БАСПАСӨЗ БАЯНДАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 11:00-де музей қоры негізінде «ДӘУІРЛЕР ҮНІ: ҚАЗАҚ БАС КИІМДЕРІ» атты көрме ашылады.

Көрменің негізгі мақсаты – қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен рухани дүниетанымында ерекше орын алатын дәстүрлі баскиімдердің мәдени-тарихи маңызын кеңінен таныстыру. Экспозиция арқылы келушілер ұлттық киім мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын сәукеле, кимешек, тақия, бөрік, тымақ, қалпақ және өзге де баскиім түрлерінің шығу тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен және көркемдік-эстетикалық сипаттарымен таныса алады.

Көрмеде қазақ шеберлерінің жоғары талғамы мен қолөнердегі озық дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің байлығы мен рухани құндылықтары айқын көрініс табады. Сонымен қатар, көрме мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.

Экспозицияға Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорынан 40-тан астам экспонатар қойылады. Олардың қатарында бұрын көпшілік назарына сирек ұсынылған қазақтың дәстүрлі бас киімдерінің құнды үлгілері – күләпара, далбағай, аққалпақ және басқа да тарихи бас киімдер бар. Сонымен бірге қазақ жауынгерлерінің әскери мәдениетін айшықтайтын дулығалар мен қару-жарақ үлгілері де көрермен назарына ұсынылады.

Көрмеде халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылған басқада бұйымдар таныстырылып, олардың қызметі мен дәстүрліортадағы маңызы жан-жақты көрсетіледі.

Көрме келушілерге қазақ халқының ұлттық киім мәдениетін тереңірек танып-білуге және ата-баба мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме 2026 жылғы 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтетін күні: 2026 жылдың 26 маусым
Өтетін уақыты: 11:00 (салтанатты ашылуы)
Өтетін орны: ҚР Ұлттық орталық музейі.
Алматы қаласы, Самал 1 – 44
Байланыс тел.: 2 64 22 00, 2 64 49 11

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше