«Қазақконцерт» әртістері мен Құрманғазы оркестрінің бірлескен концерті өтеді

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бірге шырқайық» концерті өтеді. Кеште Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері мен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі бір сахнада бас қосады.

