Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,Жасай берсі н елдігіміз Мәңгілік!

Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы
№16 ЖОББМ
тарих пәні мұғалімі
Жұмабайқызы Жайдаркүл

Сыныбы: 9 А

Өткізген: Жұмабайқызы Жайдаркүл

Сабақ тақырыбы: Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,Жасай берсін елдігіміз Мәңгілік!

Қамтылатын негізгі бағыттар:

1 қыркүйек – Білім күні; Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жас мемлекет Қазақстан үшін жас өреніміз, ертеңгі елдің тұтқасы бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімінің адам өміріндегі маңызы зор екендігін айту.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөздердің түйінді ойларымен танысу.

2.Білім алушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту.

3. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» мысалында осы заманғы Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тереңдету. Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген, өз ұстанымы бар өз Отанын сүйетін елінің патриоты болып табылатын ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: 1. Мемлекеттік рәміздер;

2. Стенд (слайд) «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр», (Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясынан фотосуреттер);

3. Стенділер (слайдтар).

4.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауынан, «Баршаға бірдей

осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXІІ сессиясында сөйлеген сөздерінен үзінділер: «Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы»; «Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы топтастырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімге бас июшілік; зайырлы ел – толеранттылық елі»; «Қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халық бірлігі»; «… біз үшін қазақстандықтарды рухани тұрғыдан күштірек, біртұтас және тағатты ету маңызды»; «Ассамблея тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы».

5. Қазақстан және Астана туралы өлеңдер, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар және т.б.

6. Н.Ә.Назарбаевтың портреті,

7. Қазақстан Республикасының картасы, слайд, нақыл сөздер т.б

Сабақтың барысы:

Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні сабағымызды : «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөздерімен танысып, сіздермен пікіралысу.

Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық.

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

І. Қызығушылықты ояту. Келесі кезекті сыныбымыздың үздік оқушысы Биртаева Аружанға беріледі.Аружан бүгін бізге «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасымен таныстырады.

Аружан: Бағдарламаны орындау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл үшін 5 салада нақты 100 қадам жасалады. Әуелі мемлекеттік

аппаратты реформалау көзделіп отыр. Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады. Жалақылары болса қызметінің нәтижесіне байланысты өсіріледі. «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылданады. Ізін ала іс басындағы барлық мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтеді. Екінші бағыт, яғни заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін салаға 19 жаңалық енгізіледі. Мәселен, сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылады. Қолданыстағы бес сатылы сот жүйесі 3 сатылы болып өзгереді. Соттарды іріктеу тетіктері жаңарады. Болашақ судьялардың салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы талап етіледі. Жоғары сотта инвестициялық алқа құрылады. Бұл шаралар әділ сот төрелігін қарапайым халыққа да, инвесторлар мен бизнес үшін де қолжетімді етеді. Ең көп жаңалықтар индустрия және экономика салаларының үлесінде. Жиын саны 50 жаңалық осы бағытқа тиесілі. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне беріледі. Әсіресе ауыл шаруашылығындағы. Бұл үшін Жер Кодексіне өзгерістер енгізіледі. Барлық пайдаланылмай жатқан жерлер жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға өтеді. Кейін олар епті қолға беріледі. Бір ғана ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық саланы инновациямен ұштастыруға екпін салынады. Ғылымды коммерцияландыру экономиканың басым секторларында халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру міндеттері да осы бағыттың ішінде. Еліміздің біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін тағы 5 қадам орындалады. Ұлттық құндылықтар ұдайы дәріптеледі. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы жүзеге асырылып, қазақстандықтардың біртектілігін нығайтуға күш салынады. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтары енгізіледі. Бесінші тармақта тағы 10 «қадам» орындалады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі ықшамдалады. «Азаматтар үшін Үкімет» деп аталатын мемлекеттік корпорация құрылады. Сөйтіп халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтар бір жүйеге топтастырылады. Бұл арқылы Транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру жоспарланып отыр.

Рахмет Аружан, олай болса бүгін біз алдымызға үлкен жауапкершілік, үлкен үміт күтетін Қазақстан азаматы ретінде топ- топқа бөлініп « Қазақстан -2050» атты (Оқушылардың алдында А-3 парағы және қаламдар тұрады) постер құрайық. Дайын болған топтар өз постерлерін қорғайды.

Бір-біріне тілектер жазады.

Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше