыз жапырақтың шығуы.
Тұқымның сіңірілуі қырмызыгүл тұқымын салғаннан кейінгі 2 тәулік ішінде байқалады.
Суға қаныққан тұқымның мөлшері 2 есе ұлғайып түсі ақшыл-қоңыр түске бойялғанын байқадық.
Тұқымның ашылуы 3-4 тәулікте байқадық. Алғашқы тамыр сабағының бастамасының пайда болуы 5 тәулікте болды, ұзындығы 1,8 мм, ал ені 0,5 мм.
6-7 тәулікте гипокотильдің пайда болуы ұзындығы 0,4 мм, ені 0,1 мм.
8-ші тәулік жалған жапырақ ашыла бастады,ұзындығы 0,5 мм ені 0,3 мм болды.
Жалған жапырағының түсі ашық-жасыл түс болып келеді. Ал,10-12 күндері қырмызыгүлдың нағыз жапырағы шыға бастады. Жапырағының түсі қою жасыл, бүтін жапырақты ұзарған немесе сопақша тәрізді болып келеді. Жапырағында сирек қатты түктері бар.
Сонымен қорыта келе, 1 апталық зерттеу кезінде қырмызыгүл тұқымының өсу динамикасын анықтауда негізгі 6 фазаны қарастырдық. Яғни, тұқымның ісіңуінен бастап алғашқы жалған жапырақтардың пайда болуына дейінгі фазалар. Сонымен қатар, қырмызыгүл тұқымының өте жақсы өнімділігі мен өсу динамикасы өскен өскіндердің өміршеңдігімен, қарқынды түрде өсуімен сипатталды.
2.4 Зерттеу объектісі дәрілік қырмызыгүл тұқымының өнімділігі.
Бақылаудың келесі кекзеңінде біз дәрілік қырмызыгүл тұқымының өсу және өну қарқындылығын бақыладық. Эксперимент барысында біз осы аталған өсімдіктің тұқымдарына жүргізілген зерттеулерден алынған нәтижелерге статистикалық талдау жасадық. жасадық. Алынған мәліметтер бойынша статистикалық өңдеу Зайцев, Удольская әдісіне сүйене отырып жасалды. Бақылау жарық және қараңғы фазасында жүргізілді.
Нәтижелер төмендегі кестеде көрсетілген.
Қырмызыгүл тұқымының өсу және өну қарқындылығы.
Кесте № 2 Жарық фазасындағы көрсеткіштері.
| Жарық фазасы | |||||||
| Қайталау | Тұқым саны | 20.06 | 21.06 | 22.06 | 23.06 | 24.06 | 25.06 |
| 1 | 10 | 1 | 2 | 6 | 8 | 9 | 10 |
| 2 | 10 | 1 | 4 | 5 | 8 | 8 | 9 |
| 3 | 10 | 1 | 3 | 3 | 4 | 5 | 7 |
| 4 | 10 | 1 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| M | 1 | 3,25 | 5 | 6,75 | 7,5 | 8,75 | |
| m | 0 | 0,48 | 0,5 | 0,94 | 0,86 | 0,52 | |
| Қараңғы фазасы | |||||||
| Қайталау | Тұқым саны | 20.06 | 21.06 | 22.06 | 23.06 | 24.06 | 25.06 |
| 1 | 10 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 7 |
| 2 | 10 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 8 |
| 3 | 10 | 1 | 2 | 3 | 3 | 4 | 6 |
| 4 | 10 | 1 | 2 | 3 | 4 | 6 | 7 |
| M | 1,25 | 2,25 | 3,25 | 4 | 5,25 | 7 | |
| m | 0,21 | 0,25 | 0,25 | 0,4 | 0,47 | 0,4 | |
Қырмызыгүл тұқымыныңөну қарқындылығына әсер ететін фактор ол –жарық. Әр түрлі өсімдіктің тұқымдарының өну қарқындылығы да әркелкі болады. Мысалы, кейбір өсімдіктерге жарық өте қажет болып табылса, кейбір өсімдік тұқымдары мүлдем жарықсыз ортада яғни қараңғыда өсе береді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей жарық және қараңғы фазадағы өсімдіктердің өну қарқындылығы түрліше болды. Осыған қарамастан, температура өзгеріссіз қалды. (Бөлме температурасы 23-250С). Зерттеуге дәрілік қырмызыгүлдің тұқымдары алынды. Физикалық факторлардың тұқымның морфометрикалық көрсеткіштері жарықтың түсуіне байланысты өзгеретіндігін көрсетті. Төмендегі кестеде алынған көрсеткіштер берілген.
Қырмызыгүл тұқымының қараңғы және жарық фазада өсуін және өну қарқындылығын анықтауда жарық фазасында өскен тұқымның орташа саны 9 немесе 87,5%, ал қараңғы фазада өскен тұқымның орташа саны 7 немесе 70%. Бақылау нәтижесінде қырмызыгүл тұқымының өну қарқындылығы жарық фазасында жоғары екендігі және далалық жағдайда өсіруге қолайлы екенін байқадық.
Кесте № 4. Дәрілік қырмызыгүлдің морфометрикалық көрсеткіштері.
| Көрсеткіштер | Жарық фазасы | Қараңғы фазасы |
| Өскіннің биіктігі, см | 7±1.5 | 5±1 |
| Тамыр жүйесінің ұзындығы, см | 3±2 | 2±2 |
| Гипокотилдің ұзындығы, мм | 6 ±2 | 8±1.3 |
| Жалған жапырақтардың ұзындығы, мм | 2±0.5 | 1.5±0.6 |
| Жалған жапырақтың ені, мм | 1.5±0.3 | 1±0.2 |
| Нағыз жапырақтың ұзындығы мм | 2± 1.8 | – |
| Нағыз жапырақтың ені, мм | 1±0.4 | – |
| Тұқымның өнімділігі, % | 87, 5± 2 | 70 |
| Өну қарқындылығы, % | 64 | 37±1 |
Осындай көрсеткіштермен зерттеу нәтижелері мынадай қорытындыны берді, дәрілік қырмызыгүлдің тұқымы жарықта жақсы, қарқынды өсетіндігін, ал қараңғыда нашар өсетіндігін байқадық. Сонымен қатар жарықта өскен өскіндердің гипокотилі жақсы жетілген, жалған жапырақтарының түсі ақшыл жасыл болып келген, себебі жарықта фотосинтез процесі қарқынды жүреді. Ал, қараңғы жерде өскен өскіндердің жіңішке ұзарған гипокотилі мен сары түсті жалған жапырақтарын көрдік. Тұқымның өнуіне жарық жеткіліксіз болғандықтан гипокотилі жарықты іздеп ұзарған. Демек, бұдан шығатын қорытынды қараңғыда тұқымның өнуі нашар жүреді.
Дәрілік өсімдіктердің зерттелу тарихы
Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдарының А.А.Феодоров, Н.В.Павлов, И.О.Байтулин, М.К.Кукенов т.б. көзқарастары олардың еңбектерінде, ботаникалық қортану ғылымының алдында тұрған басты міндет өсімдік қорларын жан-жақты зерттеп, оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру және өндіріске (фармацевтикалық, тағамдық, ауылшаруашылық т.б.) ендіруге жұртшылықтың назарын аударудың әлі де ерекше маңыздылығын айқындайды.
Ғылыми медицинаны дәрілік жаңа фитопрепараттармен толықтыру үшін халық арасында пайдаланатын өсімдіктерді ысырапсыз жинап (сатуға, емделу үшін) олардың құруына жол береді. Өсімдіктерді қорғау және оларды орынды пайдалану жұмыстары жүргізілмейді, өкінішке орай шипалы көптеген өсімдіктер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген [1]. «Қызыл кітапта» көрсетілген сирек кездесетін және ерекше қорғауды қажет ететін түтікті өсімдіктердің 444 түрінің 103-і шектеусіз жинаудан «зардап шеккен», оның 34-нің шикізаты үзіліссіз дайындалатын өсімдіктер болып табылады [2].
Этноботаникалық зерттеулер халық арасында пайдаланатын өсімдік түрлерін анықтап қана қоймай, оларды бір жүйеге келтіріп, қорғауды насихаттайды, яғни зерттеу жұмыстары өсімдіктерді тиімді пайдалану және қорғау мәселесімен ұштастырыла жүргізіледі.
Қазақстанда отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің өркендеуі кезеңіне «Республиканың медицина мекемелерін және халқын отандық дәрі-дәрмектік препараттармен қамтамасыз ету үшін фитопрепараттар әзірлеу және өнеркәсіпке енгізу» мақсатындағы бағдарлама барысында құнды өсімдіктерді ресурстық, фитохимиялық тұрғыдан зерттеу өте өзекті мәселе болып табылады. Практика қажеттіліктері үшін табиғи пайдалы өсімдік қорларын жан-жақты зерттеу, тиімді пайдалану жолдарының ғылыми негізін әзірлеу және оны іске асыру ботаникалық қортанудың негізгі міндеттері және мақсаты болып қалады [3,4].
Қазақстан флорасының табиғи дәрілік өсімдіктерге бай екендігін айқындайтын бірқатар ғылыми еңбектер мен кітаптар жарық көрді: К.Д.Доброхотова, В.Л.Чудинов, К.У.Ушбаев, И.И.Құрамысова, В.Ф. Аксенова «Целебные травы», К.Д.Доброхотова, А.А.Писарев, С.И.Цицина , Г.С.Синицин, Н.Г.Татимова, И.И.Қурамысова, В.Ф. Аксенова.
Республикамыздың «Қызыл кітабына» енгізілмеген, дәрілік қасиеті ресми мақұлданбаған дәрілік өсімдіктер саны қаншама. Мысалы, елімізде кездесетін ресми фармокопеялық тізімдегі 50-ге жуық дәрілік өсімдіктердің 22 түрі ғана «Қызыл кітапқа» енгізілген [5].
Қазіргі таңда, халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, медицинаның қарқынды дамуына байланысты, еліміздің табиғи фитоценоздарындағы өсімдіктерді жан-жақты зерттеу, яғни жабайы пайдалы өсімдіктерді іздестіру, олардың жаңа түрлерін зерттелмеген аудандардан табу ботаникалық ғылыми зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. [6].
Орталық Қазақстанның флорасын алғаш рет терең зерттеген ғалым Н.В.Павлов (1928-1938) [7]. Орталық Қазақстанда 1700-ге тарта жоғарғы сатыдағы өсімдіктер кездеседі.
Орталық Қазақстанның өсімдіктер жамылғысын анықтау мақсатында аса кең көлемде зерттеу жұмыстары Қарқаралы ауданында жүргізілген. Қарқаралы ауданының өсімдік әлемі туралы алғашқы аймақтану сипатындағы зерттеулер ХVІ ғасырға [8] жататын, А.А.Бунге, К.А.Мейердің еңбектерінде, сол сияқты Орталық Қазақстанға саяхат жасаған И.П.Шангиннің [9] зерттеулерінде байқалады. Олар Қарқаралы ауданының территориясында (Қарқаралы және Кент тауларында) сібірлік бөріқарақаттың, айдаршөптің, тікенекті бадананың кездескендігін айтады.
Қарқаралы ауданының флорасын зерттеуде Омбы ауылшаруашылық институтының ұстазы В.Ф.Семенов үлкен үлес қосқан [10].
Көп жылдық дала зерттеулерінің, сонымен қатар Қарағанды ботаникалық бағының, Ботаника және фитоинтродукция институтының (Алматы қ.), Алтай ботаникалық бағының (Риддер қ.), РҒА БҒИ (Санкт-Петербург қ.) гербарлық материалдарының талдауының нәтижесінде және А.Н.Куприянов, В.Г.Михайловтардың зерттеулері бойынша Қарқаралы ауданы территориясының таулы өсімдіктерінің тізімі дайындалды [11].
Ботаникалық зерттеулердің дамуының ерекше кезеңі деп ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының ортасы мен 60-шы жылдарының аяғын санауға болады.
Н.В.Павловтан кейін Орталық Қазақстанның флорасын терең зерттеген ғалымдар В.М. Карамышева, Е.И. Рачковская. Олардың мәліметтері бойынша Орталық Қазақстан флорасында 1453 түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктер бар, оның 870 түрі көп жылдық шөптектес өсімдіктер. Олардың ішінде: 100 түрі мал азықтық, 138 түрі дәрілік, 150-ден астамы әсемдік өсімдіктер болып табылады [12].
А.И.Ахметжанова, Бабкова.А.П, Петрова. Н.Н. “Ресурсы лекарственных растений Каркаралинского горно-лесного массива” атты еңбектерінде Қарқаралы таулы өңірінде 50 туысқа, 30 тұқымдасқа, 84 түрге жататын, олардың ішінде 25 түрлі дәрілік өсімдіктердің ғылыми медицинада қолданылуы, олардың таралуы, қоры туралы айтылған [13].
Сол сияқты А.И.Ахметжанова, Л.В.Ахтаева, А.Ж.Баедилованың “Запасы и распространения основных лекарственных эфирномасличных растении Карагандинской области” атты ғылыми зерттеу жұмысында кейбір әрі дәрілік, әрі эфирмайлы өсімдіктердің Қарағанды облысы бойынша қоры және таралуы туралы жазылған [14].
Сонымен қатар, А.И.Ахметжанова және т.б. ғалымдардың халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктері туралы да көптеген еңбектері бар [15]
III Қорытынды бөлім
Сонымен қорыта келе, 1 апталық зерттеу кезінде қырмызыгүл тұқымының өсу динамикасын анықтауда негізгі 6 фазаны қарастырдық. Яғни, тұқымның ісіңуінен бастап алғашқы жалған жапырақтардың пайда болуына дейінгі фазалар. Сонымен қатар, қырмызыгүл тұқымының өте жақсы өнімділігі мен өсу динамикасы өскен өскіндердің өміршеңдігімен, қарқынды түрде өсуімен сипатталды.
Физикалық факторлардың тұқымның морфометрикалық көрсеткіштері жарықтың түсуіне байланысты өзгеретіндігін көрсетті. Жоғарыдағы кестеде алынған көрсеткіштер берілген.
Қырмызыгүл тұқымының қараңғы және жарық фазада өсуін және өну қарқындылығын анықтауда жарық фазасында өскен тұқымның орташа саны 9 немесе 87,5%, ал қараңғы фазада өскен тұқымның орташа саны 7 немесе 70%. Бақылау нәтижесінде қырмызыгүл тұқымының өну қарқындылығы жарық фазасында жоғары екендігі және далалық жағдайда өсіруге қолайлы екенін байқадық. Осындай көрсеткіштермен зерттеу нәтижелері мынадай қорытындыны берді, дәрілік қырмызыгүлдің тұқымы жарықта жақсы, қарқынды өсетіндігін, ал қараңғыда нашар өсетіндігін байқадық. Сонымен қатар жарықта өскен өскіндердің гипокотилі жақсы жетілген, жалған жапырақтарының түсі ақшыл жасыл болып келген, себебі жарықта фотосинтез процесі қарқынды жүреді. Ал, қараңғы жерде өскен өскіндердің жіңішке ұзарған гипокотилі мен сары түсті жалған жапырақтарын көрдік. Тұқымның өнуіне жарық жеткіліксіз болғандықтан гипокотилі жарықты іздеп ұзарған. Демек, бұдан шығатын қорытынды қараңғыда тұқымның өнуі нашар жүреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. – Алматы, 1999. –С.160
2. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. – Алматы,1994. – С.168
3. Список официально признанных лекарственных растений // Руководство по работе с лекарственными растениями.- Алматы, 1999. – С.95-133
4. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолдалынуы. – Алматы, 1998.-С.288
5. Правила сбор и сушки лекарственных растений. (Сборник инструкции). – Москва, 1985. – С. 18
6. Павлов Н.В. Очерк истории ботанических исследований Центрального Казахстана // Флора Казахстана. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1938. – Т. 3.
– С. 398-423
7. Павлов Н.В. Флора Центрального Казахстана. – Т. 1-3. – М.: Алма-Ата, 1928-1938.- С.255-258
8. Флора Казахстана. Т. 9. – Алма-Ата: Наука, 1966.- С.425
9. Семенов В.Ф. Список и таблицы распространения дикорастущих сосудистых растений в пределах бывшей Акмолинской области // Труды Сибирского ин-та сельского х-ва и лесоводства. – Омск, 1928. – Т. 28. – Вып. 14. – С. 391-462
10.Куприянов А.Н. Новые виды полыни Artemisia (subgen. Artemisia, Asteraceae) из Центрального Казахстана // Ботанический журнал. – 1995. – Т. 80. – № 2.
– С. 83-84
11. Красная книга СССР: Редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды животных и растений. – М.: Наука, 1984. – Т.2. – С.478
12. Карамышева З.В., Рачковская Е.И. Ботаническая география степной части Центрального Казахстана. –л., Наука 1973. – С.24-28
13. А.И.Ахметжанова., Бабкова.А.П., Петрова. Н.Н.Тезисы докладов и сообщений к Всесоюзной научно-практической конференций. Использование местных ресурсов и потенциала кооперации в реализации продовольственной программы. Част 1. Новосибирск – 1989. Ресурсы лекарственных растений Каркаралинского горно-лесного массива. С. 50-53
14. А.И.Ахметжанова., Л.В.Ахтаева., А.Ж.Баедилова. Запасы и распространения основных лекарственных эфирномасличных растении Карагандинской области. В сб.: Охрана генофондов и рациональное использование растительности центрального Казахстана. – Караганда, 1990. – С. 26-33.
15. Ахметжанова А.И. Запасы сырья некоторых видов лекарственных растений Каркаралинского горно-лесного массива // Тезисы докл. Республ. науч.-практ. конф. Актуальные проблемы технологии производства, переработки лекарственного растительного сырья и получения фитопрепаратов. – Боровое, 1993. – С. 19-20.

