Қ. Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Атырау қаласы
Ф.Досымова атындағы
№12 орта мектебінің
І санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Оңайбаева Алмагүл
Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов «»Қаздар қайтып барады» әңгімесі (1-сағаты)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесін өздіктерінен оқуға беру. Әңгіменің негізгі түйінін ашу, автордың өмірімен және қазақ тарихымен байланыстыру. Тақырып бойынша өзіндік ой-пікірді қалыптастыру. Туған жерге деген ыстық сезім мен сүйіспеншілікті дамыту.
Сабақтың типі: жаңа материалды өз беттерімен меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ, семинар сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, топтық жұмыс, талдау, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, Тарбағатай тауы, Туған жерге арналған мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, қаздың суреті.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, бүгінгі өмір.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
1) Психологиялық дайындық. Әр топ мүшелері қолдарын алысып, «Біз әрқашан дос, біргеміз, ажырамас іргеміз!»
2) Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады.
3) Бүгінгі сабақтан не күтеміз?
· Әңгіменің толық мазмұнын
· Қызықты әңгіме
· Жаңалық
· Жетістік
Оқушылар өткен сабақта көктемнің нышанын білдіретін қызыл, сары, жасыл гүлдер түсіне қарай топқа бөлініп, топтық тапсырмалар алған еді.
Топтық тапсырмалар:
1-топ. «Байтас қарт туралы әңгіме.
2-топ. Байтас қарттың сапарға шығу оқиғасы.
3-топ. Байтас қарттың туған жерге аман-есен жетуі. (әңгіме мазмұны, портрет, пейзаж, көркем айшықты сөздер, ізденіс тапсырмалары, шығармашылық жұмыстар)
Оқулықта әңгіменің композициясы Байтас қарттың тау ішінде жалғыз сапарға шығуымен басталады. Егер топ әр топ мүшелері оқиғаны ретімен айтса, әңгіме оқиғасы анық, түсінікті болады.
Миға шабуыл. Әңгіме мазмұны толық ашылғаннан кейін тақырыбы мен идеясын ашу үшін ой қозғау сұпақтары қойылады және басты кейіпкердің іс-әрекеті жинақталып, мінездеме беріледі.
Пысықтау сұрақтары:
1. Байтас қарт қайдан шығып, қайда бара жатыр?
2. Оның осындай қартайған шағында тау өтіп, ұзақ сапарға шығуының себебі неде?
3. Автор, Байтас қарт, Қаз араларында байланыс бар ма?
Концептуалдық кесте.
| Шығарманың аты | авторы | кейіпкері | Іс-әрекеті | Адами қасиеттері |
Түйін сөз. Қорытынды. Мұғалімнің сөзі. Автордың туған жері, тарихи оқиғалар, тау асып кеткен қандастарымыздың тағдыры, қазіргі кездегі оралмандар туралы мағлұмат беру.
«Қаздар қайтып барады» -«Қазақтар қайтып барады туған жерге» бүгінгі сабақтың тақырыбын солай деп айтамыз. Бұл –біздің жаңалығымыз. Бұл келесі сабақта үйден орындап келетін шығармашылық жұмысымыз болады. Инсерт әдісі. Шығармашылық, ізденіс тапсырмалар орындап келеді.
Біз, балалар, сабақтан не күтіп едік, есімізге түсірейік.
Мақсатымызға жеттік пе? Ендеше, Жарайсыңдар, сіздер бүгін жақсы бағаға лайықсыздар! Топ мүшелеріне бағалау парағы таратылады.
| № | Оқушын аты-жөні | Өзін бағалау | Топ басшысының бағалауы | Мұғалімнің бағалауы |
Сергіту сәті.
Толғаныс. «Атамекен» өлеңін хормен айту.
